Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет158/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

Ключевые слова: Искусство слова, культура речи, общество, литературное произведение, 
великий поэт, выдающийся деятель. 
 
Summary: This article analyzes the place and meaning of the word culture. The article analyzes what 
meaning the concept of "art of the word" first acquired in the national consciousness and in what meaning it 
is currently used. The way to form the word skill is to absorb the language through samples of oral and 
fiction literature into a person. The ability to artistically convey the game according to the read work is one 
of the conditions for mastering the language culture.The article also considered the parables of great 
scientists. Works and works related to the art of the word were collected and grouped. A person who knows 
how to speak correctly can explain in detail to the listener his thought, what he says. A skillful, eloquent 
speech to the country requires a lot of work, study and training. Basically, we are talking about the fact that 
the word naturally follows from the flow of thoughts. It explains how to properly use artistic taste, culture of 
speech and oratorical techniques.The slang used in the modern world has been determined experimentally. 
Key words: Art of speech, culture of speech, society, literary work, great poet, outstanding figure. 
Қазақтың кең байтақ даласында тіл тұтастығының сақталуы да көшпелі жұрттың сөз 
өнеріне деген өзіндік ықыласын танытса керек. Алтай таулары мен Маңғыстаудың 
қойнауында қоныстанған қазақтың тілі де, ділі де, діні де ортақ. Әрине, тілде аздаған диалект 
болуы мүмкін, бірақ ол жалпы тұтастыққа ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. 
Атшаптырым аймақта қоныстанған көптеген ұлт- ұлыстар бір-бірін тілмашсыз түсіне 
алмайтын жағдайлар болады. Еуропаның бес бірдей мемлекеті сиып кетердей аумақта 
отырған қазақ халқының ұлттық болмыс, нақыш бояуларының ғасырлар бойы өз сипатын 
жоғалтпай 
тұтастығын 
сақтауы 
таң 
қаларлық 
құбылыс. 
Әрине, 
зерттеуші- 
ғалымдарымыздың, тарихшыларымыздың бұған айтар уәж, пікірлері мол. Ең алдымен
көшпелі жұрттың бір-бірімен қоныстас болып, аралас жүруі тіл тұтастығы сақталуының 
негізгі алғышарты, дейді. Бұл уәжді біз де қолдаймыз. Дегенмен де почта, телеграф сияқты 
байланысы жоқ көшпелі дәуірде ел мен жердің, тілдің тұтастығын сақтап қалуда, далалық 
ақпарат таратудың рөлі қандай болған деген әуестік әркімдерді де қызықтырары болуы 
мүмкін. 
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей 
аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп 
жатады. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін 
сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-
дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. [2, 46] 
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-
бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім 
аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат 
аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, 
дамиды, өркендейді. Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін 
меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы 
табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. 
Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйгеи күйінде тілмен 
айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу 
қиын екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады.
Әдебиет – сөз өнері. Мүсіншінің құралы – саз-балшық, суретшінің құралы – бояу, 
әншінің өнер – үн, бишінің құралы – қимыл болса, әдебиетшінің құралы- тіл. Сөз –
әдебиеттің құрылыс материалы (Федин). Қоғамның сананың айырықша саласы- өнер десек, 


мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат әлеміне атқарар 
қызметі орасан зор. Микеланджело жасаған мүсін, Шекспир туғыған трагедия, Глинка 
шығарған музыка, Абай жазған лирика, Суриков салған сурет мезгіл межелерінен аттап өтіп, 
уақыт сынына мүдірместен, көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді 
және сусындаған үстіне сусындата бермек. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір 
қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола 
тұра өзгешелігі мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімд деу қиын сөз 
бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден 
ерекше өз тілі бар әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл- көркем әдебиеттің халықаралық 
өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау екені рас. Бірақ мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен 
гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты. [1, 145] 
Сөз, тіл өнері, оның тағдыры туралы жазылған, айтылған толғақты пікірлер жүздеген Х 
томдарға жүк болары сөзсіз.ХІХ ғ. қазақтың ойшыл ақыны Абай: «Сөз түзелді, тыңдаушы 
сен де түзел» десе, ХХ ғ. басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллиндер ұлт тіліне, 
сөз өнеріне қатысты ұрпаққа ұлағат болар толғамды пікірлер айтқан болатын. Алыптар 
тобының бұл аманатын М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндер тереңдете түсті. 
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері, ұлт зиялысы А.Байтұрсынов өзінің 
«Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегінде сөз өнері, тіл қисыны, сөз өнерінің ғылымы туралы 
теңдессіз теориялық қағидалар жазды.«Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. 
Тіл өлгенді де тірілтеді. Әлдеқашан қайтыс болған прототиптерді тіл жасаған ұлттық 
образдар тірілтіп көз алдыңа әкеледі. Жалғанда не терең? Сөз терең. Не сұлу? Сөз сұлу. Не 
өткір? Сөз өткір. Сөз құдіреті ғажап: алтынды мыс, мысты алтын етіп көрсете алады. Тас 
жүректі қорғасындай балқытып, балқыған қорғасынды тастай ете алады. Кірлі көңілді 
тазартып, кірсіз көңілді кірлей алады. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын бер- се 
мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен сенімді байлық. Мұралардың 
ең қымбаттысы — сөз. Сөз Күн шалмас қараңғы көңілді шалады, Күн жылытпас суық 
көңілді жылыта- ды. Сөз құдіреті ақты қара, қараны ақ етуге жетеді. Асыл адам да, асыл 
нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды». (Ғ.Мұстафин) . Адамзаттың асыл 
қасиеті — сөз өнерін осылай деп бағалайтын болсақ, сөздің асылы мен жауһарының алтын 
қазынасы саналатын айтыс ақындарының, жыраулардың шығармашылық жәдігерлері халық 
үшін таптырмас құнды дүние болмақ. [3, 205] 
Абай — жаңашыл ақын. Ол бәрінен бұрын, қазақтың әдеби тілін шынайлығын жан сала 
қорғап, өлең сөзін әртүрлі жамау-құраудан, баяғы ескі биші бос мақалдап,құр босқа жан 
жалдап, тіл безеуден құтқарады. Поэзияда тек қана іші алтын-сырты бүтін жолдарын 
нұсқады. Суреткерлік шеберерлік құпияларын ашып көрсетті. Мазмұн мен пішінің 
мұншалық әсем үндестігін қадағалаған ақын мазмұнның пішімінен басымдылығын аңғарды. 
Мысал келтірсек
Әркімді заман сүйремек, 
Заманды қай жан билемек? 
Заманға жаман күйлемек, 
Замана оны илемек, — деп, Абайдың тек қана сөз өнерін емес, халқымызға үндеу жолы 
болып табылады. [4, 365] 
Тағы сөз өнерін зерттеп көрсек образ деген терминнің мына бір қырын біліп алу шарт. 
Ең қарапайым мағынасында образ- суретті сөз. 
Күлімсіреп аспан тұр, 
Жерге ойлатып әр нені. 
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес, әрдебір 
тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай 
тұрған жоқ, езу тартып, күлімсіреп тұр. Жер жай жатқан жоқ, әлгі бір жадырап жайнап 
күлген аспанның қылығына елтіп, бір түрлі ойланып жатыр. Осының бәрін бір көзімізбен 
көріп, көкірегімізбен сезінетін секілдіміз. Аспан күлімсіреп тұр дегенде аспанның ашық, 
нұрлы екенін айтып отыр. Бірақ аспан ашық сөздің әсері аспан күлімсіреп тұр дегендей 


болмас еді. Өйткені алдыңғысы әншейін хабар, ауызекі айтыла салған сөз ғана да соңғысы – 
сөзбен салынған сурет. Бұл әрі нақты, әрі – затты. Бұл бедерлі бейне, көркем образ. Сөз 
зергерлері көркем сөз арқылы бұлайша өрнек төгіп, айшық жасамаса, әдеби шығарма да 
тумас еді. Бұл ретте образ тіпті тар мағынасының өзінде әдеби тілдің жалпы сөйлеу 
тілімізден айырмашылығын да, артықшылығын да қоса танытып тұр. Тек мынаны білу керек 
көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар, оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші 
осынау образдылығында жатады. [4, 87] 
Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара өатар түзеп, тіркес 
қүрғанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың 
өзгеше айшық – өрнегі, сурет сәулісі түсетін тірізді. 
Біздің көркемдегіш сөздеріміздің көпшілігі баяғы бабалар дәуірінен бері қарай мың 
мәрте қолданылып келеді. Ол әсіресе ауыз әдебиетінде тұнылып тұр. Және олар ауыз 
әдебиетінің щығармаларына жарасып-ақ қалады. Мысалы, Қыз Жібектің портретін жыр 
сүйген жұрт жатқа біледі. 
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай. 
Ақ бетінің қызылы 
Ақ тауықтың қаныңдай. 
Екі беттің ажары 
Жазғы түскен сағымдай. 
Ғажап емес пе? Мұндай керемет мұндай керемет сұлу, жан тебірентер қаламгеріміздің 
бірі айнытпай қайталап, өзінің көркем шығармасында сұлу әйелдің ақтығы ақша 
қарындай.деп теңеген. [1, 114] 
Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе — қайталанбайтын нәрсе.Сондай-ақ көркем сөз өнерінің 
табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-
жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен 
жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, 
эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба 
әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз 
өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, 
тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», 
өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» 
т.б. сөз етіледі. Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем 
қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи 
әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, 
байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен 
сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама 
береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда 
сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады. «Діндар 
дәуірдегі» айтыс пен «сындар дәуірдегі» айтыс-тартыс екеуі екі бөлек нәрсе, тек айтыс деген 
аты жағынан ғана ұқсас.
Әдеби тілдің үлгісі не дегенде, біз ең алдымен көркем әдебиет тілін айтамыз. Әдеби 
тілдің нормасы дегенде тағы көркем әдебиет тіліне жүгінеміз. Тіл білімпаздары тіл 
зерттегенде, сөздіктер жасағанда ең алдамен көркем әдебиет тілін негізге алады. Түрлі 
мектеп оқушылары мен хрестоматияларға үзінділер беріп, біз мектеп оқушыларын 
мәдениетті, сауатты сөйлеуге көркем шығармаларын қадірлейді, көп оқиды, оның тілін үлгі 
тұтады. Егер көркем шығарма тілінде әдеби тілге жатпайтын кедір-бұдыр, өңделмеген 
сөйлемдер кездесіп отырса, ондай сөздер оқушылардың тілін байыта алмайды.Жергілікті 
халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар 
жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, 
кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық 
тұлғаларды жиі қолданады. Бізде көркем шығарманың тіліне үлкен талап қоярлықтай 


талғампаз, сауатты оқушылар өсіп жетілді. Сондықтан біз мұндай кемшілктерге жол 
бермеуіміз керек. Әдеби тілдің даму бағыты әрқашан да бірыңғай сипатта болған емес. Дәуір 
талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді. Сөз өнерінің шебері әдеби тілдің белгілі 
дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге тиіс. Ол өзіне тән көркемдік, 
стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл творчествосымен, жаңалығымен белгілі кезеңде 
негізі салынған әдеби тіл дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің 
даму бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталғаны мәлім. Абай дәстүрін, ол белгілеген 
бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлік пен дамытып отырған 
ақын- жазушылар бізде аз емес. Бірақ көркем әдебиетпен айналысып жүрген адамдардың 
ішінде қазақ әдеби тілінің даму бағытын жете түсінбейтіндер де бар. Сондықтан кейбір 
шығармаларды қолдану аясы тар сөздер, тілімізді шұбарлайтын диалектизмдер жиі 
кездеседі. 
Сөйлеу – жеке өзіңнің қажетің ғана емес. Қоғамдық сипаты мол қасиет бұл. Сөйлеу 
мәдениеті осыдан шығады десек, артық айтқандық емес.Сөз – қару, сөз – демеу, сөз – бағыт 
бағдар, сөз – іс-қимыл болған заманда өмір сүру өте күрделі һәм қиын. Төл тіліміз өз 
еркіндігін алып, өз тізгінін қолына алды дегенмен, әлі де зәруліктер жеткілікті. Бұл, бәлкім, 
заңдылық та шығар. “Бәріміз бір тілде сөйлесек, жұмақ – қоғам орнатамыз” деген 
коммунистік идеологияның зардабы да болар. Әйтпесе, ана тілі деп бағаланатын қасиеті мен 
киесі бар өз тілінен өгей бала ғана өзеуреп, өзегінен жериді емес пе?!. Өз тілін білген, өзін 
құрмет тұтқан перзент өзгені де тап солай сезінері хақ. Өзінен безген өзгені де жарылқары 
аса күмәнді де. Тіл де солай ендеше. Өткен тарих та осылайша ғибраттайды. Тіл мәдениеті – 
айрықша парықтауды қажет етеді. Анайы сөйлеуге, сөге жамандай сөйлеуге деген дағдыдан 
бас тарта білсек, қанеки. Рас, қоғам бір-ақ сәтте сыпайы сөйлеп, бекзат қалыпқа еніп, дегдар 
деңгейге жете қоюы бек мүмкін деп ойлау аздық етеді. Оның үстіне әңгіме айтқанда да 
аспандай бермей, жерге түскен де дұрыс. Сонымен, жердегі әңгіме не дейді. Жердегілер не 
деуші еді. Бүйдейді де: Дұрыс дейді. Жақсы сөйлеу керек. Сыпайы реуіште жүру керек дейді 
және де. Содан соң айтады. Сөгу, былапыт сөйлеу күнә деп айтар сөздерін шегелей түседі. 
Қосыласың.Өйткені өзің де солай ойлайсың. Бұл – ой-пікір, бәтуа жағы. [5, 91] 
Сөйлеу мәдениеті өзінен-өзі қалыптасып, нығаймайды. Бірді-екілі іс- шаралармен сөз 
мәдениеті, сөйлеу мәдениеті жайлы мәселелерді көтеруге болады да. Бірақ бұл мәселені 
түбегейлі шешпейді. Ел эканомикасынан, халқының әл-ауқатынан тыс дүние емес, қоса 
өрілген еншілес дүние. Бірінсіз-бірі ғұмыр кешпейді. Күні кешегі кеңестік жүйедегідей 
сананы қаншама өзгертемін деп әуре-сарсаңға салғанындай, оның күні қараң. Бір-ақ күнде 
күйреп қалады. Сол себепті де тәуелсіз еліміз бүгінгі таңда ел эканомикасын тіктеп, оның 
рухани-мәдени салаларына жіті назар аудара бастағаны мәлім. Сондай-ақ, осы орайда 
құқықтық, мәдени, этикалық мәселелердің төбе көрсетіп тұрғаны да шындық. 
Әрбір адамның ішкі мәдениетіне тікелей тәуелді болғанымен, әсіресе, жастар арасында 
өздерінше заманауи, сәнді әрі өздерінше уақыт деңгейінен қалмағандығын дәлелдетуге 
тырысатын сөздер қазірде жеткілікті. Бұл сөздер қылмыс әлемінің жаргондары мен 
лексикасы десек те, кейбір жастар оларды мейілінше қолданады. Мысалы: сындырдым 
(көндірдім), жынды (керемет), лақтырды (тастап кету) т.т. [6, 416] 
Кез келген адамның ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің 
қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз 
алма, сөзіне қарап кісіні ал», — деген ұлы Абай ескертуін ойдан шығармағанымыз абзал. 
Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам 
өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді.Жалпы 
осы тақырыпты қозғаудың себебі, адам баласы туған тілін біле отырып, толық қанды 
сөйлемейді. Ата-әжелеріміз сөйлегенде сөздің майын шығарған, ал қазір жастар, неге солай 
сөйлемеске? Қазақ тілінің сапасы жоғалып бара жатқан сияқты. Әдеби сөйлемек түгіл, туған 
тілін ұмытып бара жатқандар да аз емес. Сол себепті әдеби сөйлеу тілін жаңартып, толық 
қазақ тілінде сөйлеуге үйрету керек. 


Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы 
тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл. Мәселе тілдің міндетін дұрыс 
түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және 
халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге 
енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән 
келтірмеуге болады. [7, 69] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет