Білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Каролингтік өркендеу дәуірінің негізгі белгілері қандай ?
2. Ағылшын мемлекетінің саяси дамуындағы ерекшелік ?
3. Ағылшын нарығында сыртқа шығарылған басты тауар ?
Ұсынылатын әдебиет:
1. История Европы с древнейших времен до наших дней: Т. 2. М., 1992.
8-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ИТАЛИЯДАҒЫ ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ЖƏНЕ ГУМАНИЗМ.
БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ КАПИТАЛИСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА
БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ.
ХҮІ ғ. капиталистік қатынастардың пайда болуы мен даму ғасыры. Мəдениет саласындағы
бұл процестің көрінісі шіркеудің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік қозғалыс болды.
Капитализм, генезис, гуманизм, абсолютизм, сословиялық монархия.
Сұрақтары:
1. Гуманизмнің пайда болуының тарихи алғышарттары. Ерте гуманизм.
2. Қайта Өркендеудің мəдениетінің сипаты.
3. Қайта Өркендеу мəдениеті.
4. ХҮІ-ХҮІІғғ. батыс еуропа елдеріндегі өндіргіш күштердің өсуі.
5. Алғашқы қорлану процесі.
6. Идеологияның жаңа формалары. ХҮІ-ХҮІІғғ. абсолюттік монархия.
Капиталистік қатынастардың пайда болу жолдары. Батыс Еуропалық феодализмнiң
типологиясы ХI‡-Х‡ ғасырлардағы уақыт аралығында құрылды, бұл уақыт дамыған және
кейiнгi феодализм кезеңiне, және сословиялық-өкiлеттi монархияның ‰стемдiгiне, Х‡I
ғасырға яғни, капитализм генезисiне, абсолюттiк билiктiң нығаюына дәл келедi. Алдыға
қойған мақсатты iске асыру ‰шiн өндiргiш к‰штердi, батыс қоғамының экономикалық
негiзiн, табиғи-географиялық, экологиялық, демографиялық жағдайларды, құрылымның
әлеуметтiк, саяси ерекшелiгiн, дамудың сыртқы саяси және әскери факторларының
жиынтығын кешендi т‰рде қарастыру қажет. Кейiнгi феодализм дәуiрiндегi товар-ақша
қатынастарының кең таралуы еңбектiң қоғамдық бөлiсiне, мануфактуралық өндiрiстiң пайда
болуына, сонымен бiрге еңбектiң жаңа құралдарының пайда болуына, технологияға, яғни,
қоғамнығ өндiргiш к‰штерiн жаңалауға м‰мкiндiк туғызды. Бiрақ товар ақша-шаруашылығы
тек феодалдық емес, сонымен бiрге, құлиеленушiлiк қоғамның әлеуметтiк-экономикалық
құрылымына да қызмет ете алады. Бiрақ, бұл жерде капиталистiк дамудың мiдеттi т‰рде
қалыптасуы шарт емес. Сондықтан, товар өндiрiсi капитализмнiң дамуына қажеттi, бiрақ
жеткiлiктi бiрден-бiр жағдай емес.
Капиталистiк қатынастардың пайда болуымен, қалыптасуына, дәл қандай құрамды
бөлік қажет екендiгiн анықтау ‰шiн, капитализм т‰сiнiгiн анықтап алу дұрыс. Бiздiң
көзқарасымыз бойынша, бұл (капитализм) тұрақты, өсуге бейiм қоғамдық ж‰йе, техникалық
прогресс негiзiнде экономикалық өсуге бағытталған, өндiрiс құралы мен нарықтық
механизмдi реттеген шаруашылық. Саяси салада бұл дамыған т‰рде мемлекеттiк билiктiң
дифференциалдық т‰рлерiмен, рационалды құқықтың болуымен, жеке меншiкке қол
сұғылмауды, заң алдында барлық азаматтардың теңдiгiн қамтамасыз ететiн ж‰йемен
сипатталады. Капиталистiк дамудың бастапқы құрамы техникалық өсу және нарықтық
товар-ақша қатынастары болып табылады. Еуропадағы кейiнгi феодализм кезеңiнде бұлар
бiр-бiрiне жағдай жасап, қоғамның әлеуметтiк-саяси ж‰йесiнiң құрылымдық ерекшелiгiмен,
сонымен бiрге қоршаған табиғи-географиялық ортамен байланысты болды. Еуропада
нәтижесiнде ж‰йелi т‰рде капитализм генезисiне әкелген факторлар жиынтығы төмендегiдей
көрiнiс бередi. Батыс Еуропалық феодализмге тән және табиғи-географиялық ортаның
ерекшелiгiмен байланысты, плюралистiк т‰р еуропалық қоғамға ғана тән әлеуметтiк ұйымға
- сословиялық монархияға алып келедi. Сословиялық монархияның полицентристiк
құрылымы, оның кейбiр көрiнiстерiндегi к‰штердiң арақатынасымен сипатталады, дәст‰рлi
экономикалық саясаттан нарықтық ұйымға өтуге алғышарт қалыптастырып, оның
шеңберiнде товар және ақша шаруашылығы техникалық прогресстi белсендiредi, сөйтiп, оны
жаңа еуропалық дәст‰рге айналдырады. Осылайша Батыс Еуропада қалыптасқан әлеуметтiк
ұйымнан, тұрақты өзiн-өзi қозғайтын, адамзат тарихында осы кезеңге дейiн баламасы
болмаған жаңа даму сатысы қалыптасты.
Еуропалық капитализм генезисiнде аса маңызды да шешушi фактор отарлардың пайда
болуы. Жалпы отарлау тек жаңа тарихта ғана орын алған жоқ. Өзге территоияларды басып
алып, бағындыру ежелгi д‰ниеде де, орта ғасырларда да кең таралды. Александр
Македонскийдiң, Рим императорларының, т‰рiктердiң және монғолдардың, ерте орта
ғасырдағы арабтардың жорықтары, әлемдiк тарихтың бұл көрiнiстерiнен т‰сiнiк бередi.
Оның кең таралу себебiне байланысты отарлау, отарлық басқыншылық терминдерiнiң мәнi
бiртектi емес. Мысалы, грек отарлауы табиғи қордың шектеулiгiмен байланысты болды
және эммиграция арқылы iшкi саяси және экономикалық тұрақтылықты сақтауды көздедi.
Кейiннен отарлау терминi тiкелей қоныс аударып келушiлерге қатысты және сыртқы
саясаттағы басып алушылыққа қатысты пайдаланылды. Әрине, бұл процестер бiрiмен-бiрi
байланысты, бiрақ оларды жiктегенде алғашқы мазмұнынан шыға отырып, жергiлiктi
экономикалық және әлеуметтiк-саяси құрылыммен кейiнгi байланысын ескеру қажет.
Еуропалық отарлық экспансияны ерекшелейтiн, өзiне тән сипатына, капитализмнiң
қалыптасуымен ‰здiксiз байланыста болғанын жатқызамыз. Яғни, адамзат бiлiмiндегi
географиялық және космологиялық революция көрiнiс бердi.
Х‡I ғасырға дейiн әлемнiң жеке мәдени аймақтары өз алдына тәуелсiз және өте нашар
байланыста дамыды. Әрт‰рлi өркениет туралы бiлiм толық болмады, ал олардың арасындағы
сауда және мәдени байланыстар тұрақты болған жоқ. Мұндай жағдайлар географиялық
ашылулар дәуiрiнiң басталуымен т‰бегейлi өзгерiп, жердегi өркениеттiң арасындағы
байланыстардың қалыптасуына қызмет еттi. Бұл жерде неге отарлық экспансияға деген
ұмтылыс Еуразияның ежелден келе жатқан мәдени дәст‰рлерi бар мемлекеттерiнде емес,
Батыс Еуропада пайда болды деген сұрақ тууы м‰мкiн. Бұл мәселенi екi бағытта
қарастыруға болады. Ең алдымен, капитализмнiң дәл Батыс Еуропада қалыптасу себептерi
тұрғысынан. Яғни, антикадан жаңа заманға дейiнгi Еуропаның даму ерекшелiгiне анализ
жасау. Х‡ ғасырға қарай Еуразияда дамыған өркениетi бар төрт-бес мәдени аймақ
қалыптасты. Бұлар Батыста Еуропа, Таяу және Орта Шығыста және Солт‰стiк Африкада,
Осман империясы және басқа мұсылман мемлекеттерi; Қиыр Шығыста, Оңт‰стiкте және
Оңт‰стiк Шығыста - ‡ндiстан, Қытай, Корея, Жапония, ‡ндiқытай және Индонезия. Бұл
мемлекеттердiң арасында Батыс Еуропадан басқа тек Осман империясымен Қытайда ғана
кең отарлық экспансияға және капиталистiк дамуға қажеттi материалдық және адам
қорлары болды. ‡шеуiнiң iшiнде Осман империясы географиялық ашылулармен теңiздiң
арғы жағына саяхатқа м‰дделi болған жоқ. Бұл жағдайдың қарапайым себептерiн көрсетуге
болады. Ерте орта ғасырдан бастап, ол және басқа ислам елдерi Еуразияның орталығында
Қытай мен ‡ндiстаннан Еуропаға апаратын сауда жолында орналасты. Х‡ ғасырда ол
Оңт‰стiк Шығыс Еуропадағы әскери қимылдарға тартылды; Темiр мемлекетi Қытайға қауiп
төндiрiп, ‡ндiстанға экспансиясын бастады. Ислам елдерiнiң әскери феодалдық тобына тән
экспансияның дәст‰рлi т‰рi - территорияны кеңейту, бағалы заттар мен құралдарды иелену
өзгерiстердi қажетсiнбедi. Оларды жаңа жерлер емес, өркениеттiк аймақтар қызықтырды.
Х‡ ғасырда мұсылман әлемiне саяси ‰стемдiк т‰рiк-османдарының қолына өткенiмен,
Африканың шығыс жағалауындағы сауда жолдары арабтардың бақылауында едi. Магеллан
мұсылман көпестерiн Филиппинде кездестiргенi белгiлi. Бiрақ арабтар ж‰ргiзген теңiз
экспансиялары кең әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге ұшырап, капитализмнiң
қалыптасуына әкелмедi. Сыртқы отардан Қытайдың табатын табысы, еуоропалықтардың
табысымен салыстыруға келмейдi. Қытай тек автаркия жағдайында өмiр с‰ре алатын едi.
Себебi, өте ‰лкен қорлар мен адам м‰мкіндіктері оған сыртқы саудаға м‰дделi болмауға
м‰мкiндiк бердi. Х‡ ғасырда Қытай бюрократиясы сыртқы сауданы және өз азаматтарының
Индонезияға енуiне шек қоюға ұмтылды. Қытай ‰кiметiнiң экспортқа деген
қызығушылығына қарағанда қытай товарларының импортына шет елдер кең көлемде
м‰дделi болды.
Ал, Батыс Еуропа бұл уақытта бiршама кедей, сыртқы саудаға бағынышты,
аймақтарына сырттан төнетiн қаупi мол мемлекет болып табылды. Сондықтан Х‡-Х‡I
ғасырлардағы еуропалық отарлық басқыншылық тек экономикалық дамудың нәтижесi емес,
сонымен бiрге өмiр с‰руге қажеттi табиғи қорлардың шектеулiгiнiң де нәтижесi едi. Егер
формациялық белгiлерден алшақтап, еуропалық және азиялық қоғамдарды экономикалық
және техникалық даму деңгейi тұрғысынан салыстыратын болсақ, Еуропаны Рим
империясының құлдырауынан ХIII ғасырдың басына дейiн, еуразиялық аймақтық артта
қалған шеткі аймағына жатқызамыз. Орта ғасырлар кезеңiнен бiзге жеткен мәлiметтер ауыл
шаруашылық жағдайы, қолөнерi, сауда дамуы, ақша айналымы туралы мәлiметтер
Еуропаның даму деңгейiнiң нашарлығын куәландырады.
Географиялық ашылулар мен отарлардың капитализм дамуына әсері. Географиялық
ашылулардың алғашқы нәтижесi Батыс Еуропаны сауда жолдарының т‰йiсiне айналдырып,
‰ндi мұхитында және оңт‰стiк теңiздерде мұсылман ‰стемдiгiн азайтты. Еуропа көп ғасырға
созылған әскери, сауда және өндiрiстiк ‰стемдiк ‰шiн к‰рестiң орталығынан орын алды.
Оның бұл орны болашақтағы жеңiсiне бастама салып бердi. Табиғи-географиялық
жағдайдың өзгеруiне техникалық құралдар арқылы қол жеткiзiлдi. Сонау ХII ғасырда батыс
тек темiр, орман және құлдардың экспортеры болды. Ал ХI‡ ғасырға қарай жағдай бiршама
өзгерiске ұшырады. Еуропалық мемлекеттер шығыс елдерiне текстиль, қағаз, сабын шығара
бастады. Бұның себебi, текстиль және қағаз өндiрiсiндегi су диiрмендерiнiң көмегiмен
болатын жартылай механизация. Импортқа шығарылатын текстильдiң сапасы тұрғысынан
жоғары, бiрақ жергiлiктi текстильден бағасының арзандығы араб деректерiнде көрсетiледi.
Дәл механиканың дамуы, қару-жарақ жасау еуропалық техникалық прогресстiң негiзгi
ерекшелiгi болды.
Ауылшаруашылық өндiрiсiнiң, металургияның, кеме салудың, әскери және жеңiл
өнеркәсiп салаларының дамуы Еуропада жаңа материалдық негiздi қалады. Кiтап iсiнiң,
картография, навигация және астрономияның дамуы жердiң пайда болуы туралы ғылыми
пiкiрлердiң эволюциясы еуропалықтардың техникалық және ғылыми ойларына төңкерiс
жасады. Техникалық жаңалықтар арқылы қоршаған ортаны өзгерту, тiптi өңдеу әлеуметтiк
мақсаттарға жетуде қолданылатын ұмтылыстарға айналды. Бұл жағдайлар Ф. Бэконнан
бастап, қоғамды қайта құрудың утопиялық жобаларында көрiнiс тапты. Бұндай әлеуметтiк
климаттың қалыптасуына М. Вебер көрсеткен протестантизм этикасы да әсер еттi.
Дегенмен, алғашқы кезеңде еуропа экспансиясының идеологиялық астары к‰рделi
сыртқы саяси жағдай және таза сауда м‰дделерi болды. Еуропаның әскери және саяси
қауiпсiздiгiн, және сыртқы экономикалық байланыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
мәселесi Х‡ ғасырдың екiншi жартысында тым ушығып кеттi. Константинопольдiң
құлауынан кейiн, Осман империясының экспансиясы Солт‰стiк Сербияға, Боснияға,
Герцоговинаға тарады. Сонымен бiрге еуропа құрылығында Ресей монғол ‰стемдiгiн
құлатты, ал Испания Пиреней жарты аралындағы ақырғы араб иелiгi Гранаданы қосып алды.
Географиялық ашылуларға т‰рткi болған ‡ндiстанға баратын сауда жолдарына т‰рiк
қысымы деген пiкiр кең тараған. Бiрақ бұл тек жартылай ғана дұрыс пiкiр екенiн көрсете
кетуiмiз керек, себебi, транс құрылымдық сауда iске асатын жол Египеттi т‰рiктер тек 1517
жылы ғана алды. Бұл жерде экономикалық және әскери қысыммен бiрге, жерорта теңiзi мен
Балканға т‰рiк мұсылмандардың ұмтылуы, еуропалықтардың шығысқа жаңа жол iздеуiне
идеологиялық т‰рткi болды. Сауда жолдарынан Еуропаны бұдан былай тек Габсбургтiк -
католиктiк империяның орнығуы, соның нәтижесiнде капиталистiк ұстанымдардың
жойылуы ғана шығара алатын едi. Азияның ұлы державалары еуропаның порттары мен
факторияларын өз территорияларында жойған жағдайда еуропалықтар бұл аймақтағы
жетекшi ұстанымынан айрылып, әлемдiк тарих басқа бағытта дамитын едi. Бұл жол
Ұлыбритания мен Нидерландыда капитализмнiң тез өсуiне ғана байланысты емес,
Еуропаның Х‡I ғасырдағы дiни жiгiн толықтырған ұлттық бытыраңқылығының да нәтижесi
болды. Габсбургтердiң ұмтылыстарына ұлттық, экономикалық және идеологиялық
факторлар кедергi келтiрдi.
Ұлыбританиядағы өнеркәсiптiк төңкерiске дейiн созылған еуропалық отарлық
экспансияны екi кезеңге бөлуге болады: Испания мен Португалияның феодалдық
экспансиясы және Нидерланды мен Ұлыбританияның ерте капиталистiк экспансиясы.
Испания мен Португалияның жаңа отарлар жолындағы сәтсiздiгi бұл елдердегi капиталистiк
қатынастардың нашар дамуымен т‰сiндiрiледi. Жалпы айтқанда капитализм генезисiнiң
екiншi көзi - отарлардың қысқаша тарихы осындай.
Алғашқы қорлану процесі. Алғашқы қорлану мен капиталистiк қатынастардың
қалыптасуы, Батыс Еуропаның әрбiр елiнде экономикалық-географиялық ерекшелiгiне
байланысты әрт‰рлi дәрежеде ж‰рдi. Отарлар пайда болып, баға революциясы г‰лденiп
тұрған елдерде Испания мен Португалияда капитализмнiң дамуына барлық м‰мкiндiк
болғанымен, кейiннен феодалдық-католиктiк реакцияға айналды. Егер алғашқы қорлану
процесi дегенiмiз – барлық ауқаттылардың тез арада капиталистке айналуы болса, онда
барлық капитал тез арада өндiрiстiк мақсатқа, ал жерсiзденгендер тез арада жалдамалыларға
айналар едi, және де бұл процесс әлеуметтiк-экономикалық дағдарыстарға әкелмей,
капитализмнiң г‰лденуiне әкелер едi. Яғни, алғашқы қорлану ж‰рген елдердiң барлығы
капиталистiк даму жолына т‰скен жоқ. Ал, керiсiнше, кейбiр елдерде, мысалы, Францияда
алғашқы қорлану және капитализм генезисi өте баяу ж‰рдi, ал алғашқы қорланудың тек
кейбiр көрiнiстерi ғана болды.
Алғашқы қорлану процесi логикалық аспектiде капитализм генезисiмен астасып кетедi,
ол ‰шiн өндiрушiлер тез арада жалдамалы жұмысшыларға, ал ауқаттылар шынайы
капиталистерге айналуы керек. Қазына әкелген ауқатты адам, өсiмқор немесе байыған көпес,
шаруаларды жерiнен қуған лендлорд, тек потенциалды капиталистерге айналды. Шынайы
капиталистерге олар өз ақшаларын капиталистiк т‰рде ұйымдасқан өндiрiс орнына, жерге
және шаруашылыққа салғанда айналады. Осыған дейiн олардың алдынан iс ж‰зiнде шексiз
м‰мкiндiктер ашылып, өз қаражаттарын әрт‰рлi жолдармен iске асыру м‰мкiндiктерi тұрды.
Бұл м‰мкiндiктердiң алғашында капитализммен ешқандай байланысы болған жоқ.
Потенциалды капиталистерден нағыз капиталиске айналу кезеңi әр т‰рлi уақытпен –
к‰ндерден он жылдыққа дейiн өлшенедi. Бұл процестер Батыс Еуропа елдерiнде Англияда,
Нидерландыда, Испанияда, Францияда әр т‰рлi варианттарда ж‰рдi. Ал, жалпы тарихнамада,
алғашқы қорлану процесi демде капиталистер мен жалдамалы жұмысшыларға айналдырады
деген көзқарастар басым едi.
Тарихта алғашқы қорлану көрiнiстерi мен өндiрiсте капиталистiк формалардың
қалыптасуы әр елде әрт‰рлi көрiнiсте ж‰рдi. Бiреулерiнде бұл көрiнiс ұзақ уақыт бойы
бытыраңқы т‰рде ж‰рсе, екiншiлерiнде басқа сипатқа ендi. Алғашқы қорланудың келеңсiз
көрiнiстерiн Франциядан, Германиядан, Италиядан, Испаниядан, Португалиядан көремiз.
Еуропа құрылығындағы капитализм генезисi процесiнiң хроникалық межесiн дұрыс
және дәл анықтау оңай iс емес. ХVI ғасыр бұл процестегi (капитализм генезисi) өзiндiк
аяқталған сатысы емес. Бұл дәлiрек айтсақ, Еуропа тарихындағы маңызды, шешушi
хронологиялық шек, кезең.
ХVI ғасырдағы Еуропа капитализмi генезисiнiң факторларын, көрсеткiштерiн,
дәст‰рлерi мен әдiстерiн анықтау – өндiрiс пен айырбастағы буржуазиялық т‰рлердiң даму
дәрежесiн дұрыс объективтi зерттеуге көмектеседi. Және де, бұл процестегi олардың бiр-
бiрiне әсерi мен әрекеттерiндегi ұлттық-мемлекеттiк, ж‰йелiк қарым-қатынасын анықтайды.
Аса к‰рделi де қайшылықты әлеуметтiк-экономикалық процестер, қиын әлеуметтiк-
саяси қақтығыстар ХVI ғасырда толы болды, олар идеология, мәдениет, әдебиет,
көркемсурет өнерiне өз iзiн қалдырды. Бiрақ бұл әсер тiкелей болған жоқ, бұл аса к‰рделi
делдалдық механизмдер арқылы өтiп, идеологиялық мәдени-эстетикалық категориялар
белгiлi әлеуметтiк-экономикалық негiзде пайда болып, белгiлi маңызға ие болып, қоғамның
өздерiне қолайлы жағдайларына таралу м‰мкiндiгiн алды.
Капитализм пайда болу алғышарттарының қалыптасу кезеңiнiң өзiнде-ақ Еуропа
мемлекеттерiнiң даму ұстанымдарының әрт‰рлi т‰рлерi анықталды. Факторлардың барлық
жиынтығы Англияда, Нидерландыда, Францияда толық сипатқа ие болды. Бұл аталған
елдердiң арасында өзгешелiктер болғанымен, жалпы бұл сатыда товар шаруашылығының
дамуы қайтарымсыз сипатқа ие болды. Дамудың қайтарымсыз мәселелерi тарихтың барлық
кезеңдерi мен дәуiрлерiне қатысты.
Еуропа құрылығындағы капитализм генезисi бос кеңiстiкте пайда болған жоқ,
феодалдық қоғамда қалыптасқандықтан оған оның заңдылықтары әсер еттi. Мысалы,
Нидерланды мен Италияның iрi сауда қалаларында мануфактураның ерте капиталистiк
т‰рлерiмен қатар цехтық корпорациялар да пайда болды. Бiрақ олар аралықты немесе
прогрессивтi т‰р болмағандықтан, керiсiнше эволюцияға ұшырап, өндiрiстiң ұсақ товарлық
ортағасырлық т‰рлерiне айналды.
‡немi әсер етушi формациялық қатардың факторлары жерге феодалдық меншiк,
экономикадан тыс қанау, феодалдық рента тағы да басқа категориялармен берiледi. ‡немi
әсер етушi генетикалық қатарға өндiргiш к‰штердiң даму деңгейi, қалалық экономика,
жалдамалы еңбектiң таралу дәрежесi, товарлық шаруашылықты жатқызады. Бұл жалпы
факторлар екi т‰рдiң сипатына әсер етедi, әсiресе сандық өзгерiстердi ашуға м‰мкiндiк
бередi.
Кешендi-тарихилыққа жататын факторлар – негiзгi сапалық өзгерiстер белгiлi бiр
сатыда қайтарымды немесе қайтарымсыз сипатқа ие бола ма, соны көрсетедi. Бұл факторлар
тобының формациялық қатары негiзiнен ыдырау және iшкi қайта құру категорияларымен
байланысты: бұл сеньориалдық қатынастардың және жерге феодалдық меншiктiң өзгерiске
ұшырауы. Генетикалық қатарға жататындар: қолөнердiң өндiрушi деңгейi және оның
жетекшi салаларындағы құрылымдық өзгерiстер, ерте капиталистiк мануфактураның
т‰рлерiнiң пайда болуына әкеледi, шаруа шаруашылығындағы өндiрiстiң товарлық
формасының жетекшi рөлi және қалалық товар шаруашылығы мен жылжымалы меншiктiң
орталыңының ауысуы, елдегi ұлттық рыноктың қалыптасуы товар шаруашылығының
категориясы ретiнде. Барлық осы факторлардың жиынтығы елдегi саяси құрылымның
сипатын берiп, елдiң саяси орталықтандыруының дәрежесiн көрсетедi.
Капитализмнiң алғышарттарының қалыптасу кезеңiнде еуропалық мемлекеттердiң
даму ұстанымдарының әрт‰рлi т‰рлері анықталды. Факторлардың екi тобының барлық
жиынтығы кемелiне келу деңгейiнiң толық көрiнiсi Англия, Нидерланды, Францияда болды.
Аталған елдердiң арасында айырмашылық болғанымен, жалпы бұл сатыдағы товар
шаруашылығының дамуы қайтарымсыз сипатқа ие болды.
Ал басқа еуропалық елдерде жағдай к‰рделiрек еді. Германияда прогрессивтi
экономикалық даму орын алды, бiрақ бiртұтас ұлттық нарық қалыптасқан жоқ. Ал, Англия
мен Францияда ол негiзiнен ХV ғасырдың аяғына қарай қалыптасты. Әрт‰рлi аймақтардың
даму деңгейiндегi айырмашылық бiршама болды, әсiресе батыс пен шығыстың арасында.
ХV ғасырдың аяғына қарай бұнда феодалдық реакция мен жерге қатынастар саласында жеке
белгiлер байқалды. Испанияда натуралды шаруашылық қатынастар ‰стемдiк жағдайында
болды, ал саяси орталықтандырудың мықты экономикалық негiзi – ұлттық нарық болған
жоқ. Бұл елдiң дамуына ерекше сипатты реконкиста жағдайлары бердi. Жалпы алғанда
прогрессивтi даму өте сенiмсiз болды.
Ал Италияда жағдай өзгеше болды, ХIII–ХIV ғасырда прогрессивтi экономикалық
даму, iрi қалалық орталықтарда ерте капиталистiк мануфактуралармен бiрге ж‰ргенмен, ХV
ғасырларға қарай сыртқы сауда конъюктураның өзгеруiне байланысты кейiн құлдырауға
ұшырады. Бұл құлдырау экономиканың аграризациясымен, қалаларда мануфактураның
жойылып, қолөнердiң корпоративтi т‰рлерiнiң к‰шеюiмен қатар ж‰рдi.
Көрiп отырғанымыздай Германия, Испания, Италия эволюцияларының өзiндiк
ерекшелiгi бiрiншi топты құрайтын елдерге қарағанда ашық көрiнiс алған, бiрақ бұлардағы
прогрессивтi даму әлсiз негiзге с‰йенгенi оларды бiрiктiредi. Бұл жерде формациялық
қатардың факторлары генетикалық фактордан жоғары тұр. Дегенмен, Италияның бiрнеше
мемлекеттерiнде товар-ақша шаруашылығының дамуы қайтарымсыз сипатқа ие болды. Бұл
сатыда тек қана ұстанымдар едi, олардың болашақта бекiтiлуi, баяулауы немесе келесi
дамумен жойылып кетуi м‰мкiн едi. Бұл мәселенi шешудегi ерекше рөлдi алғашқы қорлану
процесi атқарды.
Еуропа елдерiндегi капитализмнiң алғышартын дайындау кезеңiне және оның
генезисiнiң алғашқы кезеңiне байланысты айтар болсақ, бұл процестердiң таза, жоғары
дамығанын немесе экономикалық категориялардың сыртқы әсерiн басынан өткiзбегенiн
көрсетемiз. Капитализм генезисi процесi капиталистiк т‰рдiң пайда болуы мен дамуы
ретiнде, өндiрiс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларында мәселенiң кең көлемiне әсер етедi,
яғни, жоғарыда қарастырылған, пайда болған, әсер ететiн жағдайлардан басқа және де
алғашқы қорлану процесi капитализм генезисi процесiнен логикалық т‰рде бөлiнiп алынады,
ал iс ж‰зiнде тарихта бұл екеуi параллельдi т‰рде және өзара байланыса отырып, әр т‰рлi
варианттарда көрiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |