197
Ғалым қазақ әйелдерінің тілдік ерекшелігі туралы мынадай гендерлік
дәлелдер келтіреді: «
жүйелі болмаса да, әйелдерге ғана арнаулы, әйел тілінің
өзгешелігі қазақта да жоқ емес. Сол өзгешеліктердің бірі әйелдерде ғана
болатын «ернін шығару» (кеміткенде), «бетін шымшу» (ұятсынғанда),
«аузын шылп еткізу» (таңданғанда), «аузын быртылдату» (кекеткенде).
Міне, мұның соңғы екеуінде үнсіз ым ғана емес, дыбыс шығару да бар. Бірақ
дыбыс айырынды (членораздельный) емес». «Аузын шылп еткiзгенде»
еpiндеpi «в» дыбысын шығаpады, тiлi «д» дыбысын шығаpаpдағы
қалыбында болып, деpеу iштен келген ауа тiлдi тiс түбiнен, еpiндеpдi бip-
бipiнен айыpып шығады. Жалғыз айыpмасы «в» мен«д» бipден шығады және
еpiндеpi бip-бipiнен тегiс көтеpiледi (сондықтан шылп етедi), «в»-ны
шығаpаpда тек оpтасы ғана ашылады. «Аузын быpтылдатқанда» еpiндеp
алдымен «п» дыбысын шығаpады да, аз мезгiл «қ»-ны шығаpаpдағы
қалыпта тұpып, сонан кейiн қос еpiндi «б» дыбысын, ақыp аяғында «т»
дыбысын шығаpады. Бipақ бұлаpды сондай тез тiзiп өтедi, баpлығы
қосылып кетедi», – дей келіп, әйел затына тән био-әлеуметтік,
этномәдениеттік ерекшеліктерге сәйкес
ым тілінің фонациялық амалдарына
да егжей-тегжей түсініктеме береді.
Филология
ғылымдарының
докторы
Э.Н.Оразалиеваның:
«...Қ.Жұбанов
ым тілінің тек қимылмен шектеліп қалмайтынын, оның
«дыбыс шығару процесі осы күнгі тіл дыбыстарының жүйесіне келмейтінін»,
әрі, ең бастысы, қарым-қатынастың бұл түрі «адам мен адам арасында ғана
жүретінін», «хабар берудің» ерекше амалдарын құрайтынын дәл анықтаған.
Бұл мәселелердің көпшілігі жалпы тіл білімінде тек бүгінгі күні дәйектеліп,
жан-жақты талданып зерттелуде. Осыған сәйкес, паралингвистикалық
(паратілдік)
элементтердің
функционалды-семантикалық
ерекшелігін
айқындау
арқылы
адам
қарым-қатынасының
онтогенетикалық,
эгоцентристік, психофизикалық әрі әлеуметтік нормаларын жүйелеуді мақсат
етеді», – деген ойы жоғарыдағы пікірлерді нақтылай түседі (89).
Проф. Қ.Жұбанов ым тілінің
қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық-
мәдени ерекшелігіне талдау жасай отырып, оның әртүрлі халықтарда өзіндік
сипатпен, ерекше жүйемен қолданылатындығына зер салады, сол арқылы
бейвербалды амалдардың қоғамдық, этникалық әрі психологиялық табиғатын
сұрыптауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: