3
1
---ТААЦТАТГТЦЦГ--- 5
1
ДНҚ ядрода орналасады, ол жерде ақуыздармен сызықтық
структураларды яғни
хромосомаларды құрайды. Хромосомалар ядроның бөліну кезеңінде микроскоптан жақсы
көрінеді. Ал интерфаза кезінде олар деспиральданған. ДНҚ митохондрияда және пластидтерде
кездеседі, ол жерде молекулалары сақиналы құрылымды құрайды
Ядролық құрылымға дейінгі жасушаларда да сақиналы ДНҚ болады.
ДНҚ екі еселенуге
(редупликация) қабілетті. Бұл жасушалық циклдің белгілі бір синтездік кезеңінде орындалады.
ДНҚ құрылымы тұқым қуалаушылықтың механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді.
ДНҚ-да биологиялық ақпараттар көшіруге жәгне ұрпақтан-ұрпаққа берілуге бейім күйде
сақталады.
Уотсон-Крик ұсынған модель:
1953 жылы Джеймс Уотсон және Френсис Крик ұсынған ДНҚ-ның молекулалық моделі
мына мәліметтерге негізделіп құрастырылған:
1. ДНҚ – полимер, ондағы нуклеотидтер 3-5 фосфодиэфирлік байланыстар арқылы жалғанып,
полинуклеотидтік тізбектерді құрайды.
2. ДНҚ-дағы нуклеотидтер құрамы Чаргаф ережесіне бағынады: ДНҚ құрамындағы
пуриндик негіздер (А+Г) әрқашанда және пиримидиндік (Т+Ц) негіздер қосындысына тең;
А мөлшері Т тең, Ц мөлшері Г тең.
3. ДНҚ молекуласы 2 полинуклеотидті тізбектен тұрады, қос ширатылған құрылым.
4. Табиғи жағдайдағы ДНҚ-ны құрайтын қосарланған тізбек өзара сутектік байланыстар
арқылы ұстасып тұрады.
5. ДНҚ үштік моделі:
ширатылған құрылым, қосарланған полинуклеотидті тізбекті құрай
отырып бір-бірімен байланысып тізбек оралған күйде болады.
6. Екі тізбек бір-біріне антипаралелльді
7. ДНҚ тізбегі бағытымен және де полярлығымен ерекшеленеді: әрбір тізбектің 5
/
ұшы мен 3
/
ұшы болады. Тізбектің ұзындығы тек қана бір бағытта 5
/
-тан 3
/
- қа дейін ұзарады.
Әрқаанда 3
/
ұшы ұзарады.
8.Тізбектің азоттық негіздері келесі комплементарлық арқылы бірігеді: А мен Т, Г мен Ц.
Комплементарлық –ДНҚ-ның басты кілттік құрамы.
ДНҚ молкулалары екі түрлі бағытта ширатылған болуы мүмкін: 1) оңға қарай ширатылған-
В – пішінді; 2) солға қарай ширатылған – Z – пішінді.
Табиғатта ДНҚ молекулалары көпшілік жағдайда оңға қарай ширатылған күйде кездеседі.
Құрамында ГЦ нуклеотидтерінің болуы не болмауына байланысты ДНҚ молекуласының кейбір
учаскелері В- пішінінен Z – пішініне немесе кері бағытта ширатылып пішіндерін өзгертуі мүмкін.
ДНҚ құрылымының ауытқуының себебі әлі күнге белгісіз.
ДНҚ-ның басты қызметі – тұқым қуалау ақпаратын сақтау және нуклеотидтер арқылы
сақталған ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа беру. Тұқым қуалау ақпаратының
жасушадан-жасушаға
берілуі ДНҚ молекуласының редупликациясына байланысты. ДНҚ молекуласында жасушаның
құрылымы мен өмір сүруге бейімділігі туралы ақпарат жазылған. Бұл ақпарат генетикалық деп
аталады. ДНҚ молекуласында амин қышқылдарының тұқым қуалау туралы ақпараты жазылған.
Прокариоттардың
ДНҚ-сы қос тізбекті сақиналы, қатты ширатылған молекула, ол
цитоплазмада орналасқан. Оны нуклеоид деп атайды. Нуклеоид цитоплазмадан бөлінбеген
ядролық мембрана онда ДНҚ-ның бірнеше көшірмесі болуы мүмкін.
Прокариоттардың
геномындағы генлер тығыздығы эукариоттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Прокариотты гендер
эукариотты гендерден ерекшелігі экзон-интрон секілді мозайкалық құрылым болмайды.
Прокариоттарда
функциональды байланысқан гендер оперондар деп аталатын құрылымдарды
құрайды.
Эукариоттардың ДНҚ-сы біркелкі емес және ол нуклеотидтердің үш класс қайталанатын
нуклеотидтер қатарына жатады:
–жиі
қайталанатын қатарлар, геномда 1 млн дейін кездеседі; бұндай ДНҚ хромосоманың
центромерлік учаскелерінің гетерохроматиндерінде орналасады және де
ақуыз синтезіне қатысы
болмайды бірақ жеке гендердің арасын бөліп тұруы мүмкін..
–аз қайталанатын қатарлар, геномда 100 және 1000 рет кездеседі (мысалы, тРНҚ, рРНҚ және
ақуыздар, рибосома мен хроматиннің құрамына кіретіндер және т.б ) «үй шаруашылық гендер»
туралы ақпаратты алып жүреді, ақуыздың және РНҚ молекуласымен синтезделуін бақылайды;
–ДНҚ уникальды бөліктері –бұл ДНҚ бөлігі қайталанбайтын
нуклеотидтеріне сәйкес, олардың
үлесі геномның 15-98%-ын алады (адамда – 56%); және де структуралық гендердің құрамына
кіреді, полипептидтің біріншілік құрылымы туралы ақпаратты алып жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: