Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет71/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Креативті тыңдалым. Тыңдалым бойынша жүргізілетін 
жұмыстардың алдын ала мәтіндерді тыңдатудан бастаған жӛн. Тапсырма түрі 
де қарапайым: Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз. Тыңдалымға үйретудің 
нәтижелі болуы мәтіннің дұрыс тыңдалуына да байланысты.Оның кӛлемі 
үйренушінің қабылдауына әсер етеді. 2-3 минуттық материалды І деңгейде 
үйренуші есінде толық сақтай алмауы мүмкін.Тыңдалым дағдысын 
қалыптастыру тілдің табиғи қолданысына, табиғи темпіне негізделуі қажет
ауызекі сӛйлеу тілі стиліндегі мәтіндерді ұсыну; бақылау жұмыстарында 
әртүрлі тестерді ұсыну. Тыңдалым әрекетіне арналған тіл үйренушілердің 


118 
креативті ойлауын дамытатын жаттығулар түрлері: 
1. Дыбыстарды естіп, ажыратуға арналғанжаттығулар
1) [ә] дыбысы бар сӛздерді естігенде қолдарыңыздыкӛтеріңіздер; 
2) дыбысты естіп, әріп түрінде жазыңыз; 
2. Сӛздерді түсінуге арналғанжаттығулар
1) мәтінде аталған жануарлардың суреттерінсалыңыз; 
2) тыңдалған 
мәтіндегі 
кейіпкерлердің 
мамандығын 
анықтаңыз; 
кейіпкерлердің әуестігін атаңыз т.б.
3. Логикалық ойлай білу қабілетін арттыратынжаттығулар
1) бірнеше сӛзді тыңдап, осы сӛздің бәрін бірақ сӛзбентүсіндіріңіз; 
2) диалогті тыңдап, түпнұсқалық қалпынакелтіріңіз; 
3) тыңдалым мәтінінде қате айтылған сӛйлемдерді дұрыс ретімен 
айтыңыз; мәтінде естіген оқиғаны рӛлге бӛлініп ойнапберіңіз. 
4. Жазылым әрекетін дамытужаттығулары
1) мәтінді тыңдап, түсіп қалған сӛздерді жазыңыз; бірқатар сӛздерді 
тыңдап, тек қана мағынасы бір-біріне жақын сӛздердіжазыңыз. 
5. Монологті сӛйлеуді машықтандыратынжаттығулар
1) мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауапберіңіз; 
2) мәтінде кездескен сӛздердің кӛмегімен ӛз досыңыздысипаттаңыз. 
4) Креативті сӛйлесім. Тіл – сӛйлеу құралдарының бүтін жүйесі. 
Сондықтан сӛйлеу құралдарымен сӛйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан- 
жақты игермей тұрып, белгілі бір бӛтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес. 
Сӛйлеу әрекетін дамыту – күнделікті ӛмірде кездесетін жағдайларға 
байланысты адам ӛз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сӛзбен бейнелеудің
сӛйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Тіл үйренушінің 
сӛйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері 
бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған кезде жүзеге 
асырылады. Қазақ тілін ӛзге тілді аудиторияда оқыту барысында креативті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет