Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет94/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 
1) 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
5) 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 


166 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 
Тӛменде 62-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 
62-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша 
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 
 Тарихты оқытуда келесілерге ерекше кӛңіл бӛлу ұсынылады:

тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір кӛлемін 
(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, 
алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді ӛздігінен шешумен 
сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи 
тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және 
баға беру дағдыларын қалыптастыруға; 

тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын 
қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын 
құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі кӛзқарастарды салыстыру, нәтижелер 
мен қорытындыларды шығару, ӛзінің ұстанымын анықтау); 

қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
 Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге 
сәйкес болуы қажет:

тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

дифференциацияны кӛздеу;

сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

проблемалық оқытуға негізделуі;

бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру 
барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру 
ұсынылады.
 Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен 
оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны 


167 
«оқып», оны білім кӛзі ретінде пайдалануына кӛңіл бӛлу ұсынылады. 
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан 
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және 
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму 
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
анықтау» атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи 
картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың 
бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін 
тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте 
бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. 
Бұл тарихи оқиғаларды, олардың ӛзгерісі мен даму жағдайын картада 
белгілеуге берілетін тапсырмалардан кӛрінеді. Білім алушылардың жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар 
жасауға тапсырмалар беру ұсынылады. 
7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін 
тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады. 
9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының 
маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар 
аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, кӛрнекті тарихи тұлғалар 
қызметін бағалау, алған білімі негізінде ӛз ойын дәлелдеу дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің 
кӛрнекті ӛкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға 
салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.
Мысалы, «Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым» тақырыбы бойынша оқытуда 
білім алушыларды Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан ӛнеркәсібін дамытудағы 
қызметіне талдау жасауға және ғылымды дамытудағы рӛліне баға беруге 
бағыттау ұсынылады.
«Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» 
тақырыбы бойынша білім беруде қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік 
соғысының жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде 2019 жылы мерейтойлық 
күндері атап ӛтілетін Н.Әбдіров, С.Баймағамбетов, Т.Тоқтаров, Леонид 
Беданың ерлігіне қосымша материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау 
ұсынылады. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық 
қасиетін айқындау бойынша тапсырма беру ұсынылады. 
 Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды 
оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, 
бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рӛлі 
бойынша), түрлі себептер арасында ӛзара байланысты анықтау және оларды 
маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады. 
 Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде 
оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен 
танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп 


168 
күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио 
және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет