261
салып жіберіп, «қор-р-р» еткізгендегі мұрныңа бу аралас кірген көңірсі иісін,
оны ішкендегі дәмін сағына «қандай еді?» – деп аңсайды».
Бұл памфлетте,
жоғарыда келтіргеніміздей, іліп алар, тұзы татитын сөз, пікірлер баршылық.
Қоғамның қуыршағына айналған ауыл кедейінің басындағы күй – тегеурінді
зілдің нақты көрінісі.
Қ.Жұбанов публицистикасындағы елеулі із қалдырған, кезеңдік
туындысы ретінде бағалануға лайық «Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір»
памфлеті әкелген тақырыптық және жанрлық, стильдік жаңалықтарды
сараласақ, өзгешелігі айқын білінеді. Алдымен автор өзі көтерген болмыстың
терең мәнін, зиянды сырын аңғара білген. Қоғамның жекелеген мүшелерінің
санасындағы, тәртібіндегі ескінің қалдықтары
әлеуметтік-саяси деңгейге
дейін жеткізіле суреттелген. Оқырмандар тарапынан суреттелген оқиғаға
деген ашу-ыза, өшпенділік, қарсы күреске құштарлық сезімін оятады.
Шығармашылық кемелдікке бет бұрған публицист сол кезеңде шығып
тұрған «Қазақ», «Алаш», «Еңбекші қазақ», «Кедей», «Тілші» газеттерінде
үздіксіз жарияланымдарымен көрініп, өзінің публицистикалық қалам
қайратын шыңдай түсті. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен қоғамдық ойының
белсенді өкілдерінің ұлттық басылым төңірегіне
тоғысуы кездейсоқ жағдай
емес еді, оларды бірлесе қимылдауға, қосылып іс-әрекет жасауға итермелеген
ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси ахуал, елдің ауыр халі
болғанына көзіміз енді жетіп отыр. Аталмыш басылымдар сол кезеңнің
шындық
шежіресі, өмірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар
қалың көпшілікке жол сілтеген, ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қосқан,
болашаққа бағыт-бағдар берген қоғамдық ойдың өлшемі еді.
Публицистің ойлы мақалаларына ғылыми-танымдық қуаттың молдығы
тән. Өзіндік стильдік ерекшеліктер де қалыптасқаны байқалады. Мысалы,
ойды ашық айту, сөйлемдерінің оқырманға ұғынықты етіп құрылуы, пікірін
неғұрлым негіздеп, дәлелдеу тән болып келеді. Ғылыми жүгі ауыр
жарияланымның өзінде көтеріңкі публицистикалық сарын басым.
Қаламгердің ғылыми публицистикасы
жайында айтқанда, бұл туралы
М.Әуезовтің пікірін келтіруді жөн санаймыз: «Оның журналистік,
публицистік қабілеті, әдебиет, мәдениет қазыналарын терең білетіндігі,
ғылымның көптеген салаларына байланысты
өрісі кең білімі өзінің
мамандығы болып кеткен тіл білімімен астасып, жігі білінбей ұштасып
жататын-ды» (2).
Ғалым-публицист ғылыми ой-пікірлердің қалың көпшіліктің жылы
қабылдануына айрықша көңіл бөлді. Қаламгер ғылыми публицистикаға бет
бұрғандықтан да «Қазақ тілінің ғылыми курсы»
жөнінде лекция оқығанда
бұл бағыттан айнымайды. «Политехникалық мектеп» журналында
жарияланған «Қазақ тілі фонетикасының» «Бет ашарын» публицистикалық
ой-толғам түрінде жазды. Қазақ тілін зерттеудің сол кездегі жағдайында:
«
Қазақ тілі осы уаққа шейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылым тезіне
түспеген тіл», – деп дәл анықтама берді. Объективті тұрғыдан қарастырып,
қазақ тілін зерттегендердің ешқайсысын да ұмыт қалдырмай атап өтеді. Отар
262
елдің
тілін тексерген миссионерлерді, күншығысшыл оқымыстыларды,
қазақтың ескі оқығандарын, берідегі жастарды – бәрін де санамалайды.
Публицистің топшылауынша, «
қазақ тілін зерттеу жұмысы ғылым жолына
Достарыңызбен бөлісу: