Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Қ.Жұбанов еңбектері – қазақ тіл біліміндегі психолингвистика



Pdf көрінісі
бет101/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

5. Қ.Жұбанов еңбектері – қазақ тіл біліміндегі психолингвистика
коммуникативті-прагматикалық 
лингвистика, 
стилистика, 
тіл 
мәдениеті салаларының бастауы 
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми пікірлерінен қазіргі кездегі жаңа 
бағыттардың теориялық концепциялары «мен мұндалайды» деу жай айтыла 
салған сөз емес. Бұл ойымызды ғалымның өз сөзімен жеткізсек: «Адамның 
көңілінің қобалжуының түрі көп, тіпті ұшы-қиыры жоқ десек те болады. 
Бұларды білдіруге арналған амалдың – дауыс сазының да түрі көп. Мұның 
бәрін бұл арада тізіп жатудың керегі де шамалы, бұл жерде оған әліміз де 
келмейді». Келтірілген сілтемеден тілдің қатынас құралы ғана емес, адамның 
ойлауымен, танымымен байланысты күрделі, «жанды» құбылыс ретінде 
бағалау байқалады. Демек, ойды бұл қазіргі психолингвистика ғылымының 
негізгі ұстанымы деп қабылдаймыз. Осы орайда Қ.Жұбановтың: «Біз сөз етіп 
отырған қарым-қатынастың алдыңғы (бірінші) түрі арасында хабарласу 
амалынан басқа ұқсастық бар ма? Иә, бар: ... екеуінде де психологиялық 
қиялдан туған жорамал бар...» деген пікіріндегі психологиялық қиялдан 
туған жорамал деген сөзін К.Қ.Садирова әлемнің психологиялық 
бейнесімен байланысты түсініктен туған қолданыс ретінде пайымдайды (60, 
204-207). 
Қ.Жұбанов өзінің тілдік зерттеулерінде психологияға қатысты дерек-
мәліметтерді, жеке көзқарастарын фонетика, грамматика, терминология 
бойынша жүргізген ізденістері барысында да тілге тиек етеді. Оның қазақ тілі 
грамматикасына 
арналған 
мақалалары 
мен 
лекциялар 
желісінде 
грамматикалық 
бірліктер 
лексика-семантикалық, 
коммуникативті-
когнитивтік аспектілер тұрғысынан қарастырылады.
Сөзді қабылдау – айтылған сөздің мағынасын түсіну процесі, яғни 
тыңдаушы сөйлеушінің сигналын қабылдаған сәтте-ақ мәлімет семантикаға 
ие болады. Айтылған сөзде қате болса да, сол тілде сөйлейтін, оны түсінетін 
реципиент (қабылдаушы) айтылмақ ойдың мәнісін өзі-ақ қорытып алады. 
Қ.Жұбановтың сөзімен келтірсек, «ауызекi сөйленетiн сөздiң андай-мұндай 
«қисығын» елетпейтiн қосалқы жағдайлаp баp. Дыбыстап сөйленген сөздiң 
олқысы, көбiнесе, ыммен толығады». Ғалымның ой-тұжырымына сүйенсек, 


205 
тіл – бейне бір таңба. Психолингвистер бұл құбылыстан сөзді қабылдау 
кезінде адамның түйсіну белсенділігі артып, айтылмақ ойдың жалғасын 
іштей болжау сезімі іске қосылатындығын аңғарған. Ауызша тілдесудің 
ерекшелігі сол, ақпараттың басым көпшілігі сөйленімнің мәтінінен гөрі 
қарым-қатынастың жалпы жағдайынан (ситуациядан) түсінікті болады. Бұдан 
біз сөйлеу тілінің қарым-қатынас жағдайымен шарттастығын көреміз. Ал 
Қ.Жұбанов «жазулы сөзде мұндай «кеңшіліктің» бірі де жоқ» дейді. 
«Кiтаптың сөзi қисық болсын, дұpыс болсын, қалай жазылған болса, солай 
оқылады, қалай оқылса, солай түсiнiледi немесе түсiнiксiз күйiмен қалып 
қояды. Мұнда жазған кiсiден қайта сұpап алу мүмкіншілігі болмайды. 
Жазылған сөздiң бөлшек-бөлшегiн және тыныс белгiлеpiн өте сақтықпен өз 
оpнына қоймасаң, мұнда оның олқысын толтыpатын ым да, дыбыс әнi де 
/интонация да/ жоқ. Сондықтан, әсipесе, жазылатын сөздiң қалай құpалу 
тетiгiн бiлу қажет». Сөзді қабылдау кезіндегі тағы бір ерекше жағдай – бір 
семантикалық топтың аясындағы жекелеген сөздердің бірнеше мағынада 
қолданылу ықтималдығы. Мәселен, тілші-ғалым одағайға қатысты 
зерттеуінде мынадай мысал келтіреді: «...бір нәрсені «жақсы істеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет