Испанияда абсолюттік монархия к‰штірек болды. Ал Англияда король билігінің ең к‰шейген
шағының өзінде лордтар мен сауда буржуазиясы билеген парламент жұмыс жасап тұрды.
Король мен парламенттің абсольттік билік ж‰йесін
сақтай отырып, қатар қызмет атқарды
Англия абсолютизмнің өзіне тән ерекшелігі болып табылды. Буржуазия абсолютизмді
феодалдық бытыраңқылықты жеңе алатын, орталықтанған мемлекетін құрып, ішкі тәртіпті
орнататын дамудың бірден – бір тірегі деп бағаланды.
Монарх билігінің к‰шеюінің жарқын көрсеткіші реформация католик дініне сенетін,
Испаниямен одақтас Мария Тюдор королеваның тұсында контрреформациямен алмасып, ол
д‰ниеден өткеннен кейін қайта жалғасын тапты.
XVI
ғасырдың аяғына қарай король билігінің к‰шейіп,
қазынаның толығын, ішкі
тыныштық орнағанының арқасында елдің мықты кәсіпқой әскері құрылды. Ол теңіздегі
бәсекелесі Испания флотын тас – талқан етіп, әскери басымдылығын көрсетуге м‰мкіндік
берді. Әскери қуаты к‰шее т‰скен Англия енді халықаралық қатынастарды да (сауда,
дипломатиялық) өз шарттарын батыл қойып, дамыған елдермен терезесі тең дәрежеде
келесім ж‰ргізе алатын болды.
Елдің халықаралық дәрежесінің өсуіне мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық
дамуындағы ілгері жылжушылық ‰рдісі де ықпалын тигізді. XV ғасырда Англияда
шаруашылықтың барщиналық ж‰йесі жойылып, шаруалардың тәуелділіктен азат етілуі ұсақ
тауарлы шаруалар шаруашылығының дамуына және оның монархияда капиталистік
құрылыстың пайда болу ‰рдісінің маңызды факторы ретінде ыдырауына, сондай – ақ
қалыптаса бастаған жаңа дворяндардың шаруашылықты буржуазиялық әдіспен ж‰ргізуге
қолайлы жағдайлар жасады.
Капитализмнің деревня мен қалада қатар дамуы
капиталдың алғашқы қорлану
‰рдісінің сәттілігін қамтамасыз етті. Капиталистік өндірістің осы әдәсә - Англияда басқа
елдерге қарағанда қарқынды дамыды. Бұл ‰рдістің негізін құраған шаруаларды
экспроприациялау Англияда классикалық т‰рде іске асты.
XVI
ғасырдағы Англияның экономикасының дамуына көмектескен жағдай ұлы
географиялық ашулар болды. Орта ғасырлардың кейінгі ғасырларында сауда қарым –
қатынасы Азия елдерінен (‡ндістан, Қытай, Таяу және Орта Шығыс) Еуропа елдеріне,
құрлықтан біртіндеп мұхитқа ауыса бастады.
Бұл уақытта сауда кеңістігі, яғни Ұлы жібек жолы мен тағы да басқа көптеген
трансазиялық жолдар өз маңыздылығын іс ж‰зінде жоғалтқан болатын. Бұл жерде көшпенді
халықтардың шапқыншылығының әсері мол болды. Олар қытайдан
Таяу Шығысқа дейінгі
территорияларды, соның ішінде Орталық Азияны да қамтып жатты.
Теңіздегі алыс коммерциялық байланыстарды игеру жоғары жылдамдықпен ілгері
дамуға ғана емес, сондай – ақ маңызды тауарларды тасмалдауға потенциалды қабілетке ие
болу ‰шін негізделді. Бұл тенденция тек Шығысқа ғана емес, Батыс еуропаға да тән
құбылыс. Х.Колумбтың Американы ашуы, ‡ндістанға теңіз
жолының ашылуы және жер
шарын айналып теңізде ж‰зіп шығу ұмтылыстарының нәтижелерінде теңіздегі сауда
жолдары Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысты. Осының бәрі ең маңызды
экономикалық қатынастарды өзгертіп, алдыңғы орынға Англия сияқты мемлекетті шығарды.
Осы кезде еуропалық нарық құрыла бастайды. Оның орталығы бастапқыда
Голландияның Антверген қаласы болатын. Халықаралық нарықты дипломатиялық қалыпқа
келтіру ісі басталды. Ол ХVI ғасырда ғана аяқталды. Сауда әлемдік сипатқа ие болып, мұхит
арқылы сауда жолдары мол табыс әкеле бастады. Англияда осы кезеңде сыртқы саудада мол
табысты көздеген ірі ағылшын көпестерінің ірі тауарлар компаниялары құрылды. ХVI
ғасырдың ортасы мен ХVII ғасырдың басында Мәскеу мемлекетімен сауда қатынастарын
реттеген Мәскеу немесе Орыс сауда компаниясы, Балтық теңізінің бойындағы және
Скандинавия елдерімен сауда жасау мақсатымен Шығыстық
немесе Балтық компаниясы,
Шығыспен саудаласатын Левант компаниясы және сауда компаниялардың ішіндегі ең
маңыздысы Ост – ‡нді компаниясы құрылып, сауда ж‰ргізген елдегі сауданың
монополистіне айналды. Өз қолындағы экономикалық биліктің к‰шеюімен бұл компаниялар
кейіннен саяси билікті де өз қолына шоғырландыра білді. Осылайша Англия ‰кіметі осы
өкілдері арқылы жоғарыдағы елдерге қысым көрсетіп, кейбіреулерін отарлап өз м‰дделеріне
сай саясат ж‰ргізуге м‰мкіншілік алды.
Экономикасы капитализмнің жетістіктерін пайдалана білген, қарқынды дамып келе
жатқан Англия Испанияның “Жеңімпаз Армадасы” жеңген соң халықаралық қатынастарда
да батыл қадамдар жасай бастады. XVI ғасырдың ортасынан – ақ
Мәскеу мемлекетімен
сауда – саттық, елшілік қатынастарды жолға қойды. Өз саудагерлеріне баж салығынсыз
тауар алып өту, сауда жасау сияқты көптеген жеңілдіктер алып берді. Ресей мен Швеция
арасындағы соғысты бейбіт жолмен шешу мәселесінде делдалдық қызмет атқарып,
голландықтарды
әлемдік
соғыс
немесе
бейбітшілік
мәселелерін
шешудегі
артықшылықтарынан айырды.
Еуропа құрлығында да ‰лес салмағын өсіп, Испаниядан кейінгі бәсекелесі Францияны
да дамуы жағынан қуып жетті. Жалпы кейінгі орта ғасырларда абсолютизм мен капиталистік
қатынастардың жетістіктерінің жемісін көрген Англияның сыртқы әлемдік саясаттағы
нығаюы келесі XVIII ғасырда әлемдік теңіз империясына айналуына алғышарт болды.
Достарыңызбен бөлісу: