«Химия» пәні оқу
Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне
айналуы туралы ғылым.
Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың
құрылымын,заттардың ӛзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық
энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға ӛту құбылыстарын
зерттейді.
«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны бес бӛлімді қамтиды:
1) заттардың бӛлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиядағы энергетика;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және ӛмір.
7-сыныпта
жаңартылған
мазмұндағы
бағдарламаға
«Заттардың
агрегаттық күйінің ӛзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің
ӛзгеруін бӛлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет
енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында
себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге
ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген
ақпаратты құруға кӛбірек кӛңіл бӛлу керек, білім алушыларға физика мен
математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе
барысында температураны ӛлшеп және ӛздерінің бақылауларын жинақтап,
тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды ұсынуға болады.
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бӛлімі химия пәні
бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бӛлімде қоректік заттар, адам
ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық
элементтердің тірі және ӛлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро-
макроэлементтердің биологиялық рӛлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі
ұғымдары берілген.
Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған
зертханалық
және
практикалық
жұмыстарды
орындау
қарастырылған:
- «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық
жұмысы;
- «Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе.
Бұл жаңа бӛлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды
шынайыӛмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық
тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім
алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда сондай-ақ
адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп,
салауатты ӛмір салтын ұстануға бағыттауға кӛңіл бӛлу қажет.
157
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан
қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бӛлімі де жаңадан енгізіліп отыр.
Бұл жаңа бӛлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи
ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды
ӛндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды
ӛндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.
Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен
минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және
«География» пәндерікурсынан ӛз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері
бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл ӛндіру негіздері
мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта ӛтіп
жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-ақпатриоттық
сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.
8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық
реакциялардағы энергиямен танысу» бӛліміндетиісінше экзотермиялық және
эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы
мен энергиясын бӛлуі, кинетикалық бӛлшектер теориясы тұрғысынан энергия
ӛзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді.
Жану – ол, жылу мен жарықты қоса бӛле отырып оттегімен жоғары
жылдамдықта ӛтетін реакция.
Жанатын бӛліктің басты ӛнімі кӛміртек, ол кӛп мӛлшерде жылу бӛліп
шығарады. Кейде кӛміртек қосылыстары шала жанған кезде ӛмірге қауіпті улы
газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.
Термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазуға кӛңіл бӛлу маңызды.
Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен
белгілеуге назар аудару қажет, мысалы:
Н
2
(г) + Cl
2
(г) =2HCl (г) +184 кДж
N
2
(г) + О
2
(г) = 2NO(г) -180 кДж
Жаңартылған
мазмұндағы
бағдарламада
практикалықіс-
әрекеттердағдыларын қалыптастыру әлдеқайда кӛп дәрежеде қарастырылған.
Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рӛл атқарады.
8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе
берілген,оның ішінде 3-уі жаңа:
- «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық
тәжірибе;
- «Энергияның ӛзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4
зертханалық тәжірибе;
- «Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе.
«Әрекеттесуші
заттар
массасының
арақатынасы»
зертханалық
тәжірибесінде білім алушылар әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік
жолмен анықтайды.
«Энергияның ӛзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» зертханалық
тәжірибе 2-ші тоқсанда ӛткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар
экзотермиялықреакциялар жылуды бӛле отырып, ал эндотермиялық
158
реакцияларжылуды ӛзіне сіңіре отырып ӛтетінін танып біледі.Тәжірибені
оындаған кезде білім алушылардың қорғаныш кӛзілдірік кигендігін қадағалау
керек.
№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су» бӛлімін
ӛткенде ӛткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды және оны
жою тәсілдерін түсіндіреді.
Жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламасы бойынша
қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда 7-8-сыныптар үшін зертханалық
жұмыстар саны кӛбейді.
58-кесте. «Химия» оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар
Жұмыс түрлері
7-сынып
8-сынып
9-сынып
Демонстрациялар
-
4
16
Зертханалық тәжірибе
11
10
16
Практикалық жұмыстар
4
7
6
Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне
тӛмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:
Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді
жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер.
Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту.
Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және
интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы
ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.
Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру,
ӛзін-ӛзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім
алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру.
Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, ӛзін-ӛзі бағалау,кері
байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді
жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы химия пәнін оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту
және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан
тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту
құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау,
бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу
үшін қолдану
дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып
химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).
Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына кӛшу
жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар
Академияның сайтына орналастырылған.
159
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 59-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
59-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
2
2
2
2
8-сынып
3
3
3
3
9-сынып
3
3
2
3
Достарыңызбен бөлісу: |