118
Үй тапсырмасы туралы
ақпараттандыру кезеңі
Үй тапсырмасының көлемі мен күрделілігін білім
алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай саралау
қажет екенін есте сақтаңыз.
Үй тапсырмасын
тексеру кезеңі
Оқу қиындықтары бар білім алушылар жауабын жиі сұраңыз
және шыдамдылықпен тыңдаңыз.
Жауап сәтсіз болған жағдайда, оның атына теріс бағалау
пікірлерінен аулақ болыңыз.
білім алушылардың жауаптарын жиі көтермелеу (бағалау
пікірлері).
Меңгеруде қиындық көретін білім
алушылардан жауап
беретін білім алушыға сұрақтар дайындау және қоюын
сұрау.
Оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі қазіргі мектеп үшін басты
мәселелердің бірі болып табылады және сәтсіздіктің алдын алу тұрғысынан оған
жетекші рөл беріледі. Оқу мотивациясын қалыптастыру бойынша жұмысты
жоспарлау кезінде оның негізінде оқу іс-әрекетіне,
оқу материалының
мазмұнына, білім алушының өзіне және оның күштеріне қатынасы
қалыптасатынын есте ұстаған жөн.
Оқу іс-әрекетіне жағымды қатынасты қалыптастыру бойынша мұғалімнің
жұмыс жүйесін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады, олардың
дәйектілігі өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: