78
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
анасы қойған жерден іздейді деп ойлайды). Жалған ұстанымның алдына қойылған міндет – ба-
лалар дамуындағы кезеңдер арасындағы нақты бөлінуді айқындау, атап айтар болсақ, ол ақыл
мен ақиқатты «айқын» көрсету кезеңі және ақыл мен ақиқатты «айқын емес» көрсету кезеңі.
Бұл олардың шынымен болған жайт пен адамдар көзқарасына негізделген пікірді оңай айыра
алатынын білдіреді.
Жалған ұстанымды пайдалана отырып жүргізілген бақылау нәтижелері баланың са-
насында үш жаста күрт өзгерістер болатынын көрсетті. Бұл көптеген психологтар мен
философтарға (Leslie, 1987; Fodor, 1992) шамамен үш жасқа қарай күшейе түсетін туа
біткен модуль ретінде, ЗТ үшін жауапты танымдық құрылымды толығырақ сипаттауға
мүмкіндік берді. Басқа психикалық ақаулар болса, бұл танымдық құрылым нашарлай-
ды немесе онымен қатар жүре беруі мүмкін. Мұндай көзқарас аутизм сияқты елеулі
психиатриялық патологиялардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері бойынша
алынған дәлелдерге сәйкес келеді (Baron-Cohen, 1995; Frith et al., 1994). Аутизммен ауы-
ратын балалар зияткерлік және сөйлеу қабілеттерін тестілеуге арналған басқа танымдық
тапсырмаларға қарағанда, жалған ұстаным міндеттерін орындау кезінде төмен көрсеткіш
байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: