Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен



Pdf көрінісі
бет65/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен 
тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2019-2020 
оқу жылында аталып ӛтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар 
аударуды ұсынамыз: 
2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, 
жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл 
(1889 - 1931); 
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 
жыл 
(1924-1991); 
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, 
жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл 
(1894-
1939); 
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ 
әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл 
(1924); 
15 қараша – қазақтың кӛрнекті жазушысы, драматург Бейімбет 


106 
Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938) 
25 желтоқсан 
– 
халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан 
Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың 
дүниеге келгеніне 80 жыл 
(1939 - 2014); 
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба 
қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор
аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл (1845 -
1904). 
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай 
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және 
мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30 
мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» 
Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы жарық кӛрді. Қаулыда 2020 
жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына 
арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция ӛткізу, Абай 
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым 
және мәдениет мәселелері жӛніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық 
түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру 
жӛнінде тапсырмалар берілген.
5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 
Қазақстан Жазушылар одағының тӛрағасы, КСРО және ҚазКСР Мемлекеттік 
сыйлықтарының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», II дәрежелі «Отан 
соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Жұбан 
Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 - 1988). 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар тӛмендегі шаралар арқылы жүзеге 
асады: 
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде
мұражайларда; 
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 
олимпиадалар жүргізу; 
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу; 
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
білім 
алушылардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, ӛздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет