77
фонологиялық модельдерінің ерекшеліктерін анықтауға болады. Құдайберген
Жұбанов фонемалар морфемалардың, сөздердің, грамматикалық тұлғалардың
материалдық негізі болып саналатынын ескергенін көреміз: «
Для нас
является верным то положение, что звуки существуют не вне слова, а в
слове: следовательно, историю отдельных конкретных видов звуков следует
изучать в истории изменения отдельных конкретных слов. Это неизбежно
увеличит «этимологическую дозу» в нашей работе», – деп, фонологиялық
зерттеулердің
негізінде тарихи грамматика, лексикология, этимология
мәселелерімен айналысуға болатынына сенген.
Еуропа тілдерін білген Құдайберген Жұбанов Бодуэн де Куртенэ, Ф. де
Соссюр, Н.С.Трубецкойлардың еңбектерімен танысып, жалпы фонологияның
қағидаларын меңгеріп, түркі (қазақ) тілдерінің фонетика-фонологиялық
заңдылықтарын зерттеп, қазақ тарихи фонетикасының
теориялық негізін
салып, оны әрі қарай зерттеуге бағыт-бағдар берген.
Қ.Жұбановтың
ғылыми-логикалық
эрудициясы
фонемаларды
жіктелуінде, топтастыруында жақсы көрінеді. Дауыстыларды сипаттағанда
ғалым қандай дыбыс дауысты болады деп өз сұрағына былайша жауап
береді: «
Сөздің дыбысталуының түрлі болатыны әр сөздің ішіндегі
дыбыстардың түрлілігінен деп едік. Осы әр түрлі дыбыстың әрқайсысы тек
бір-ақ түрде дыбысталып қоймайды. Бір дыбыстың өзі әр орында әр түрлі
– бірде бәсең, бірде қатаң, бірде ұзын, бірде қысқа, бірде ащы, бірде солғын,
бірде тегіс, бірде көтеріңкі-басылыңқы түрде дыбысталуы мүмкін. Сөздің,
осындай, өзінше әні болады. Мысалы:
жазба (кітап), (кітапты) жазба!
Достарыңызбен бөлісу: