Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет174/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Таинственная сила памяти 
Говорят, у древнего царя Давида было кольцо с надписью: «Все 
проходит!». Мудрость древних легенд и сказаний общеизвестна. И 
проходили века, эпохи: неудержимый бег времени менял лицо земли и 
людей, оставляя грядущим поколениям память о себе. Память! Странное, 
загадочное и чудесное свойство живого существа. Много раз весьма 
научнообъясняли, что такое память. Почтительно приемля научных анализ, я 
все же продолжаю суеверно робеть перед таинственной силой памяти, 
которая выхватывает из далекого прошлого какие – то факты, как будто 
совершенно незначительньные детали, а в другой раз она, как тлеющий 
огонек, не дает вспомнить то, что нужно, то, что ищешь. Поэтому всякое 
воспоминание носит все же случайный характер: что-то запомнилось, может 
быть, несамое интересное или значительное, а что-то возможно 
второстепенно, помнится очень отчетливо. Вероятно, это понятно. 
Воспоминания всегда субъективны, и запоминается только то, что 
представляло субъективный интерес, что, как говорят, «врезалось в память». 
...Профессор Худайберген Жубанов сразу располагал к себе своим 
обаянием человека высокого интеллекта и поэтической души. Его темно-
карие глаза мягко излучали доброту, а уже седеющие пышные, слегка 
вьющиеся волосы красиво обрамляли его умное лицо, не то поэта, не то 


381 
ученого. Он был человеком большой эрудиции, и я с огромным 
удовольствием и уважением вспоминаю наши немногие, но увлекательные 
беседы... 
 
(ЦГА КазССР. Ф. 999. оп. 1. д. 249) 
 
Ә.Тәжібаев 
Аға туралы аз ғана сөз 
Мен соңғы бір кезеңдегі есімдегілерді жазып қайта оқысам, ішінде 
бокал соғыстыру, пәленше-түгеншелердің саулығына тост көтеру көп екен. 
–Бұл не?! – дедім өзім зілді дауыспен. –Ішпесек, болмады ма екен? 
Масықпасақ, сөзіміз жараспады ма екен?.. 
...Көп жұлдызды армян коньягы, мұздатқыштан жаңа ғана шыққан 
мұздай шампан... Естелік жаза бастасам-ақ, көзіме бокалдар, бөтелкелер 
елестейді, аузыма ащылы-тұщылы дәмдер келеді, құлағыма құлдық ұрған 
майысқақ-қайысқақ сөздер жетеді. Бұлар кімдер екен, кімдерге арналған 
сөздер екен? деймін, маңайыма іздене көз тастап: 
–Апырмау, мынау әбден айрылған екен еркінен. Еркінен айрылған 
көркінен де айрылады екен-ау... Төрдегі қарқылдақ ғалымға жағу үшін құлай 
кетуге әзір, табанын жалауға әзір ғой өзі... Осындай да көз, осындай да бет 
бола ма екен адамда?! Бір жерінде жылт етер жарық жоқ қой мынаның. 
Директор болу үшін-ақ осынша азады екен-ау... 
– Ә, осылай екен ғой деймін өзіме өзім қайта түсіндіріп. Бұл соңғы отыз 
жыл бойындағы берік орнаған кәделерден туған жаңа дәстүр болатын. 
Кәдең – кәдең болды,
Кәдең неден болды?
Ғалым саудагерге айналды,
Ілім қуған әурелерге айналды.
Кандидаттық он мың теңге, 
Докторлығың кырық мың теңге.
Салатының салып қал,
Алатының алып қал!
Содан соң соғым соясың,
Екеңдерге бас, шеке қоясың!
Әбден тойдырасың, қандырасың,
Өмір бойы құлыңмын деп нандырасың,
Өйтпесең, директорға сайланбайсың,
Алдымен осыларды ойланғайсың.
Ха-ха! Хе-хе! 


382 
Мен Құдайберген ағаммен мұндай жиындарда кездескен емеспін. 
Өйткені ол ғылым арқылы саясатшыға, саясат арқылы саудагерге, 
саудагерлікпен адамның арын тонайтын, намысын таптайтын қанішерге 
айналмаған жан еді. Жүрісі дыбыссыз, алаң-құлаңсыз сабырмен басатын 
ойлы ғалымның алыстарды аңғарғыш көзі жақындағылардың да мінез-
құлықтарын, жеңілтек қылықтарын шапшаң танитын, танитын да 
ойындағысын табанда айтатын. 
–Сен ұстазсың, студенттерге қазақ тілін оқытушысың... Таза сөйлеуге, 
тіліміздің ұшқырлығы мен ұтқырлығына, әуенділігіне қызықтыруға тырысу 
керек, – деген өзіне тетелес бір інісіне. Тағы бір үзіліс кезінде сол жігітке 
әзіл түрінде: 
–Неге осынша қатты күлесің? Байқа, «қарқылдақ ағай» атанып 
кетерсің, – деді жымиып. Оның ойлы, мейірімді, жылы көзі осындайда суына 
да, ызғарлана да білетін. 
Ұмытпасам, 1934 жылдың жазы болу керек, мен Ахметтің (Ахмет 
Жұбанов) жаңа домбырасын көрейін және бір-екі кесе шай іше шығайын деп 
барсам, Құдайберген аға да сонда екен. Ол: 
–Кел, кел, Әбділда, отыра қал, – деп өз қасынан орын ұсынып, 
дастарқанға шақырды. Мен ағаның қолын қысып, көзіне қарадым. 
–Қорқытпаңызшы, ағатай! – дедім еркелеп. Ахмет жай ғана мырс ете 
қалды. 
–Неден қорықтың, неге қорықтың? Жазғаным жаныма шақырғаным ба? 
– деді Құдайберген әнтек жымиып. 
–Маған көзіңіз суық көрінді, аға, – дедім отырып жатып. –Артық айтсам 
кешіріңіз. 
–Түк артығы жоқ, – деп сөзге Ахмет араласты. –Маған ұрсып отырғаны. 
–Не деп? 
–Кітап жинамайсың деп. 
Біз жай ғана күліп тоқтадық. 
–Мен кітап жинағыштарды да білемін, – деді ағай өзінің
әсем қоңыр даусымен. –Кітаптан жасау жасап әдемілеп, бірінің бетін 
ашпайтын қазақтар да болады. Ал музыкант, ақын боламын деген жастар 
Европа, орыс классиктерін судай сімірулері керек. XIX ғасырдағы керемет 
суреткерлер әлем әдебиетін ұлы құдіретке айналдырып жібермеді ме? «Адам 
қазір құспен тілдеседі, жапырақтармен сырласады, барлық сұлулықтарды 
жаратылыстағы табиғи мүсіндерден, шексіз күйлі үндерден – дыбыстардан, 
сансыз құбылған бояулардан табады. Адам сыры ашыла-ашыла, ол тәңіріге 
тең ірілікке көтерілуі тиіс. Сен күйші болсаң, ақын болсаң, соларды таны, 
солар туралы сөйле. Мен осыны айтсам да, ұрысқан болам ба? 
Құдайберген бізге жадырай қарап, алдындағы ақ сүлгімен терін 
сүртті... 
Мен жақсы, ұстамды ағаның ой деңгейіне іштей ырза болып отырмын. 
Тіпті өз мамандығы – тіл ғалымы болып сөйлегенде де, ол маған философ 
секілді еді. Тіл, о кісінің сөзінше, уақытпен бірге қимылдаған, барар жолын 


383 
өз заңымен бағдарлайтын, әкімшілікке, зорлыққа мойын ұсынбайтын, өлуге 
бар, бірақ қиянатқа көнуге жоқ өжет дүние. 
–Тілші-ғалым барлық тілдерді сыйлау, қызықтау үшін көп
тілдерді білуге, тілдердің ортақ заң, ортақ мүдделерін сыйлауға, оларды 
қорғауға міндетті. Бұл жолды сендер де ұстануларың қажет, – деді. 
Мен осы күнгі толып жатқан, тіл ілімін мансапқа, жікке 
айналдырғандарды көргенде, еріксіз Құдайберген ағаны ойлаймын... 
Менің Құдайберген Жұбановпен екінші кездесіп, бес күн бойында 
бірге болғаным 1936 жылы жаздың соңғы айлары болатын. Біз Мәскеудегі 
бір мәжілістен Мұхтар Әуезов, Асқар Тоқмағамбетов үшеуміз бірге қайттық. 
Купелері екі кісілік жұмсақ вагонда, бізден өзге Қайсар Таштитов, 
Ленинградтан қайтқан Құдайберген Жұбановпен табыстық. 
Поезд қозғалып, жүрісі қыза бастағанда, бәріміз де купеден шығып, 
терезеден жолға қарап тұрмыз. Солай тұрып кімнің қай купеден екенін де 
аңғаратын сияқтымыз... Мұндайда өлең шығармай тұра алмайтын Асекең 
күле сөйлеп, жан-жағына қаранады... 
–Келіп қалды білем бір шумақ, – деп Мұхаң да күлді. –Атымның сыры 
өзіме мәлім, енді біз Асекеңе еріп кілең ұйқаспен сөйлейтін боламыз. 
–Солай ма, онда қызық болады екен, құлағымыз сенде, Асеке, – деп 
Құдайберген де ақынға жақындады. 
–Кісі басы бір купе, 
Торғай басы бір ұя. 
Әр ұяда бір сыр бар 
Өзгелерден құпия, – 
деді Асекең жақсы ұйқастар тапқанына қызара қуанып. 
–Жоқ, олай болмайды, – деді Құдайберген бәрімізге естірте сөйлеп. – 
Біз алдағы бес күн бойында әр купеде бір жұмыртқа басушы емес, бір ұяның 
балапанымыз. Қалтамызды қағамыз, барлық ақшамызды мына Қайсарға 
береміз, барлық еркімізді де соған тапсырамыз. Өзі жатқызады, өзі 
тұрғызады, өзі бағады, өзі қағады. Міне менің байлығым осы, –Құдекең ішкі 
қалтасынан суырып алған ақшасын Қайсарға ұсынды. 
–Алдым, – деп Қайсар Құдайбергеннің ақшасын алған соң, өзгемізге 
қарады. Бәріміз де Мәскеуден қалған, жолға алғандарымызды жаңа 
басшылыққа өткіздік, содан бастап Қайсардың аузына қарадық. Ол жүр десе 
– жүрдік, отыр десе – отырдық. Өзімізге тақау ресторан вагоны күніне үш рет 
тамақтанатын біздің екінші тұрағымызға айналды... 
Барынша сырбаз, лақылдап күлмей, лепіріп сөйлемей, өзін салмақты 
қалпында ұстай білетін ғалым маған бір түрлі жылы қарайтынын аңғардым. 
Туған інісі Ахметпен сол жылдардағы ерекше жақындығым («Оркестр» атты 
поэмамды жаңа ғана туған оркестрдің әрі ұйымдастырушысы, әрі дирижері 
Ахмет Жұбановқа арнағанмын, Ахаңның ұсынысы бойынша Құрманғазының 
«Қайран шешем», «Көбік шашқан» күйлеріне қосылып айтатын өлеңдер 


384 
жазғанмын) әсер етті ме, білмеймін, ғалым аға сәл босаса мені өзіне 
шақырып, әйтпесе өзі маған келіп, әңгімелесіп жүрді. 
–Сен «Көбік шашқанды» нағыз музыкант болып түсініпсің. Әйтпесе 
оған жазған өлеңің күйге ойналмай, түсіндірмелік дәрежеде қалар еді. 
Мен қуанышымды жасыра алмадым. Екеуміз жай ғана қосылып сол 
күй-өлеңнің бірінші шумағын да айтып жібереміз. 
Жер кетті, көл кетті, 
Ел зарлы, ер мұңды
Еңіретті... Еңіретті
Ойда өрт, көзде жас,
Айналам жалаңаш,
Күннің бетін мең басты,
Жер бетін сел басты...
Сел басты...
Тулады жұрт ұлардай
Шұбырды жұрт құландай
Мекенсіз, тұрақсыз
Бишара ел шуласты-шуласты... 
Ертеңіне ғой деймін, біз сол кездегі «кітаби ақын» деп аталатын сыр 
бойының ақындары туралы сөйлестік. Менің Ясауи жырларын, Бақырғани 
ғазалдарын, Сайқали қиссаларын жатқа оқуым Құдайбергенге қатты ұнады. 
Мен үлкен аға ықыласпен тыңдаған соң жатқа білер нәрселерімнің көбін 
оқыдым. Шәді төренің «Сияр Шарипінен» бастап «Қамир заман», «Төрт 
дәруіш», «Орақа мен Күлше» тағы басқа поэмаларын шешемнен үйренген 
әуенімен соқтым. Шәдінің жалғасы ретінде Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, 
Шораяқтың Омарын, Қуаныш қожа сияқты ақындардан білетінімді де төгіп-
төгіп алдым. 
–Жарайды, рақмет, – деді ағамыз мені құшақтап. –Біз шығыс 
мәдениетімен терең тамырласпыз. Біздің толып жатқан эпикалық 
дастандарымыз бен аңыздарымыз, мифологиялық ертектеріміз қашаннан 
ұрықтас. Ал шағатай тіліндегі қисса, дастан, лирикалар біздің де жазба 
әдебиетіміздің басы. Оларды «кітаби ақындар» деу жете бағаламағандықтан 
туған сөз. 
–Сен, Әбділда, осы білгендеріңді аздырып алмасқа тырыс... 
Мен осы сапарда оның Мұхаңмен екеуінің жеңіл ғана, біріне-бірінің 
еркелігі жарасқан, сыпайы қалжыңдарын есіттім... 
Мәскеудегі ме, Ташкендегі ме, әлде қашанғы қызулы күндерді, 
кызықты кездесулерді еске алады, сондағы есте қалған күндерді ишараттап 
жұмбақтап түсініседі. Көп сөздерді бірге ішіп, бірге жеп отырған біздің 
басымыздан асыра айтады. 
Асқардың табанда ұйқас тапқыштығын, өлең құрастырғыштығын 
қызық көретін Мұхаң бір ретте: 


385 
–Табанда жұлып алғандай өлең шығару өте қызықты, ақындарға 
жарасымды өнер, – деп еді, оны қуаттаған Құдайберген: 
–Ол сөзбен от лақтырыпойнағанмен бірдей емес пе, – деді. 
–Қызық айттың, дәл айттың, – деп Мұхаң оған да әжептеуір сергіп 
қалды... 
Дәл осы сапарда, осы екі ғалым ағамның мені әдебиетші ғалым болуға, 
ҚазПИ-де ме, ҚазГУ-де ме сабақ беруге үгіттегені есімде. 
–Талантты ақындар талантты педагог те бола алады. Поэзияны 
жасаумен оның эстетикасын оқыту бірін-бірі толықтыруы, байытуы тиіс, – 
деп Құдайберген бастаса, 
–Әбден келісті айттың, – деп оны Мұхаң қостай жөнеледі. 
–Әрбір оқытушының өзі де өмір бойы үзбей оқушы. Үнемі өсіп, үнемі 
өзінен өзі озып отырмаған педагог ұстаздық мінбесінде ұзақ қала алмайды. 
Бұл – ақындыққа да ең қажет қасиет. 
–Ақынға уақыт та керек емес пе? Екі кеменің құйрығын ұстаған суға 
кететіні қайда, – деп әңгімеге күлімсіреген Қайсар араласты. 
–Ақын ірілегенде әлеумет қайраткеріне айналады, уақыт тауып елмен 
араласуы керек шығар... 
Әркім өз ойын айтты. Бірақ ас үстінде, ресторанның бір түкпірінде сөз 
жарыстырып таласқан жоқ, осы күнгі біздер сияқты қызарақтасқан жоқ... 
Мен өте қысқа жасаған, нағыз толыға, молыға бастағанда, халық 
ғалымына айналғанда, сталиндік репрессия жылдарының апатына ұшыраған 
Құдайберген Жұбановты өте аз көрдім, бірақ әжептеуір қанық таныдым. 
Сүйінгенін де, күйінгенін де жасыра алмайтын, барлық түйсігі, ой 
толқыны жарық көзінен, жарқын көңілінен айқын көрініп тұратын ғалым 
ағамыздың бейнесі бүгінде көз алдымда. 
* * * 
Заман, уақыт қожасы адам екен ғой. Біз кәзір бүкіл қауым болып көп 
уақыт есеңгіреп қалған, есін енді жинаған алып секілді екенбіз. Алыптың 
ұйқысы да алып болып шықты. Міне, енді қайта қозғалуға орнымыздан 
тұрғанда бүкіл адамзатты тағы бір жалт қараттық өзімізге. Қазақ та өзге 
туысқан халықтардай өлгенін тірілтіп, өшкенін жандыруға кірісті. 
Біз енді кешегі жүздеген данышпандарымызды тарихымызға, бүгінгі 
өмірімізге қайта әкелеміз, өздерінің биік орындарына отырғызамыз. Сонда 
біз орасан ірілік тапқан рухани табысымызды, оның барлық қайраткерлерін 
болашаққа ұсынамыз. Солардың бірі – ғалым Құдайберген ағамыз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет