77 студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
I деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау 1-кезең. Тілалғыштық және жазалау. Өнегелі дамудың ең ерте кезеңі, бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында кең
тараған. Бұл кезеңде балалар ережелерді абсолютті және мызғымас деп санайды. Ережеге
бағыну маңызды, себебі бұл жазаға ұрынбау дегенді білдіреді.
2-кезең. Тұлғалық ерекшелену және өзара әрекеттесу. Өнегелілік дамудың бұл кезеңінде балалар дара көзқарастарды ескереді, қылықтар туралы
жеке қажеттіліктерге қаншалықты сәйкес келетініне қарай ой білдіреді. Ганс дилеммасында,
балалар Ганс қажеттіліктеріне қызмет ететін іс-әрекет ең дұрысы дегенді ұстанды. Өнегелі
дамудың бұл сатысында өзара түсіністік болуы үшін ол жеке мүддеге сәйкес келуге тиіс.
II деңгей. дәстүрлі моральдік пайымдау 3-кезең. Тұлғааралық қатынастар. Әдетте «жақсы ұл – жақсы қыз» деп қарастырылады. Бұл сатыда даму әлеуметтік тұрғыдан
күтілетін нәтиже мен рөлдерге қол жеткізуге шоғырланады. Конформизмге және «жақсы» бо-
лып саналатынның барлығына; таңдаудың өзара қарым-қатынастарына әсері туралы ойларға
назар аударылады.
4-кезең. Әлеуметтік тәртіпті қолдау. Өнегелі дамудың бұл сатысында адамдар пайымдау жасағанда қоғамды тұтас қарастырады.
Ережелерді орындау және борыш пен өкілеттілікті атқару арқылы заң мен тәртіпті қолдауға
ерекше назар аударылады.
III деңгей. Нормативтіктен кейінгі моральдік пайымдау 5-кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар. Бұл кезеңде адамдар түрлі құндылықтарды, басқа адамдардың пікірі мен көзқарастарын
ескере бастайды. Заңның қағидалары қоғамды қолдау үшін аса маңызды десек те, қоғам
мүшелері мұндай стандарттармен келісуге тиіс.
6-кезең. Әмбебап қағидаттар. Кохлберг бойынша моральдік пайымдаудың соңғы деңгейі әмбебап этикалық қағидаттарға
және абстрактілі пайымдауға негізделеді. Бұл кезеңде адамдар, егер олар қағидалармен және
заңдармен келіспесе де, әділдіктің үйреншікті болған қағидаттарына сүйенеді.
Зерде теориясы «Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды арнайы делдал ретінде түсінудің, яғни олардың
зердесін ұстаным, тілек сияқты арнайы күйлердің теориялық тұжырымдамасы тұрғысынан
интерпретациялаудың ерекше танымдық қабілеті. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін
ақыл-ой күйінің кең спектрін (ұстаным, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз.
Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – өз санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына
ой жүгірте білу деген сөз.