Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет110/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана 
өзінің басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – 
өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы 
таным тілге де әсер еткен. Мысалы, орысша небо – аспан, небо – таңдай
қазақ тіліндегі таң=адам әлемінің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің 
иесі; таңдай=адам денесінің жоғары жағы... Адамның жекелеген 
бөлшектердің белгілерін 
түйсіну 
арқылы 
атрибутивті 
портрет 
қалыптастыра отырып, ғаламды таниды». «...Таңырқадытаңғалды; 
таңыр=таң+ыр=тәңір; Таң=аспан бөлегі; ір – аспан. Бұрын адам өзін 
кішкене дүние деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан бет – таң 
атып келе жатыр. «Таң қалу» деген тіркесі кейде қысқартып таңырқау 
дейміз. Ұятсыз деуді бетсіз деуіміз де осы конкреттік бар. Бұл 
қолданыстың да ым тілінен шыққандығы байқалады (бетін сызу – ым 
тілінен қалған қалдық; заттық көрсеткіші (материальное выражение)» (8. 
94-120).
Ғалым қазақ тілінде сақталған көптеген сөздер мен сөз тіркестерінің 
тілдік табиғатын түсінудің уәждік (мотивациялық) және танымдық төркінін 
ежелгі заман түсінігінен, көп жағдайда мифтік таным т.б. түп-негіздерден 
іздейді. Осымен байланысты профессор Қ.Жұбановтың мифтік таным 
деңгейіне сай қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері, тотемдік, сакральдық
киелі атаулар туралы ғылыми топшылауларының кешендік сипаты, 
Н.Я.Марр ілімімен сабақтастығы ғалым танымының көкжиегін, бүгінгі 
күнмен жалғасқан өміршеңдігін дәлелдейді. Оның нақты көрінісін проф. 
Қ.Жұбановтың мынадай мысалдарға қатысты тарихи этимологиялық 
талдауларынан да көреміз. Қазақ тілінде сүлдерім құрыды, құр сүлдері қалды 
деген тіркестер бар. Осындағы сүлде//сүлдер компонентінің жеке алғандағы 
мағынасы түсініксіз. Ал моңғол тілінде «сүлдэ» сөзі «ерекше бір рух», 
«тәңірден келген күш-қуат», «қорғаушы», «құт» деген мағынаны білдіреді. 
Моңғолдардың түсінігінде сүлдэ-тенгри сөзі «патшаның өзінің қол 
астындағы елін, халқын қорғап тұратын ерекше бір күш-қуаты» дегенді 
білдірген (8). 
Проф. Қ.Жұбанов тіл мен таным проблемаларын зерделеу барысында 
сонау грек философтарынан бастап, өз заманына дейінгі аралықтағы 


222 
ойшылдардың лингвогносеологиялық ой-пікірлерін қысқаша шолып өтеді. 
Олардың ішінде Аристотельдің, Ж.Руссо мен А.Мейердің пікірлеріне ерекше 
тоқталады. Сондықтан Қ.Жұбановтың тіл жөніндегі зерттеулері – 
лингвогносеологиялық ақпараттарға толы деп айтуға негіздемелер баршылық. 
Оның «Дүниеге көзқарас арқылы заттарға ат қою», «Микрокосмостық 
кезең», «Функционалдық семантика», «Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі» т.б. 
ғылыми-танымдық мақалалары мен лекцияларында, түрлі конференциялар 
мен басқосуларда жасаған баяндамаларында: а) қоршаған орта мен жеке 
адамның тілдік танымы арасындағы байланыс; ә) ақпаратты қабылдау 
қабілеті және оны еске сақтап, басқаға жеткізу; б) танылған заттар 
(құбылыстар) мен сөздік қордың сәйкес болуы; в) жекелеген сөздердің өзіне 
артатын ақпараттық-танымдық жүгі; г) сөздердің тіркесім тәртібіндегі 
заңдылық; д) құндылық бағдары; е) таным теориясы т.б. когнитивтік 
лингвистиканың түбегейлі, базалық ұғымдарымен сәйкес келетін, бүгінгі 
күннің зерттеушісіне үлкен ой салатын өзекті мәселелер сөз болады. Осы 
орайда Қ.Жұбанов: «адам өзiнiң тipшiлiк таpтысында ұшырасып, пайдасын 
я зиянын көpген нәpселеpдi ғана елеген, солаpды ғана бiлген» дейді. Зат 
танылғаннан кейін оған бір ат таңылады. Ат қою кезінде өмір шындығы мен 
ақиқат болмыстың абстракциялану жолымен тілдік формаға айналып, 
халықтың тұрмыс-тіршілігінен, еңбек тәжірибесінен, наным-сенімінен хабар 
беретін белгілі бір сөз атаулары түрінде санаға бекиді. Бірақ осы тұста 
Қ.Жұбановтың танымына сәйкес ескеретін бір жайт мынадай: «Сөз деген – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет