269
программаларын жетілдіру, оқулықтардың сапасын арттыру барысында да
көп іс тындырды.
Проф. Қ.Жұбанов оқулық-бағдарламаларды
өзі ғана жазып қоймай,
басқаларға
жаздыруды
ұйымдастырып,
оларға
ақыл-кеңес
беріп,
мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарына, семинарларына сабақ беріп, көп
еңбек еткен. Бұл жөнінде республикамыздың оқу-ағарту майданында қыруар
еңбек сіңірген педагог-ғалым Әміржан Сытдықов былай деп жазады:
«Партияның мектеп туралы, оқу программалары мен оқулықтар туралы сол
бірінші бесжылдықтарда қабылданған шешімдері мектептерде қазақ пен
орыс тілін оқытудың социалистік тәрбиелік және білімдік маңызын
бұрынғыдан да арттыра түсті. Осылармен қатар ғылым негіздерінің
барлығынан тұңғыш рет аударма оқулықтарын бастырып шығару қажет
болды. Оқу халық комиссариатына тапсырылған бұл сияқты кезек
күттірмейтін толып жатқан шараларды жүзеге асыруда Қ.Жұбанов
аса зор
роль атқарды» (128).
Құдайберген Жұбанов әдістеме саласындағы «Қазақ тілінің програмы»
еңбегі 1936 жылы жеке кітапша болып басылды. Жоба ретіндегі ұсынылған
бұл бағдарламалар V, VI, VII сыныптарға арналып жасалған. V сыныпқа
арналған бағдарлама грамматика, емле, тыныс белгілерін, түбірлердің
тарихын және есімдерді оқытуға бағытталған. Оқылатын тақырыптардың
ауқымдылығына қарап, қанша сағатта өтілетіндігі көрсетілген. VI сыныпта
игеруге етістік, есімдік, шылаулар, одағайлар ұсынылған.
VII сыныптың
бағдарламасы «Синтаксисті» қамтыған. Аталмыш бағдарламалар кейінгі
оқулықтарға жол сілтегендігімен құнды. Бағдарламаларды жасау кезінде де
Қ.Жұбанов халық ағарту ісіне толайым берілген педагог ретінде де көрінеді.
Өйткені ғалым мұғалімдермен байланысын үзбейтін, олармен хат-хабар
алысып, жолығыса қалса, тереңінен пікірлесіп отырған.
Проф. Қ.Жұбановтың ағартушылық қызметіндегі бір қасиеті – ол тек
оқыту ісімен ғана болып қоймай, сол оқытуды жетілдіру, жақсарту,
нұсқау
жағына да баса көңіл аударады. Бұған уездік, губерниялық, республикалық
оқу бөлімдеріндегі инспекторлық міндеті ғана емес, оның ауылдық
мұғалімдерге ауызша да, хат арқылы да кеңес-консультациялар беруі,
кейін
тіпті «Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының II жартысында
талқыланатын әдіс-программа мәселелері» деген сияқты нақтылы жол-жоба
жазуы куә. Қ.Жұбановтың замандасы, бұрын мұғалім болған Опа Алпанов
былай деп жазады: «...Мен мұғалімдік қызметке ауыстым, ал Құдайберген
Ақтөбедегі губерниялық оқу-ағарту жұмысына шақырылды. Әрине, бұл
кездерде оның уақыты өте аз болатын... Сөйте тұрса да, ол
ауыл
мұғалімдерінің ақылшысы, қамқоршысы болды. Анда-санда елден барған
біздермен сағына көрісіп, ауылдағы оқу-ағарту жұмысын көп сұрап, ақыл-
кеңес айтатын. Тіпті кейбір сұрақтарымызға хат арқылы да консультация
беріп отыратын еді» (108).
Құдайберген Қуанұлы қазақ тілінің ғылыми әдістемесін жасау жолында
көптеген зерттеулер қалдырды. Ол әдістемені ғылым деп қарады да, оны
270
лингвистика, педагогика, психология және т.б.
ғылым салаларымен
байланыстыра зерттеді. Онымен бірге жұмыс істеген В.Решетняктың өз
естелігінде Қ.Жұбановтың «...педагогиканы, психологияны... сол кездегі
беделді ғалымдар еңбегінен оқып үйренді» (129) деп жазуында да үлкен сыр
бар. Павлов пен Бехтеревтің, басқа да психологтардың еңбегін ықыласпен
оқығаны белгілі. Бұл жайында қарт педагог Жанғазы Жолаев мынадай
қызықты жәйттен хабардар етеді: «Бірде Құдайберген, сен осы психология
жайындағы кітаптарды көп оқисың, оның не керегі бар?» – деп сұрадым. Ол
маған жымиған қалпы жауап берді: «
Сен адамдар арасында, әсірісе, жастар
Достарыңызбен бөлісу: