Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді: 1. Структуралық гендер-құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін
бақылайтын гендер.
2. Реттеуші гендері-структуралық гендердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі
белоктардың синтезін бақылайтын гендер.
– структуралық гендердің белсенділігін басып тастайтын эпистаздық гендер
Реттеуші гендер өз алдына былай бөлінеді:
2.1 Модулятор гендер – структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе төмендететін
гендер
2.2 Супрессор гендер Модуляторлық гендер структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе төмендете
отырып белсенділігін өзгертеді. Осы гендер белгінің даму үрдісінде әр түрлі бағытта немесе басқа
да генетикалық тұрғыда әсерін көрсетеді. Мысалы құрылымдық гендердің жиі мутацияға
ұшырауында.
Басқа модуляторлық гендер әлбетте қандайда бір гентикалық қызметтерді төмендетеді. Мұндай
гендер эволюцияда үлкен маңызы бар. Көптеген құрылымдық гендерге плейотропты әсердің
болуы ағзалардың қалыпты дамуы үшін қажет, әсердің төмен болуы даралардың тіршілік қабілетін
төмендетеді. Модуляторлық гендер олардың жағымсыз әсерін әлсіретеді.
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
1. Летальды гендер, ағзаны өлімге душар ететін гендер
2. Сублетальды гендер – ағзаның көбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік
әрекеттерінің төмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер
3. Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер
ДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік
жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған көшірмелері
кездеседі. Бұл көшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.
Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі
бір бөлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны
кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер
орындалу барысында ақуыз өнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық
гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір
қызметтің орындалуын бақылайды.