164
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген
«Ӛлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;
- туған ӛлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған ӛлкенің дәстүрлі қолӛнері, мәдени және әдеби мұралары мен ӛңір
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған ӛлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға
бағытталған.
Ӛлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан
12 сағат кӛлемінде оқытылады. Ӛлкетану материалдары оқу бағдарламасының
базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бӛлімдер мен бӛлім ішіндегі тақырыптар
бойынша сағат сандарын бӛлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Ӛлкетану»
материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: