əкімшілікте шоғырландырды. Жергілікті əкімдер күшейіп кетпес үшін, оларды үш жыл
сайын ауыстырып отырды. Феодалдардың үшінші тобын ру басшыларының тұқымдары
құрады.
Император үйі биліктен шеттетілді. 794 жылы астанасы Хэйанға (Киото)
көшіру
сарайға жақын тұрған Фудзивара əулетінің жоғарғы үкімет билігін басып алу əрекеті болды.
Алдымен император тек Фудзивара əулемінің қызына үйлену тəртібін енгізді, кейін 858
жылы Фудзивара регенттік билікті өз қолына алды.887 жылы жоғарғы канцлер лауазымын
иеленді. ІХ-ХІ ғғ. Фудзиваралар барлық үкімет билігін өз қолына ұстады.
Феодалдардың барлық топтары өздерінің экономикалық позицияларын нығайтып,
жаңа жерлерді басып алуға тырысты. Жаңа жерлерді басып алу тиімді болды. Себебі, ондай
жерлер салықтан босатылатын. Жердің көп бөлігінің жеке
меншікке айналып отыруына
байланысты қазынаға түсетін табыс азайды. Жаңа жерлер иеленіп жатқан феодалдар
қуаттылығы арта берді. Олар салықтан босатылумен қатар, жергілікті үкіметтің қол
сұғуынан қорғалды. Император сарайы мен астаналық аристократияның
табысы керісінше
кеми берді. Олардың табысы тек мемлекеттік шаруалар жерінен ғана түсіп отырды. Осының
салдарынан шаруаларға салатын салық молайды. Қиындықтан шаруалар жерлерін тастап,
қашып кетіп отырды. ІХ-Х ғғ. бірнеше ірі шаруалар көтерілісі болды.
Жер иелену қатынастарындағы өзгерістер саяси өмірге де өзгерістер əкелді. ХІ ғ.
ортасында Фудзивара əулетінің билігі шайқала бастады.Шығыс-солтүстікте қашқын
шарулардың көп шоғырлануы, ірі жер иеленушілердің өз жасақтарын құруы тез жəне ашық
жүрді. Жасақшылар өз қожайындарынан жер үлестерін алды. Сөйтіп солтүстік-шығыста
жаңа тап – самурайлар пайда болды. Самурайлар бір əскер басының үйінің
төңірегіне
топтасты. ХІІ ғасырға қарай солтүстік-шығыстағы үй Миномото үйі болды. Оңтүстік-батыс
Жапонияда Тайра үйі зор ықпалға ие болды. Тайра мен Миномото үйлерінің күресі əскери
күшке ғана емес, мықты феодалдық ұйымға арқа сүйеген Миномото үйінің жеңісімен
аяқталды. 1192 жылы əскери қолбасшы Еоритомо «Сегун»
деген атақпен мемлекеттің
жоғарғы басшысы деп жарияланды. Елдің саяси орталығы Хонсю аралының шығысындағы
Камакура қаласына көшірілді. Жапонияда көп уақытқа дейін Миномото үйінен шыққан
сегундардың билігі орнады. Сөйтіп ұсақ жер иелері самурайлар қалыптасты. Үстемдік етуші
феодалдар тобы - əскери-поместьелік дворяндар (буси, самурай) елдің негізгі жер қорын
қолында ұстап, өзінің мемлекеттік аппаратын құрды. Мемлекеттің басында сегун тұрды. Ол
əскери үкімет «бакуфудың» басшысы жəне самурайлардың қолбасшысы болды.
Достарыңызбен бөлісу: