747-750 жылдары Ирандағы Қорасанда бұрынғы құл Əбу Мүслим басқарған
халифатқа қарсы көтеріліс болды. 747 жылы желтоқсан – 748 жылғы қаңтар айларында оның
əскері Мервті, 748 жылы Нишапур мен Тусты алып, 749 жылы Нахавенд маңында Омейядтер
əскерін талқандады.
750 жылдың басында Үлкен Заб өзенінде шешуші жеңіске жетті. Абу Муслим
Омейядтерге
қарсы көтерілісін пайдаланып, 750 жылы Аббасидтер өкімет басына келді.
Олардың бірінші халифы Абу-ль-Аббас-ас-Саффах (750-754 жж.) болды. Өкімет басына
Аббасидтер келген соң Муслим Қорасанда наместник болып қалды. Абу Муслимнің
билігінен қауіптенген халиф Мəнсур (754-775 жж.) оны 755 жылы өлтірткізді. Оған
наразылық білдірген Хорасандықтардың сол 755 жылғы көтерілісін Сумбад Маг басқарды.
Бірақ көтеріліс тез жеңіліс тапты.
Араб ақсүйектері бұрынығ артықшылықтарынан айырылды.
Аббасидтер негізінен
Иран мен Орта Азияның ақсүйек феодалдарына арқа сүйеді. Халифаттың орталығы
Сириядан Ираққа ауысты. Аббасидтер мемлекетінің астанасы 762 жылы халиф Мансур
салғыза бастаған Бағдат қаласына көшірілді. Сол себепті Аббасидтер мемлекеті əдебиеттерде
Бағдат халифаты деп те аталады.
Аббасидтер əулетінің ІҮ халифы Харун-ар-Рашид (786-809 жж.) («1001 түнде» аңыз
болып айтылатын) өлген соң 809 жылдан 813 жылғы дейін
оның екі баласы Мамун мен
Амин арасында билік үшін күрес басталды. Ирандықтардың көмегімен Мамун жеңіске
жетіп, халиф атанды (813-833жж.). Амин өлтірілді. Осы күрестегі қолдаушылығы үшін
Мамун Иран ақсүйектеріне көп жер сыйлады. Хорасан ирандық Тахиридтер əулетінің жеке
меншігіне берілді. Тахир əулетінің билеушісі Абдаллах (828-844 жж.) əділетті, халықтың
мұң-мұқтажын ойлап, қам жеген басшы болған. Бірақ оның ІІ мұрагері Мұхаммед (862-873
жж.) халықты қан қақсатып, 864 жылы көтеріліске шығуға мəжбүр етті.
Иранның шығысында бұл кезде Саффаридтер əулеті
басқарған мемлекет құрыла
бастады. Ол əулеттің негізін Саффар (медник-мысшы) атанып кеткен Якуб-ибн Ляйс
Систандағы шаруалар көтерілісін басуға қатысқан болатын. 861 жылы жалдамалы əскер оны
өзінің Систандағы эмирі деп жариялады. Якуб-ибн Ляйс отрядтары Ауғанстанның көп жерін
(Герат, Кабул, Газна), сонан соң Керман мен Фарсты жаулап алды. 873 жылы Якуб-ибн Ляйс
Хорасанда Тахирид эмирінің əскерін талқандап, өз билігін орнатты. 876 жылы Якуб Ляйс
Бағдатқа жорық жасап, халифтың əскерінен жеңіліп қалды. 900 жылдан кейін Саффаридтер
жаулап алған жерлер 819 жылы Мауераннахрде қалыптасқан Саманидтер əулетінің қолына
көшті. Саманидтер өкіметі 999 жылға дейін өмір сүрді.
Иранның батысы мен оңтүстік батысында 935 жылдан 1055 жылға
дейін Буидтер
мемлекеті өмір сүрді. Каспий теңізінің оңтүстігіндегі тау халықтарының кедей отбасынан
шыққан үш ағайынды Буидтер алғаш жалдамалы əскер қатарында болды, кейін əскер басы
болып, 935 жылы Бағдаты басып алды. Іс жүзінде халифты да бағындырып алып, Ахмед ибн
Буид оны өзіне «Эмирлердің эмирі» деген атақ беруге мəжбүр етті.
Сөйтіп Буид арабтық Ирақтың, бүкіл
батыс Иранның тақсыры болып, халиф тек
сунниттік мұсылмандардың діни басшысы ғана болып қалды. Шираз бен Рейде Ахмед
Буидтің інілері Хасан мен Əли ел басшылары болды.
Буидтік басшылардың ішінде
белсенділігімен əсіресе Азуд-ад-Доулэ (949-983 жж.) ерекше көзге түсті. Ол Ширазды
басқаратын. Ол феодалдық рентаны қатаң тəртіпке келтіріп, суару жүйесін кеңейтті. Сөйтіп,
ауыл шаруашылығын көтеру жолында көптеген шаралар қолданды.
Буидтер шийзмге қамқорлық жасап отырды. Саманидтер мен Буидтер
мемлекеттерінде арабтар билігі кезінде қалыптасқан жерге феодалдық меншіктің түрлері
сақталып қала берді. Х ғасырдың аяғына қарай ерікті қауымдық
шаруалардың көпшілігін
феодалдық басыбайлы шаруаларға айналдыру процесі негізінен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: