Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет39/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
Сөз таптары мәселелері 
Қ.Жұбановтың морфология саласы бойынша жазған ғылыми ой-
тұжырымдарының сүбелі бөлігі сөз таптарына арналған. Профессор 
Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру принциптерін айқындау 
ісімен тікелей айналыспаса да, грамматикаға қатысты түрлі еңбектерінен, 
орта мектептерге арнап жазған оқулығы мен бағдарламасынан бұл мәселенің 
де ғалым назарынан тыс қалмағанын көреміз. «Жанғазыға хатында» ғалым 
сөз таптастыру принциптері туралы өз пікірін қысқаша түрде барынша 
нақты, тұжырымды жеткізеді. 
Профессор Қ.Жұбанов сөздерді таптастыру қағидатына қатысты 
маңызды пікірлерді алғаш рет былайша қозғайды: «Біздің тілімізде 3 түрлі 
өлшеуді қабат алып отырған дұрыс. Үшеуінің бірдей сынына толса, сонда 
ғана бұл пәлендей сөз табы деуіміз керек. Ол үшеудің бірі – мағына, екіншісі 
– морфология, үшіншісі – синтаксис» (8, 140), – деп, бүгінгі күні қазақ тіл 
білімінде орныққан сөз таптастырудың үш принципін атап көрсетеді. 
Сонымен қатар ғалым «жақсы сөзі бір-ақ түрлі сөз табы бола алады да, бір 


101 
өзі екі бірдей тапқа жата алмайды», – дей отырып, бір сөздің бір ғана сөз 
табына қатысты болатынын да алғаш рет дәлелдеген. 
«Жалғыз мәнмен мәселе шешілмейді. Бұл – тіл, логика емес. Сөз табын 
ашу үшін әр тілдің өзінде әр мағына қалай формаланған? Осыны тиек қылу 
керек», – деп, профессор Қ.Жұбанов сөздерді таптастырудың семантикалық 
қағидатымен қатар морфологиялық принциптің маңызды екендігін дөп басып 
айта білген. Сөздерді таптастырудағы бұл пікірлер сонау ХХ ғасырдың 
отызыншы жылдарындағы тіл біліндегі тұңғыш концепциялардың ілгері 
басқандығы болатын. 
Ғалымның сөз таптарын топтастырған классификациясы қазіргі сөз 
таптарының жіктемесінен терминдік жағынан өзгешелеу. Ғалым алдымен 
сөздерді мүшелі және мүшесіз деп екі топқа жіктеп алады. Мүшелі деп атаған 
бөлікті түбір және шылау деп бөліп, одағайды мүшесіз деген тармақта 
көрсетеді. А.Ысқақовтың жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ 
тілі» оқулығында сөз таптары: атауыш сөздер, көмекші сөздер және 
одағайлар болып жіктелген. Салыстырып қарайтын болсақ, Қ.Жұбанов 
классификациясында қолданылған мүшелі және мүшесіз деп аталған 
терминдердің одағай сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшеленуіне қатысты 
алынғаны байқалады. Ал А.Ысқақов сөз таптарының жіктемесінде одағай 
деп өз атымен ғана атап, оны атауыш сөздер мен көмекші сөздерден бөліп 
көрсетеді. Одағай сөздер басқа сөз таптарынан құрам-құрылысы жағынан 
ерекшеленіп, оқшау сөздердің қатарында қарастырылады. Осы тұрғыдан 
алғанда Қ.Жұбановтың оны «мүшесіз» деп атап, жеке топ етіп көрсетуінің 
үлкен мәні бар. (Өйткені басқа сөз таптары топтастырылғанда өз атымен 
аталмайды ғой). 
Сонымен қатар Қ.Жұбанов түбір сөздерді есім және етістік деп 
жіктеп, есім сөздерге зат есім, сын есім, сан есіммен қатар, қазіргі 
терминдерімізден өзгеше, мезгіл-мекен есімдер және орынбасар деп аталатын 
сөз табын атаған. Ғалымның мезгіл-мекен есім деп отырғаны – қазіргі үстеу 
сөз табы. Қ.Жұбанов үстеу деген терминді қазіргі жұрнақ терминінің 
орнына қолданған. Ал орынбасар есім деп отырғаны – қазіргі есімдік сөз 
табы. Ғалым бұл сөздерге ат қоюда да олардың басқа есім сөздердің орына 
қолданыла алатын тілдік ерекшелігіне сүйеніп, оны осы терминнің уәждік 
белгісі ретінде алып, орынбасар есімдер деп атаған. 
Бұл айтылғандардан Қ.Жұбанов атап көрсеткен терминдер қазіргі 
грамматикаларда тап солай аталмағанмен, ғалымның тілдің грамматикалық 
жүйесіне қатысты ойлары мен жасаған классификацияларының тілдің табиғи 
сипатымен сабақтасып жатқандығын көреміз. 
«Қ.Жұбанов және қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру принциптері» 
атты мақаласында зерттеуші С.Мұхтаров ғалымның сөз таптарын жіктеуге 
қатысты ойлары туралы тұжырымды пікір айтқан: «Ғалымның қазақ тіліндегі 
сөздерді алдымен түбір, шылау, одағай деп бір деңгейде үлкен үш топқа 
бөлуінен жалпы тіл білімі тарихындағы сонау Платон, Аристотель заманында 
Александрия грамматистері жалғастырған, одан Еуропаға тарап, түркологтар 


102 
қолданған, кейін қазақ тілін зерттеушілер де пайдаланған дәстүрлі сөз 
таптастырудың ықпалы көрінеді. Қ.Жұбановтың осы жіктеуін кейіннен қазақ 
тіліндегі сөздерді таптастыру принциптерін докторлық диссертациясының 
бір бөлімінде арнайы қараған А.Ысқақов та атауыш сөздер, көмекші сөздер, 
одағай сөздер деп ішінара өзгеріспен қолданады.
Профессор Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі сөздерді таптастыруда 
бірінші орынға мағыналық (семантикалық) принципті қоюы да бүгінгі күні 
өзін ақтап отыр. Жоғарыда аталған үш принциптің әр тіл үшін шешушісі 
түрліше болып келетініне сәйкес, қазақ тілі үшін семантикалық принциптің 
маңызы ерекше екендігіне бүгінгі күні тіл білімінің жеткен жемісі 
тұрғысынан қазір көз жеткізіп отырмыз. ... Морфологияның ең өзекті 
мәселесі болып табылатын тілдегі сөздерді таптастыру принциптерін 
айқындау секілді күрделі мәселеде өзіндік пікір айтып, соны жол салудың 
сол кез үшін маңызы өте үлкен болуымен қатар, өзіндік қиындығы да бар 
болатын. Осы маңызды міндетті профессор Қ.Жұбанов өзінің тума талант 
дарыны мен терең білімі арқасында ойдағыдай атқарып шықты. Бүгінгі күні 
қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастырудың орныққан үш принципі – 
лексика-грамматикалық немесе семантикалық, морфологиялық, синтаксистік 
принциптері кезінде Қ.Жұбановтың бұл мәселенің басын ашып беруінен 
тікелей бастау алады. Сондықтан ғалымды қазақ тіл білімінде сөз таптастыру 
принциптерін айқындау ісінде ғылыми негіз салушы деп тануымыз қажет» 
(45, 131-134). 
Проф. Қ.Жұбанов зат есім мен сын есімдердің әлі де болса толық 
дараланып болмаған сөздер екендігін жақсы байқаған. «Ескерту: Сөз 
таптарының бір-бірінен енші алысып болғандары да, болмағандары да бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет