Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата15.11.2022
өлшемі1,72 Mb.
#50200
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

 «Броундық қозғалыс» 
 
Сынып 
ішіне 
тақырыпқа 
қатысты 
мәліметтер 
мен 
ақпараттар 
орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген 
тақырып бойынша ақпарат жинайды. 
 
«Бұл кім?» 
 
Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір 
оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу 
мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды


29 
және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда 
оқушыны мақтаған дұрыс. 
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер 
таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар 
таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. 
Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген...Ол кім?... 
Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...». 
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға 
бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте 
ұнатады. 
«Бұлт үстіндегі саяхат» 
 
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем 
алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ 
жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне 
секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа 
ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға 
көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген 
тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. 
Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және 
таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт 
үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, 
оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, 
көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет