Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет90/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламалары 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында 
орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік 
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің 
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы. 
Дүниежүзі тарихы) 
2019-2020 оқу жылында тарих пәндері бойынша негізгі орта білім 
беру деңгейінің 5-9-сыныптарында жаңартылған мазмҧндағы оқу 
бағдарламалары енгізіледі
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу 
бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (кӛне 
дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, 
мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бӛлімдерін 
қамтиды. 
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

тарихи пәндер мазмұнының қӛлемі тақырыптық бӛлімдерді біріктіру 
арқылы ықшамдалған; 

тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу 
материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи 
процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді; 

тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, 
талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған; 

білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше 
кӛңіл бӛлінген. 
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу 
бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи 
ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан 
сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік 
беретін түрлі әдіс- тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, 
зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» ӛткен 
заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған 
және кейінгі тарихи оқиғалармен ӛзара байланысында кӛру, анықтау, бағалау, 
талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы ӛткен тарихқа 
қатысты білім мен түсінікке негізделген ӛзіндік дәлелді ұстанымды 
қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп 
кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан 
тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту 
ұсынылады: 
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
1) ӛзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам 
қаншалықты ӛзгеріске ұшырады) 


161 
2) себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды 
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3) дәйек (белгілі тарихи кезеңнің ӛнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) ҧқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан 
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар);
5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи 
маңызы неде);
6) интерпретация 
(мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі 
зерттеушілер қалай сипаттайды). 
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл 
пәннің мағынасын терең түсінуге кӛмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды 
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік 
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен 
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, 
сұрақтарды құрастыру және дереккӛздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккӛздерді сыни бағалауы, 
зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді 
тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу 
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын 
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге 
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін 
зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді 
жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның 
басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және 
оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, ӛздігінен 
талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар: 
Күтілетін пәндік нәтижелер әр бӛлімдер мен тақырыптар бойынша 
анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу 
мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда 
пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға 
мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет