А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет77/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   165
6.2.3. Тауар қозғалысының мақсаттары
Көптеген фирмалар тауар қозғалысының мақсаты керекті 
тауарлардың керекті жерге керекті уақытта барынша аз шығынмен 
жеткізілуі деп анықтайды. Өкінішке орай, тауар қозғалысының 
бірде-бір жүйесі клиенттерге барынша жақсы қызмет көрсету 
мен тауарды тарату бойынша шығындарды барынша қысқартуды 
қатар орындауға қабілетті емес. Клиенттерге арналған барынша 
жақсы қызмет көрсету үлкен тауарлы-материалдық қорды ұстау, 
тасымалдаудың мінсіз жүйесі, көптеген қоймалардың болуы 
дегенді білдіреді. Мұның барлығы тарату бойынша шығындардың 
өсуіне мүмкіндік жасайды. Шығындарды қысқартуға бағдарлау 
тасымалдаудың арзанқол жүйесі, шағын тауарлы-материалдық 
қорды ұстау, қоймалар санының аз болуы дегенді білдіреді. 
Тауар қозғалысының шығындары көп жағдайда кері пропор-
ционалды тəуелділікте өзара байланысты. 
Экспедиторлық-көлік қызметінің басқарушысы мүмкін бол-
ған барлық жағдайларда тауарды ұшақпен емес, темір жолмен 
жөнелткенді дұрыс көреді. Бұл фирманың көлік шығындарын 
азайтады. Алайда, темір жолдағы қозғалыс жылдамдығының 
баяулығынан айналымдағы капитал ұзақ уақытқа байланып 
қалады, клиенттер тарапынан төлемдер бөгеледі, бұған қоса, 
мұндай жеткізілім клиенттерді айтарлықтай қысқа мерзімде 
жеткізіп беретін бəсекелестерден тауар алуға итермелейді.
Фактор
Өндірушінің əрекеті
Көтерме (бөлшек) 
сауданың əрекеті
Жаңа тауарды 
тапсыру
Мұқият тексеру, сату 
кезінде тиісті қолдау 
көрсету
Сөрелер мен сауда 
алаңдарынан жақсы 
орындар ұсыну, өнімге 
қатысты ынта, сынама 
маркетингке көмектесу
Жеткізу
Тапсырысты жылдам 
қабылдау, бекітілген 
мерзімдерді сақтау
Жеткізуге сəйкес 
уақытты ұсыну, 
тапсырыстың 
сəйкестігін дереу 
тексеру
Маркетингтік 
зерттеулер
Көтерме жəне 
бөлшек сауда туралы 
мəліметтерді жеткізу
Мəліметтерді 
өндірушіге жеткізу
Баға 
қалыптасуы
Көтерме жəне бөлшек 
сауда үшін табыс 
əкелетін бағалар бектіту, 
дилерлерге икемділікті 
қамтамасыз ету
Кəдімгі бағалардан 
өзгешеленетін бағалар 
бойынша төмен 
бағамен сатуды сирек 
жасау, тиісті бейнені 
қалыптастыру
Жылжу
Сауда қызметкерлерін 
оқыту, оларды 
ынталандыру, ұлттық 
жарнама кампанияларын 
жасау
Дүкен ішіндегі 
тартымды витриналар, 
маманданған 
сатушылар,
бағдарламаға қатысу
Қаржыландыру
Либералды қаржылық 
шарттар
Қаржылық шарттарды 
сақтау
Өнімнің сапасы
Өнімге кепілдік
Тиісті нұсқау жəне 
өнімге қызмет көрсету
Каналдарды 
бақылау
Біріккен жəне нақты 
шешім қабылдау
Жөнелту бөлімі шығынды барынша қысқарту үшін, арзан 
контейнерлерді пайдаланады. Бұл тауардың жол бойы қатты 


130
131
бұзылуына соқтырады жəне тұтынушылардың көңіл толмау-
шылығын тудырады. 
Тауар қорлары қызметінің басқарушысы тауарды ұстауға 
шығынды қысқартуды желеу етіп, шағын тауарлы-материалдық 
қорды ұстағанды жөн көреді. Алайда, мұндай жағдайда тауардың 
қолда болмау жағдайлары жиілеп, орындалмаған тапсырыстардың 
саны артады, кеңсе жұмыстарының көлемі көбейеді, жоспарланбаған 
тауар партиясын өндіруге жəне оны тездету үшін қымбат тұратын 
құралдарды пайдалануға қажеттілік өседі. Тауар қозғалысын 
ұйымдастыру негізінен ымыраға келумен қатар жүретін қызмет 
екендігін ескере отырып, мұндай шешімдерді қабылдауға жүйелі 
тəсіл қажет. 
Тауар қозғалысы жүйесінің бастапқы нүктесі — клиенттердің 
қажеттіліктері мен бəсекелестердің ұсыныстарын зерттеу. Тұтыну-
шыларды мыналар қызықтырады: 1) тауардың уақтылы жеткізілуі; 
2) жабдықтаушының клиенттің төтенше мұқтаждықтарын қана-
ғаттандыруға дайын болуы; 3) тиеу-түсіру жұмыстары кезінде 
тауарға мұқият болу; 4) жабдықтаушының ақауы бар тауарларды 
кері қабылдауға жəне оларды жедел ауыстыруға дайын болуы; 5) 
жабдықтаушының клиенттер үшін, тауарлы-материалдық қорды 
ұстауға дайын болуы. 
Фирмаға осы қызмет түрлерін клиенттер үшін маңыздылығын 
зерттеу қажет. Мысалы, фотокөшіргіш құрылғыны сатып алатын-
дар үшін, жөндеу бойынша қызмет көрсетудің мерзімі үлкен ма-
ңызға ие. Сондықтан, «Ксерокс» корпорациясы қызмет көрсету, 
жөндеу бойынша стандарттарды жасады. Ол бойынша компания 
«істен шыққан аппаратты Құрама Штаттардың кез келген 
континенттік нүктесінде қызмет көрсетуге арыз түскеннен кейін 
үш сағаттың ішінде жөндеуге міндеттеледі». Корпорацияның 
техникалық қызмет көрсету бөлімінде жөндеу жəне қосалқы 
бөлшектермен жабдықтау бойынша 12 мың маман жұмыс істейді. 
Фирма техникалық қызмет көрсету бойынша өз стандарттарын 
жасау кезінде бəсекелестердің осы бойынша стандарттарын 
міндетті түрде ескеруі тиіс. Əдетте, фирма клиенттерге ең кемінде 
бəсекелестері сияқты дəрежеде қызмет ұсынуға тырысады. 
Алайда, негізгі мақсат сатудың емес, табыстың барынша өсімін 
қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, фирмаға жоғары 
дəрежеде қызмет көрсетудің қандай шығындары болуы мүмкін 
екендігін ойлануға тура келеді. Кейбір фирмалар арзан бағалар 
бойынша едəуір қарапайым қызмет көрсетуді ұсынады. Екінші 
фирмалар бəсекелестеріне қарағанда, қызмет көрсетудің үлкен 
көлемін ұсынады, бірақ, олар үшін айтарлықтай жоғары шығындар 
қосылған бағаны алады. 
Қалай болғанда да, фирма өзінің тауар қозғалысын жоспарлау 
барысында басшылыққа алатындай дəрежеде қалыптастыруы 
керек. 
Қызмет көрсету жүйесінің əрбір құрамдас бөлігі үшін стан-
дарттар жасалады. Тұрмыста пайдаланылатын электр тауарларын 
өндірушілердің бірі қызмет көрсетудің келесі стандарттарын 
бекітті: 1) жеті күннің ішінде тауарды жеткізу бойынша дилерлерден 
алынған өтініштердің ең кемі 95 %-ын орындау; 2) дилерлердің 
өтініштерін 99 % орындау; 3) үш сағаттың ішінде дилерлердің 
сауалдарына олар орындаған тапсырыстар бойынша істің мəн-
жайы жөнінде жауап қайтару; 4) жолда бұзылатын тауарлардың 
саны 1 %-дан аспауына қол жеткізу. 
Тауар қозғалысының мақсаттар кешенін жасағаннан кейін, 
фирма осы мақсаттарға барынша аз шығынмен жетуді қамтамасыз 
ететін тауар қозғалысы жүйесін қалыптастыруға кіріседі. Бұған 
қоса, келесі негізгі мəселелер бойынша шешімдер қабылдау 
қажет: 
1. Тапсырысшылармен қалай жұмыс істеу қажет? (тапсырыстарды 
өңдеу);
2. Тауарлы-материалдық қорды қай жерде сақтаған дұрыс? 
(қоймада);
3. Қандай қор үнемі өзіңде болу керек? (тауарлы-материалдық 
қор);
4. Тауарды қалай тиеу қажет? (тасымалдау). 
Енді осы төрт аспектінің маркетинг тұрғысынан маңыздылығын 
қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет