Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет70/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері. Оқыту әдістерінсіз алға қойған 
мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс алға қойған мақсат пен нәтижені біріктіретін, 
оқу үдерісінің жүрегі болып табылады. Оқыту үдерісі кезінде есту, айту, оқу 
және жазу секілді сӛйлеу қызметінің білімі, дағдылары мен машықтарын 
дамытуға бағытталған коммуникативтік әдіс қолданылады 


116 
1. 
Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең белсенді 
әдістемелерінің ішінде жетекші орын алады. Коммуникативті әдіс жанды 
ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша 
сӛйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға 
бағытталған. Оқушыны басқа тілде сӛйлесуге үйрету – мұғалімнің басты 
міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сӛз тіркестері 
оқушыға оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін
тигізетін 
шынайы 
эмоционалды 
жағдай 
контексінде 
ұсынылады. 
Коммуникативті әдісте оқушы мен мұғалім арасындағы психологиялық 
тосқауыл жойылады. Білім алушылар ӛздері мен мұғалім арасындағы 
қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, кӛңілді 
болса, оқушыларға ӛзге тілде сӛйлей бастау оңайға түседі. Оқытудағы 
кӛптеген ойын элементтері сабақты жандандырады, оқушылардың 
эмоционалды кӛңіл-күйін сақтап отырады, олардың уәжін күшейтеді. 
«Жұптық», «үштік», «топтық» жұмыстар, тілдік ойындар, рӛлдік ойындар, 
оқушыларға қызық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының 
барлығы мұғалімге оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге, 
сабақтарды шығармашылық және қызықты етуге және де сол мезетте мұғалім 
оқушыға сездіртпей, оқыту үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге 
мүмкіндік береді. 
– Коммуникативті болып табылады, себебі олардың қатынастың 3 
белгісі бар: ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері байланыс. 
– Түрлі әлеуметтік контекстер мен рӛлдерді, қатынастарды түсінуге 
мүмкіндік береді. 
– Жұптық және топтық жұмыстар – жиі қолданылатын әрекет. 
Психологтердің анықтауынша, кез келген адам естігенінің – 10%, кӛргенінің 
50%, істегенінің – 90%-н жадында сақтап қалады екен , сондықтан 
қатысымдық бағыттағы ойындар мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны 
қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді 
әрекет иесі ретінде рӛл атқаруына ынталандырады. Коммуникативтілікке 
бағыттылған ұстаным – тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-
қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға 
бағытталған оқыту болыпсаналады. 
Шетел (АҚШ, Германия, Франция) әдістемесінде тіл оқытуда креативті 
ойлауды дамытудың келесі әдістері кеңінен тараған: креативті жазылым; 
креативті оқылым; креативті тыңдалым; креативті сӛйлесім
Креативті ойлауды дамытудағы оқыту әдістері белгілі дидактикалық 
жүйе түрінде кӛрінеді, бұған сәйкес оқу мақсаты – жүйе құрушы фактор. 
1. Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін 
жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет 
ететін мәселелер бар. Жазылым сӛйлеу әрекеті ӛнімді түрі болып есептеледі. 
Ал креативті жазылым бұл аудиторияның ерекше бір кӛңіл-күйде, 
шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін. Креативті 
жазылымның негізгі мақсаты жазылым әрекеті кезінде оқушының осы 
жазылым әрекетінен қуаныш пен кӛтеріңкі кӛңіл – күйде болуы болып 


117 
табылады. Ӛнімді креативті жазылым тіл үйретудің алғашқы деңгейінде-ақ 
қолданыла бергені дұрыс. Алғашқы кезеңде визуалды тіректің болғаны абзал, 
мысалы: суреттер, фотолар,тұрмыс заттары, аудио тіректер: аудиомәтіндер, 
әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: ӛлеңдер, әңгімелер, 
цитаталар,мақал-мәтелдер. 
Жаттығулар жүйесі: 
1) Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, кӛз алдыңызға не 
елестетесіз, соның бәрін жаза беріңіз
2) Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің музыкасына туған еліңізді 
суреттейтін мәтінжазыңыз;
3) суретке қарап 11 буынды ӛлең шығарыңыз;
4) топтарға бӛлініп, шытырман оқиғаға толы қызықты әңгімелер 
жазыңыз; 
5) керемет бір қызықты жерінде үзілген әңгімені аяқтап, түпнұсқамен 
салыстыруыңыз;
6) бір рӛлге кіріп, рӛл иесін сипаттаңыз;
7) ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз.
2. Креативті оқылым. Оқуды игертудің алғашқы кезеңдерінде білім 
алушылардың меңгерген шектеулі сӛздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі 
түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемалар туралы 
мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден ауырға қарай» 
ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол 
мәтіндер күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Оқылым үдерісін бастапқы 
кезеңінің негізгі міндеті – дауыстап және іштей оқу механизмдерін 
қалыптастыру. Білім алушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын белсенді 
сӛздерді тез қабылдап, дұрыс айта білуге міндетті.. Мәтінді оқу – мәтінді 
аудару емес: 
- мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сӛзді түсіну шарт емес; 
- мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) 
ӛте маңызды орын алады; 
- мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы ӛзіңіз ойлағаннан 
да кӛбірек білуіңіз әбден мүмкін. 
Жарнама мәтіні, газет мақаласы, күнделік мәтіні, ертегі әлде ӛлең 
жолдарыма?
Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, 
кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге кӛмектеседі.
3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет