А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет80/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

6.2.7. Тасымалдау
Маркетинг бойынша мамандарға олардың фирмасы тауарды 
тасымалдауға қатысты қандай шешімдер қабылдайтынын 
білу қажет. Тауарлардың бағасы, оларды жеткізудің уақтылы 
болуы, тауарлардың тиісті жерге жеткен уақыттағы жағдайы 
тасымалдаушыны дұрыс таңдауға байланысты. Мұның барлығы 
өз кезегінде тұтынушының қанағаттану дəрежесінен көрініс 
табатыны шындық. 
Фирма тауарларды қоймаға, дилерлерге, тұтынушыларға жі-
беру кезінде көліктің бес түрінің бірін таңдайды: темір жол, 
су, автомобиль, құбыр жүргізу, əуе көліктері. Осы көліктердің 
əрбірінің сипаттамасы 6.2.7. кестеде жинақталған. Төменде олардың 
сипаттамасы берілген. 
6.2.7. кесте
Каналдардың ішіндегі ынтымақтастықты қамтамасыз 
ету əдістері АҚШ бойынша мəліметтер
Көлік түрі
1980 ж. жүк айналымы, 
млрд. тонна-миль 
Айналымның 
анағұрлым жиі 
тасымалданатын 
тауарлары 
Темір жол
858,1
30,0
Су
827,2
28,7
Автомобиль
602,0
21,0
Құбыр жүргізу
585,2
20,2
Əуе 4,6
0,1
6.2.8. Канал қатысушыларының қызметін бағалау
Өндіруші дистрибьюторлардың жұмысын өткізу нормасын орын-
дау, тауар қорының орташа деңгейін ұстау, тауарды тұтынушыларға 
жеткізу жеделдігі, бұзылған жəне жоғалған тауарларға қатынасы
фирмамен өткізуді ынталандыру жəне оқу бағдарламаларын жү-
зеге асыруда ынтымақтастықта қызмет ету, сондай-ақ делдал 
тұтынушыларға ұсынуға тиісті қызметтер жиынтығы секілді көр-
сеткіштерді мерзімді түрде тексеріп отыруы қажет.
Əдетте, өндіруші — делдалдар үшін өткізудің белгілі бір 
нормасын белгілейді. Кезекті жоспар мерзімі өткеннен кейін, 
ол барлық делдалдарға олардың əрбірінің сауда қызметінің 
көрсеткіштері көрсетілген мəліметтерді жібереді. Бұл мəліметтер 
артта қалып қойғандарды жақсы жұмыс істеуге ынталандырып, 
озық дилерлерге қол жеткен жетістікті ұстап тұруға итермелеуге 
тиісті. Делдалдардың сауда қызметінің көрсеткіштерін олардың 
алдыңғы кезеңдердегі көрсеткіштерімен салыстыруға болады. 
Бүкіл топ бойынша көрсеткіштердің орташа пайыздық өсімін 
норма деп есептеуге болады. 
Өндірушілер өз дилерлеріне ерекше көңіл аударуы қажет. 
Делдалдарға тиісті назар аудармайтын өндірушілер темір жол 
көлігінде олардың қолдауынан айрылып қалуы мүмкін. 
Темір жол елдегі ең ірі жүк тасымалдаушы болып табылады. 
Олардың үлесіне жалпыұлттық жүк айналымының тонна мильмен 
есептегенде 30 %-ы келеді. Шығын тұрғысынан, темір жолдар 
— төгіп тиейтін жүктердің вагон партияларын (тас көмірді, 
кенді, құмды, ауылшаруашылық жəне орман өнімдерін қашық 
жерлерге тасымалдау) тасымалдау бойынша едəуір рентабельді 
көлік түрі. Жақында темір жолдар клиенттердің ерекшеліктерін 
ескергендіктен, қызмет түрлерін көбейте бастады. Тауарлардың 
жекелеген санаттары бойынша анағұрлым тиімді жүк өңдеу үшін 
жаңа жабдықтар жасалып, автомобиль тіркемелерін тасымалдауға 
арналған платформалар əзірленді (рейстік кон-трейлер), сонымен 
қатар, тиелген тауарларды тікелей маршрут бойымен басқа 
жерге жеткізу, тауарларды тасымалдау барысында өңдеу секілді 
қызметтерді жол бойында ұсынатын болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет