4) Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
Адам ағзасының тіршілігі мен оның денсаулығының қалыпты немесе патологиялық
жағдайлары ДНҚ-ның құрылысы мен қызмет атқаруына байланысты.
Геномдағы құрылымдық гендердің және ДНҚ-ның басқа да реттеуші жүйелерінің жұмысын,
механизмдерін егжей-тегжейлі білу, олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттеудің үлкен
мәні бар. Өйткені мұндай зерттеулер адам ағзасының қалыпты тіршілік
процестерін қамтамасыз
ететін метаболизмдік әрекеттерді анықтауға, адамның түрлі
ауруларының патогенезін ашуға,
оларды диагностикалау, емдеу және алдын-алуға зор мүмкіндік береді.
Геномдық зерттеулердің қолданылуы:
1. Соттық медициналық және қылмыстық экспертизада (сараптауда) мына мақсаттарда:
а) ДНҚ-ны талдау арқылы қылмыскерлерді, күдіктілерді,
қылмыстың және апаттың
құрбандарын идентификациялау;
ә)биологиялық туыстықты (әкелікті) анықтау, дәлеледеу.
2. Табиғатты қорғау шараларында:
а) Табиғатта сирек кездесетін және жойылу сатысындағы ағза түрлерін идентификациялау
және сақтау;
ә) қоршаған ортаны ластайтын, бактеряларды және басқа микро ағзаларды табу;
3. Трансплантологияда генотиптері бойынша бір-біріне
сәйкес келетін донорлармен
реципиенттерді таңдап алу.
4. Тамақ өнеркәсібінде тағамдық өнімдердің жасанды емес, табиғи түрі
екендігін анықтау,
мысалы, шарап, балық уылдырығының өнімдерін даярлауда т. б.