Назар аударыңыздар!
7-сыныпқа арналған «География» оқу пәнінің «Физикалық география»
бӛліміне ӛлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған ӛлкенің флорасы мен
фаунасы» және «Менің ӛлкемнің визит карточкасы:ӛлкетанулық деректер
қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде ӛзінің туған ӛлкесіне
тән ӛсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша ұжымдық жұмыстарды,
оларды
қорғау
жӛнінде
іс-шараларды
ұйымдастыру,
ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың кӛмегімен ӛлкенің деректер қорын жасау
ұсынылады.
«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған.
Тӛменде 53-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
53-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
3
2
3
3
8-сынып
3
2
3
2
9-сынып
3
2
3
3
«Биология» оқу пәні
Биологиялық
ғылымдар
тірі
организмдердің
құрылымы
мен
функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен ӛзара қарым-
қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы кӛзқарастар бойынша ӛмір – бұл ірі
органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен
заттармен алмасу нәтижесінде ӛз ӛмірін сақтап қалуға және ӛзін-ӛзі қалпына
келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің ӛмір сүру процесі.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық
дүниенің кӛптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен
заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның
153
ажырамас бӛлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін ӛмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың
негізгі патшылықтары ағзаларының кӛбеюі мен дамуы, экожүйе,
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты ӛмір салты
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология,
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1)
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2)
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3)
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бӛлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың кӛптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) кӛбею, тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған
тақырыптар:
Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
Аэробты және анаэробты тыныс алу
Дүниежүзілік Тұқым қоры;
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда
алынатын ӛнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар
тақырыптар берілген:
Ӛкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
Контрацепцияның маңызы;
Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға
бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.
154
Достарыңызбен бөлісу: |