Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 1. Монғолияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы ?
2. Ерте феодалдық монғол мемлекетінің сипаты ?
3. Монғол жаулап алуышылықтары
Ұсынылатын əдебиет: 1. История Востока. Т.2. Восток в средние века. М., 2002.
24-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ƏМІР ТЕМІР МЕМЛЕКЕТІ. ХІҮ ғ. Мауренаһрдағы саяси күрес. Ақсақ Темірдің сарбедарлармен арақатынасы.
Мемлекетті күшейтуге арналған шаралар.
Мəуераннахр, Кебек хан, Ақсақ Темір, Союргал, бегар, харадж. Сұрақтары: 1. Темірдің жаулап алушылықтары. Иранды жаулап алу.
2. Əмір Темір жəне Моғолстан.
3. Басқару жүйесі, əскери реформа, салық жүйесі.
4. Темір мемлекетінің Батыс Еуропамен байланыстары.
Темірдің жеңісті жорықтарының нəтижесінде Орта Азияда оның бастауымен қуатты
держава құрылды. Темір Иранға, Хорезмге, Закавказьеге, кіші Азияға, Қытайға жорықтар
жасады. Жаулап алынған жерлерден алтын, күміс, бағалы заттар алып келіп, сарайлар,
мешіттер салғызды. Ол Орта Азия қалаларында қол өнері мен сауданы өркендетуге,
суландыру жүйесін кеңейтуге тырысты. Темір өзінің əулеттері мен əмірлеріне тұтас
облыстарды мұралық иемденуге «Сюргал» үлестіріп берді. Ол жерден түсетін табыстың бір
бөлігі жергілікті əкімшілікке, бір бөлігі мемлекеттік қазынаға түсіп отырды. Шаруалар
«харадж» деп аталатын жер салығын, «джизья» деп аталатын жан басы салығын төледі.
«Бегар» деп аталатын барщиналық міндеткерліктер атқарды. ХІҮ ғасырдың екінші
жартысында Орта Азияда бірнеше халық көтерілістері болды. 1365 жылы Самарқанда
Мəулен-Заде деген медресе шəкірті мен Əбу-бəкір Келеви деген мақта түтуші басқарды.
1388 көтеріліс Хорезмде болды. Бұл көтерілістерді Темір басып тастап отырды. 1395 жылы
Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты (Алтын Орда ханы) талқандап, орыс жеріне аттанды.
Темір Рязань жерінің шекарасына екі пата аялдағаннан кейін, Азов пен Каспий бойындағы
далаларға қарай бұрылды.
Темір өлген соң Орта Азиядағы билік үшін талас күшейді. Шағатай мемлекеті құлады.
ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Самарқанда Темірдің немересі Ұлықбек билік жүргізді.
Бұл кезең Орта Азия мəдениетінің гүлденген кезеңі болды. Ұлықбек тұсында Самарқанда
обсерватория салынды, онда сол кезеңнің көрнекті астрономдары қызмет атқарды.
Ұлықбектің өзі Еуропа мен Азияға танымал болған астрономиялық кестелер құрастырды.
ХҮ ғ. ортасында Гераттағы (Солтүстік батыс Ауғаныстан) өкімет билігін Темір əулетінің
өкілі Хусейн басып алды. Герат та мəдени өмірдің орталығы болды. Онда өзбек ақыны
Əлішер Науаи тұрған.
ХІҮ ғ. ортасына дейін Закавказье халықтары Хулагидтердің билігінде болды. Хулагу
мемлекетінің негізін қазіргі Əзірбайжан құрады. Монғол феодалдарына əскери лендер
ретінде ихта беріп отырды. Қазына жерлері диван деп аталды. Ол монғол чиновниктерінің
уақытша басқаруына үлестіріліп берілді. Мұсылмандардың діни мекемелерінің
құрамындағы жерлер вакуф деп аталды. Мұраға қалдырылатын жер мүлік деп аталды.