200
201
8. ФИРМАНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫН ЖАСАУ
8.1. Жоспарлау
Жоспарлау екі бөліктен тұрады — стратегиялық жоспарлау
жəне маркетингті жоспарлау.
Бақылау дегеніміз
— маркетингтің
стратегиялық жоспары
шегінде қол жеткізілген нəтижелерді өлшеу жəне саралау, тиісті
түзету түріндегі əрекеттер жүргізу болып табылады.
Формальды жоспарлаудың көптеген пайдасы болады. Мелвилл
Бранч осы пайдаларды келесі тəртіпте көрсетеді: 1. Жоспарлау
жетекшілерді үнемі келешекті ойлауға ынталандырады. 2. Ол фирма
қабылдайтын шараларды нақтырақ үйлестіруге жол ашады. 3. Ол
арқылы келесі кезекте орындалатын істің бақылауын жүргізуге
болады. 4. Ол фирманың өз міндеттері мен саяси мақсатын нақтырақ
анықтауға мəжбүрлейді. 5. Ол фирманың күтпеген
жағдайларға
дайын болуына көмектеседі. 6. Ол барлық лауазымды тұлғалардың
міндеттерінің өзара байланысын көрнекі түрде көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: