260
айқын аңғартады. Бұл жолы қаламгер М.Әуезовтің «Түнгі сарын»
пьесасының қойылымы туралы қалам тербейді. «Түнгі сарын» – 1916 жылғы
Қазақстандағы ең үлкен көтерілістің шынайы бейнесін суреттеп берген пьеса.
Публицистің көтерілістің тарихи маңызына берген бағасы назар аударарлық:
«
1916 жылғы көтеріліс әр жерден тиіп-қашып, тұтанып басылған
кездейсоқ көтеріліс емес, бүкіл қазақ елін тұтас көтерген ұлы қозғалыс
болды». «Ұлы қозғалыс» жайындағы қойылымды іштерінде көтеріліске
қатысқандары, өз көздерімен көргендері бар Бүкілқазақстандық ІХ сьездің
делегаттары тамашалаған. Солардың арасында Қ.Жұбанов та болды.
Спектакль барысында кемшіліктер байқалып тұрғанымен, келешекте
театрдың осы ұжымының өзі-ақ жетілдіруге мүмкіншіліктері бар екені
көрініп тұр. Театр
негізінен пьесаны меңгерген, оның алдында тұрған
мақсатты да түсінген, автордың ой-түйінін іске асыра білген. Бұл – театр
ұжымының өз жұмысына тыңғылықты қарағанының белгісі. «
«Түнгі сарын»
пьесасы арқылы театр өзінің творчестволық бағытын анық бекітіп отыр».
Бұл – публицистің кең қамтып, фактілерді жинақтауға көңіл бөлгендігін
байқатады. Мақаланың басты құндылығы – «Түнгі сарынның» көзге түсіп
тұрған кемшіліктеріне қарамастан, театрдың
бағытын айқындайтындығына
тоқтала келіп, «алдыңғы қатарлы театрлардың қатарына жету үшін көп
қиындықты жеңуі қажет» екендігін арнайы атап көрсеткендігі.
Қалың көпшілікке баспасөздің қадір-қасиеті туралы мол мағлұмат
беретін материалдардың бірі – публицистің «Газет – көпке ортақ» атты
мақаласы. Мұнда автор газет тақырыбын тереңнен қозғап, ондағы көтерілетін
мәселелердің оқырман назарын аударуының жай-күйіне тоқталады. Көптің
көкейінде жүрген мәселелерді көрсете білген газет қана оқырманға жол
табатынын атап көрсетеді. Қай газеттің де оқырманымен күшті екеніне баса
назар аударады.
Публицистің қаламгерлік қарымын байқататын елеулі туындыларының
бірі – «Таңжарықтың қуанышы» атты әңгімесі. Әңгіменің деректік негізі
басым екенін аңғару қиын емес. Шұғылалы
өмірге қолы жеткен кедей
Таңжарықтың қуанышы көркемдік тұрғыда бейнеленген.
«Кедей» газетінде жарияланған «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір»
памфлеті кезінде оқырмандардың жата-жастана оқитын көзқуаныш
туындысына айналды (121). Памфлеттің басты кейіпкері – ел кедейі
Құрмантай. Оның жасы қырықтың қырқасынан асқанша көрген азабын айтып
тауысу да қиын. Ең алдымен, басты кейіпкер – Құрмантайдың «төрт
қызығын», «мың бейнетін», «жарық өмірді» күтер, аңсар арманын автор
жетік біледі.
Публицист кең көсіліп, ой тастап, пікір қозғайды.
Құрмантайдың қылықтарын автор былай санамалайды: «
Қарақожалақ тары
Достарыңызбен бөлісу: