2.8 Өз бетімен бақылау үшін тест тапсырмалары:
1. Гидросфераға азот, фосфор сияқты химиялық элементтердің артық
мөлшерінің түсуі:
А) су қоймасының адификациясына
В)су қоймасының эвтрофикациясына
С)су қоймасының тұздалуына
D)су қоймасының батпаққа айналуына əкеледі.
2. Бұрын жақсы дамыған су организмдерінің тобын сақтаған түр қалай
аталады?
А) эндемик
В) реликвия
С) эдификатор
D) реликт
3. Бентос - бұл
А) су өсімдіктері мен омыртқасыз жануарлардың жиынтығы
В) ластанған су қоймасы
С) су қоймасының түбінің организм-мекендеушілері
D) мұхит түбін мекендеушілерді сипаттайтын табиғи бірлік
4. Берілген су қоймасына ғана тəн түр қалай аталады?
А) эврибионт
В) эндемик
С) стенобионт
D) автохтоном
5. Су қоймасын мекендейтін органимдер түрінің ғаламдық масштабта
қысқаруының негізгі себебі қандай?
А) адамның іс əрекееті нəтижесінен тірі организмдердің мекен орнының
бұзылуы.
Б) су қоймаларының ластануы
С) ауаның ластауы.
D) жаңа түрлердің интродукциясы
6. Су объектілерін антропогенді ластау көзіне жатпайды:
104
А) ауыл шаруашылығы
В) мұнай өңдеу
С) вулкандар мен гейзерлер
D) өндірістік кəсіпорындар
7. Озондау – бұл :
А) жаңа технологиялар жасау жəне халықаралық конвенциялар қабылдау
арқылы планетамызның озон қабатын қорғау
В) суды немесе ауаны микроорганизмдерді, органикалық ластаушыларды
құрту жəне судың жағымсыз исін жою мақсатымен озонмен өңдеу
С) Жердің озон қабатынан ұшатын аппараттармен ұшып өту моменті
D) планетамыздың озон қабатының бұзылуын азайту
8. Су қоймасының эвтрофикациясына судағы қандай қосылыстардың
артықшылығы əкеледі?
А) калий жəне көміртек диоксиді
В) азот жəне фосфор
С) натрий жəгне калий
D) микроэлементтер
9. Гидробионттардың қоректік тізбектерінде улы заттардың жинақталу
процесі қалай аталады?
А) концентрлену
В) биомүмкіндік
С) адсорбция
D) биоаккумуляция
10. Су экосистемаларының ластануын зерттегенде көбірек ақпараттар алуға
мүмкіндік беретін əдістер:
А) хроматография
В)физика-химиялық
С) биоиндикациялық
D) физикалық
11. Келесі түсініктердің қатарынан артық сөзді алып тастаңыз
А) планктон
В) нектон
С) нейстон
D) обертон
12. Су қоймаларының қышқылдық көрсеткішін төмендететін
факторлардың біріне жатады:
А) қышқыл жаңбырлардың жаууы
В) мұнай өнімдері араласқан ағынды суларды төгу
С) пестицидтердің шайылуып түсуі
D) каустикалық соданы су қоймасына дүркіндетіп төгу
13. Су қоймаларына су сапасының нормативтерін тағайындағанда
(ластаушы заттарға ШРК) ескеріледі:
А) су қоймаларын əр түрлі су пайдалану категорияларына жатқызу
В) су қоймаларының орналасқан жері
С) су қоймасын ауыз су мақсатына қолдану
105
D)су қоймасын балық шаруашылығы мақсатына қолдану
14. ШРТ нормативтерінің жобасы мына мақсаттарға арналмаған:
А) су қоймасына ластаушы заттарды төгуді шектеу
В) төгуге рұқсат беру
С) су қоймасына ластаушы заттардың төгілуін бақылау
D) жер үсті суларының мониторингі
15. Ауыз су сапасын көрсеткіштердің қандай тобы сипаттайды?
А) органолептикалық, физика-химиялық, бактериологиялық
В) физикалық, химиялық, бактериологиялық
С) органолептикалық, биологиялық, физикалық
D) тотығу, тотықсыздану, бактериологиялық
16. Су ресурстарының кадастры деген не?
А) су ресурстарын экономикалық бағалау
В) су ресурстарының тиімді пайдалануын бақылау
С) су ресурстарын экологиялық бағалау
D) су ресурстарының сандық, сапалық, ұйымдастырушылық, экономикалық
жəне экологиялық көрсеткіштерін жинақтау
17. Су ресурстары кадастрының мақсаты
А) су ресурстарын есепке алу, пайдалануын жоспарлау, экономикалық
бағалау жəне шығынды анықтау
В) су ресурстарын пайдалануды бақылау
С) гидросфераға ластаушы заттардың төгілуін бақылау
D) су ортасының ластануын бақылау
18. Су қоймасына ластаушы заттарды төгудің негізі:
А) төгуге шек
В) төгуге рұқсат
С) лицензия
D) тазарту қондырғыларының бар болуы
19. Су ресурстарын жəне атмосфераны құқықтық қорғау ... негізінде
жүргізіледі:
А) «экологиялық экспертиза туралы» заң
В) су кадастры
С) «атмосфералық ауаны қорғау туралы» заң
D) «ҚР қоршаған ортаны қорғау» заңы
20. Судың ірі дисперсті қоспаларын ауырлық күшінің əсерінен тұндыру
қалай аталады?
А) абсобция
В) седиментация
С) ассоциация
D) деструкция
21. Дисперсті жəне коллоидты системаларда ірі агрегаттар түзу арқылы
бөлшектердің жабысуы қалай аталады?
А) коалесценция
В) коавервация
С) коагуляция
106
D) седиментация
22. Активті батпақ – бұл:
А) бактериялар мен қарапайымдардың флокуляцияланған қоспасы
В) бактериялар нитрификаторлар
С) жіп тəрізді бактериялар
D) өзен батпағы
23. Ағынды суларың құрамындағы органикалық заттар көбінесе мына түрде
анықталады:
А) оттектің биологиялық қажеттілігі (ОБҚ)
В) сутектің химиялық қажеттілігі
С) органикалық көміртектің жалпы құрамы
D) оттектің теориялық қажеттілігі
24. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы реагенттер ретінде
қолданылмайды:
А) темір хлориді
В) алюминий дигидросульфаты
С) алюминий оксихлориді
D) формальдегид
25. Ағынды суларды коагуляциялық тазартудың артық процесін алып
тастаңыз:
А) механикалық тазарту
В) коагуляция
С) фильтрлеу
D) тұндыру
26. Ағынды суларды аэротенкте тазартудың тұрақтылығы қандай
факторлардың жиынтығымен анықталады:
А) органикалық заттардың жəне еріген оттегінің, сондай-ақ судың активті
илмен қажетті контакт уақытының болуымен
В) ағынды судың активті илмен контакт уақытымен, араласу
жылдамдығымен жəне бактериялардың түрлерімен
С) аэрация уақытымен, активті илдің жасымен жəне тазарту процесінің
түрімен
D) тазарту түрімен, органикалық заттардың мөлшерімен жəне аэротенктің
размерімен
27. Тамшылы биофильтр – бұл:
А) үздіксіз алып тасталынатын биомассасы бар аппарат
В) ағынды суды фильтрлеуге арналған аппарат
С) қатты насадканың бетінде өсірілген, қозғалмайтын биоқабықшасы бар
реактор
D) су микроорганизмдермен араласатын реактор
28. Ағынды суларды тазарту үшін əртүрлі биологиялық процестер
қолданылады. Мысалы, аэробты процестер былайша сипатталады:
А) микроорганизмдер ағынды суда еріген оттегін пайдаланады
В) микроорганизмдер органикалық молекулалардың құрамына кіретін
оттегін пайдаланады
107
С) микроорганизмдер суда еріген оттегін пайдалана алмайды
D) көпшілігі денитрифицирлейтін бактериялар болып табылады
29. Тұрмыстық жəне өндірістік ағынды суларды биологиялық тазарту
нəтижесінде жүреді:
А) бейорганикалық заттардың биологиялық тотығуы (мысалы, ауыр
металдардың иондарының)
В) органикалық ластаушы заттарды тұндыру арқылы бөліп алу
С) микроорганизмдер бірлестігі көмегімен органикалық заттардың тотығуы
D) тазартылатын суды топырақ қабаты арқылы фильтрлеу
30. Ағынды суларды аэробты биологиялық тотықтыруға арналған
қондырғылар
А) араластыру реакторлары
В) радиальды тұндырғыштар
С) ағартқыштар
D) аэротенктер
Достарыңызбен бөлісу: |