206
-
автор тілдік қабылдаудың психологиялық мүмкіншіліктерін
реттілік жүйесі бойынша қарастырады. Бұл тұста Н.Я.Маррдың, профессор
Н.И.Ашмариннің,
сондай-ақ
А.А.Потебняның
дәстүрлері
негізінде
қалыптасқан Қ.Жұбановтың психолингвистикалық идеялары қазіргі ғылыми
танымға толығымен сай келеді;
-
ғалымның тілдік зерттеулерінің әр тұсынан психологиялық,
психолингвистикалық әдіс-тәсілдерді ретімен қолданғандығын анық көруге
болады. Мұндағы Қ.Жұбанов көздеген басты мақсат – қазақ тілінің даму
заңдылығын
зерттеу
барысында
индивидуалдық
және
қоғамдық
психологияның принциптерін ескеріп, басшылыққа алу болатын (90, 121-
122).
Қ.Жұбановтың жоғарыда келтірілген идеяларын бүгінгі таңдағы
психолингвистиканың тірек тұжырымдары тұрғысынан кешенді түрде
бағамдау қажеттігі дау туғызбайды.
Профессор Қ.Жұбанов тіл қызметтеріне талдау жасай отырып,
тілдік
қатынасқа байланысты бүгінгі күнде қолға алынып отырған зерттеулердің
міндеттерін көрсете білгендігін ғалым-ұстаздың: «... пікір алысу – қоғам үшін
ең тұрақты, ең қажетті нәрсе. ... тіл қатынас құралы болумен бірге қоғам
күресінің де және қоғам дамуының да құралы болады» деген тұжырымынан
айқын аңғарамыз (93). Сонымен қатар Қ.Жұбанов тілдің негізгі қызметі хабар
беру екендігін айта отырып,
коммуникация терминіне: «
Тілдің бұдан басқа
тағы бір негізгі қызметі – хабар беру. Оның бұл өзгешелігін коммуникация
дейміз. Оның мағынасы орысша – общение, қазақша – қауымдасу, хабарласу
дегенді білдіреді», – деп анықтама береді.
Проф. Қ.Жұбанов коммуникацияның дұрыс жүзеге асуы үшін
сөйлеушінің тілдік бірліктерді дұрыс таңдап қолдана білуі, сондай-ақ
тыңдаушының айтылған хабарды дұрыс ұғынып, түсінуі
қажет екенін
айтады: «
Танымадық дегеннің мәні: «танымай тұрмын, өз жөніңіз қалай
еді?» «Кім едіңіз?» дегенге келіп саяды. Ал біреуге «Жол болсын!» дегенде
алғыс айту, тілегін тілеу емес, «Неғып жүрген адамсың?» дегендей сұрау
жатыр»... (8, 71-72). Яғни ғалым коммуникация сәтті болуы үшін сөйленім
әрекетінің субъектілері – сөйлеуші мен тыңдаушы, қабылдаушы атадан
балаға беріліп отыратын кодтарды меңгеріп қана қоймай, дұрыс қолдана
білуі қажеттігін ескертеді. Олай болмаған жағдайда диалог құралмайды.
Қ.Жұбановтың «
сөйлеудегі мақсат – біреудің екінші біреуге өз ойын
білдіруі»; «сөйлеген адам өзі сөйлемейді, басқа біреуге сөйлейді», – деген
пікірлері тілдік категориялардың табиғатын анағұрлым толық ашып
көрсетуде тілдік деректерді тек құрылымдық тұрғыдан ғана емес,
функционалдықжәне
коммуникативті-прагматикалық аспектілермен өзара
ұштастыра отырып қарастыру қажеттігін ғалымның әлдеқашан-ақ «тілдік
түйсік» арқылы аңғартып кеткендігін айғақтайды.
«Тіл мен ойлаудың бірлігі тарихи-әлеуметтік, психологиялық, мәдени,
климаттық, қоғами, географиялық ортадағы адами қарым-қатынастың барлық
түрлерінде көрініс береді», – дей келе Ж.Сұлтан, – «Қ.Жұбановтың тіл мен
207
ойлаудан
туындайтын, әрекет пен мәдениеттің байланысына қатысты
көзқарасы оның барлық еңбектерін қамтитын
біртұтас контекст
тұрғысынан қарастыруды қажет етеді», – деген тұжырым жасайды (90).
Профессор Қ.Жұбанов «
стиль» термині, тіл (сөз) мәдениетіне нақты
теориялық анықтама бермесе де, филологиялық зерттеулеріне үңілсек, жазу-
сызу мәнерін дағдыға (нормаға) сай қалыптастыру, тілдік дағдыны (норманы)
басшылыққа алу, сөз мәдениетін дұрыс қалыптастыру мәселелеріне қатысты
ойларын анық ұғуға болады (94). Бұл ойымызға ғалымның: «
Сөз бұйымын
дұрыс жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сыр-
сипатын (яғни
стильдік ерекшелігін деген сөзі деп ұғамыз – С.Құлманов)
білу керек. Білмесе, мұнда да темірді желімдеп, ағашты пісіргендегідей
нәтиже шығады», – деген пікірінен стильді дұрыс қалыптастыруға
қойылатын талаптың нышанын байқаймыз. Алайда ғалым тілдік норманы
«қатып қалған өзгеріске келмейтін нәрсе» ретінде қарастыруға болмайды
деген ой айтады.
«Қ.Жұбанов және стилистика мәселелері» атты мақаласында профессор
М.Серғалиев ғалымның стиль жайлы пікірлерін, талдауларын зерделей келе:
«... проф. Құдайберген Жұбанов стилист ретінде де сөздердің қолданысы мен
тіл мәдениетіне қатысты елеулі жайларға арнайы назар аударып, бұл
саладағы кем-кетіктердің болмауын қалайтын жанашырлық танытады», – деп
тұжырымдайды (95, 24-29).
Профессор Б.Момынова
тіл мәдениетіне қатысты Қ.Жұбанов
еңбектерін екі тұрғыдан бағалайды: біріншіден, Қ.Жұбанов
оқушысына
ұғынықты, түсінікті болуы үшін өз ойын тіл мәдениетінің сол кезеңге сай
талаптарын сақтай отырып жеткізген, әдеби тілдің ғылыми стилін меңгерген
ғалым, екіншіден, оны меңгеріп қана қоймай, қазақ әдеби тілінің ғылыми
стилінің дұрыс қалыптасуына ықпал еткен ғалым (96).
Жұбановтанушы зерттеуші Ж.Сұлтан Құдайберген Жұбановтың
мұраларын анрополингвистикалық тұрғыдан төмендегі сызба-жоспар
бойынша талдап көрсеткен (90, 41):
М
а
кр
окомпо
н
е
н
т
Достарыңызбен бөлісу: