Реферат Тақырыбы: " Түркістан тұрғындарының тілінің ерекшеліктері" Орындаған: Орманбек А. Тексерген: Айтмукашова А. А



бет1/3
Дата31.03.2023
өлшемі26,29 Kb.
#77865
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: " Түркістан тұрғындарының тілінің ерекшеліктері"

Орындаған: Орманбек А.


Тексерген:Айтмукашова А.А.

Өскемен 2023 ж


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Сөйлеу тілінің ерекшеліктері

  3. Түркістан тұрғындары сөйленісіндегі фонетикалық ерекшеліктері

  4. Қорытынды

  5. Дереккөздер

Кіріспе
«Түркістан облысы – ұлттар мен ұлыстардың ең көп шоғырлануымен, ең бастысы олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленеді. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдерінің ересек тұрғындарының үлесі 70 пайызды құрайды. Ал өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындардың үлесі – 92,1% болса, 63 % орыс тілін, ал, ағылшын тілін білетіндер – 14 %-ға жетіп отыр»,-делінген басқарма мәліметінде.


Диалектология - тiл ғылымының бiр саласы болып қалыптасуымен байланысты оның маңызы артып, зерттеу обьектiсiнiң шеңберi кеңейе түстi. Зерттеу iсi халық тiлiндегi ерекшелiктердi жинаумен, анықтаумен тынбай, тiл тарихын жасауда да ойдағыдай роль атқарады. Зертеу керек объектiсiнiң саралануына және сипатына қарай диалектология – сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екi салаға бөлiнедi.
Сипаттама диалектологияның мiндетi тiлдегi диалектiлер мен говорларды
дыбыстық грамматикалық және лексикалық құрылысын сипаттау, сол туралы жүйелi түсiнiк беру.
Тарихи диалектологияның мiндетi - тiлдегi диалектiлер мен говорлардың
диалектiлiк ерекшелiктердiң пайда болу сырын, тарихын зерттеу. Диалектологияның бұл саласы бiр - бiрiмен тығыз байланысты [1, 7 б.].
Қазақтың халық тілі мен ауыз әдебиет үлгілерінен жиналған материалдарды және қазақ тілінің тарихын зерттеу нәтижесінде Сәрсен Аманжолов қазақтілінде үш диалект бар деген қорытындыға келді. Олар: а) оңтүстік диалектісі- Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды; ә) батыс диалектісі Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтид; б) солтүстік - шығыс диалектісі - Ақмола (қазіргі Астана), Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды [2, 34 б.].
Зерттеуші Р.Үрімова өзінің 2009 жылы қорғаған Қазақ тілінің аймақтық мақал - мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты” кандидаттық диссертациясының Қазақ тілінің аймақтық мақал мәтелдері мен фразеологизмдері” атты тарауының Қазақ тілінің аймақтық мақал мәтелдері мен фразеологизмдерінің зерттелу жайы” деп аталатын бөлімінде диалектілік фразеологизмдердің зерттелуі жайында айтып өтеді. Қазақ диалектологиясында тұрақты тіркестерге алғаш көңіл аударып, олардың жеке аймақтарға тән сипаты профессор С.Аманжоловтың, Ж.Досқараевтың еңбектерінде ашылып көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет