Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ағаш, темір сияқтылар – зат есім болып, жақсы, ұзын



Pdf көрінісі
бет40/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ағаш, темір сияқтылар – зат есім болып, жақсы, ұзын сияқтылар – тек 
сын есім болып, шекараларын түгел ашып болған таптар. Енді бұлардай 
емес, зат есім мен сын есімге ортақ, шөре-шөре есімдер де (әрі зат есім, әрі 
сын есім болатын) бар. Мысалы, бала, жас, жарық, сұлу, бай, батыр, 
жарлы, кедей т.б. Бұлар – әрі зат есім, әрі сын есім. Сондықтан жақсырақ, 
ұзынырақ сияқты, баларақ, жап-жас, жап-жарық, байырақ, батырырақ, 
жарлырақ, кедейірек т.т. бола алады. Таза зат есімге бұл мүмкін емес: 
темірірек, ағашырақ болмайды».
Сын есімдерге қатысты тың мәселелер ғалым назарынан тыс қалмаған. 
Профессор Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі барлық сын есімдердің белгілі бір 
жағдайларда заттануға қабілетті екендігін, сонымен қатар сын есімдік те, зат 
есімдік те қызмет атқара алатын кейбір есімдердің болатындығын ақыл-
пайымына сай көрегендікпен айтып кеткен. Сонымен қатар ғалымның сын 
есімдердің септеліп, тәуелденуі сияқты ойларын қазіргі субстантивтену 
құбылысының алғашқы нышандары ретінде тануға болады.
Сын есімнің шырайлары туралы да ғалым тың ойлар айтқан. Нақтырақ 
көрсетсек, Қ.Жұбанов шырайлардың мынадай түрлерін атайды:
1) жай шырай; 


103 
2) араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде 
болады); 
3) салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -леу); 
4) жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы); 
5) таңдаулы шырай (өте қысқа, қып-қысқа, ұзын-ақ); 
6) орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, едәуір) (8, 382). 
«Қ.Жұбанов 
А.Байтұрсынұлы, 
Т.Шонанов, 
Қ.Кемеңгерұлы 
еңбектеріндегі шырай түрлерін жасалу жолдарына қарай саралай түскені 
байқалады. Мәселен, салыстырмалы шырай ретінде танылып келген -рақ/-
рек жұрнағының қатысуымен немесе оның жасырын келуімен‚ шығыс 
септігінің қатысуы арқылы жасалған түрін (білімге кедей – білімге кедейірек‚ 
малға бай – малға байырақ) Қ.Жұбанов салыстырмалы шағын шырай‚ 
кесімді-араластырмалы 
шырай 
деп 
жеке-жеке 
топтарға 
бөледі. 
А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың сын есімнің көп сөзімен тіркесуі арқылы 
жасала алатынан айтса, Қ.Жұбанов бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, 
бір дәуір, едәуір сөздерінің қатысуымен жасалған шырайды орта шырай деп 
бөлек береді. 
Бүгінгі таңда салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде танылып 
жүрген -лау/-леужұрнағы Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, 
Н.Созонтов, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде 
шырай қатарында берілмеген. Салыстырмалы шырайдың -рақ/-рек 
қосымшасымен қатар -лау/-леу жұрнағы арқылы да жасалынатынын алғаш 
көрсеткен ғалым – Қ.Жұбанов. Ғалымның ойлары кейінгі грамматикалар мен 
оқулықтарда сабақтастық тапқан. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов. Ғ.Бегалиев, 
Н.Cауранбаев еңбектерінде де салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет