130
131
бұзылуына соқтырады жəне тұтынушылардың көңіл толмау-
шылығын тудырады.
Тауар қорлары қызметінің басқарушысы тауарды ұстауға
шығынды қысқартуды желеу етіп, шағын тауарлы-материалдық
қорды ұстағанды жөн көреді. Алайда, мұндай жағдайда тауардың
қолда болмау жағдайлары жиілеп, орындалмаған тапсырыстардың
саны артады, кеңсе жұмыстарының көлемі көбейеді, жоспарланбаған
тауар партиясын өндіруге жəне оны тездету үшін қымбат тұратын
құралдарды пайдалануға қажеттілік өседі. Тауар қозғалысын
ұйымдастыру негізінен ымыраға келумен қатар жүретін қызмет
екендігін ескере отырып, мұндай шешімдерді қабылдауға жүйелі
тəсіл қажет.
Тауар қозғалысы жүйесінің бастапқы нүктесі — клиенттердің
қажеттіліктері мен бəсекелестердің ұсыныстарын зерттеу. Тұтыну-
шыларды мыналар қызықтырады: 1) тауардың уақтылы жеткізілуі;
2) жабдықтаушының клиенттің төтенше мұқтаждықтарын қана-
ғаттандыруға дайын болуы; 3) тиеу-түсіру жұмыстары кезінде
тауарға мұқият болу; 4) жабдықтаушының ақауы бар тауарларды
кері қабылдауға жəне оларды жедел ауыстыруға дайын болуы; 5)
жабдықтаушының клиенттер үшін,
тауарлы-материалдық қорды
ұстауға дайын болуы.
Фирмаға осы қызмет түрлерін клиенттер үшін маңыздылығын
зерттеу қажет. Мысалы, фотокөшіргіш құрылғыны сатып алатын-
дар үшін, жөндеу бойынша қызмет көрсетудің мерзімі үлкен ма-
ңызға ие. Сондықтан, «Ксерокс» корпорациясы қызмет көрсету,
жөндеу бойынша стандарттарды жасады. Ол бойынша компания
«істен шыққан аппаратты Құрама Штаттардың кез келген
континенттік нүктесінде қызмет көрсетуге арыз түскеннен кейін
үш сағаттың ішінде жөндеуге міндеттеледі».
Корпорацияның
техникалық қызмет көрсету бөлімінде жөндеу жəне қосалқы
бөлшектермен жабдықтау бойынша 12 мың маман жұмыс істейді.
Фирма техникалық қызмет көрсету бойынша өз стандарттарын
жасау кезінде бəсекелестердің осы бойынша стандарттарын
міндетті түрде ескеруі тиіс. Əдетте, фирма клиенттерге ең кемінде
бəсекелестері сияқты дəрежеде қызмет ұсынуға тырысады.
Алайда, негізгі мақсат сатудың емес, табыстың барынша өсімін
қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан,
фирмаға жоғары
дəрежеде қызмет көрсетудің қандай шығындары болуы мүмкін
екендігін ойлануға тура келеді. Кейбір фирмалар арзан бағалар
бойынша едəуір қарапайым қызмет көрсетуді ұсынады. Екінші
фирмалар бəсекелестеріне қарағанда, қызмет көрсетудің үлкен
көлемін ұсынады, бірақ, олар үшін айтарлықтай жоғары шығындар
қосылған бағаны алады.
Қалай болғанда да, фирма өзінің тауар қозғалысын жоспарлау
барысында басшылыққа алатындай дəрежеде қалыптастыруы
керек.
Қызмет көрсету жүйесінің əрбір құрамдас бөлігі үшін стан-
дарттар жасалады. Тұрмыста пайдаланылатын электр тауарларын
өндірушілердің бірі қызмет көрсетудің келесі стандарттарын
бекітті: 1) жеті күннің ішінде тауарды жеткізу бойынша дилерлерден
алынған өтініштердің ең кемі 95 %-ын орындау; 2) дилерлердің
өтініштерін 99 % орындау; 3) үш
сағаттың ішінде дилерлердің
сауалдарына олар орындаған тапсырыстар бойынша істің мəн-
жайы жөнінде жауап қайтару; 4) жолда бұзылатын тауарлардың
саны 1 %-дан аспауына қол жеткізу.
Тауар қозғалысының мақсаттар кешенін жасағаннан кейін,
фирма осы мақсаттарға барынша аз шығынмен жетуді қамтамасыз
ететін тауар қозғалысы жүйесін қалыптастыруға кіріседі. Бұған
қоса, келесі негізгі мəселелер бойынша шешімдер қабылдау
қажет:
1. Тапсырысшылармен қалай жұмыс істеу қажет? (тапсырыстарды
өңдеу);
2. Тауарлы-материалдық қорды қай жерде сақтаған дұрыс?
(қоймада);
3. Қандай қор үнемі өзіңде болу керек? (тауарлы-материалдық
қор);
4. Тауарды қалай тиеу қажет? (тасымалдау).
Енді осы төрт аспектінің маркетинг тұрғысынан маңыздылығын
қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: