57
4) Қосымшада ұсынылған үлгіге сүйене отырып, бір өлеңге талдау
жасаңыздар.
5) Төменде келтірілген мысалдан троп түрлерін тауып, анықтаңыздар.
1.«-Үйлерінде
қонақ жоқ, оңаша шығар деп ем. Жаңағы арбаның үстіне тиеп
қойған сақалдарың немене? Бұ қап-қап сақал жиып, базарға сатқалы
отырсыңдар ма? – дегенде, ең алдымен ұзын тістерін ақситып ашып, Дәмежан
сақылдап күлді....» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 9-б.).
6) Төмендегі мысалдар жазушы тілін
байытудың көздері болып
табылатын сөздердің қай тобына жатады?
1. «Дәмежан мүлде басқа. Ол, керісінше, шапшаң, ашық сөйлейді. Адамға
тез қабысатын, жол мен жөнді өзі біліп басқаратын көшелі кісідей. Бұл үйдің
еркегі ері емес, өзі тәрізді...» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 9-б.).
2. «- Құдайым, тегі, жақсыны да, жаманды да
біздің Ырғызбайға берген
ғой...» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 11-б.).
3. «Абай жүрегі қабынып соңғы кезде бір шақта талықсып та кетіп еді.
Өзінің көз алдында қападан, қасіреттен осындай өрт шалғандай күйге түскен
Абайды Павлов әкесіндей аяды». (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 63-б.).
4. «Жазықсыз қылжаққа сәл күлумен қабат Абай көңілі аз ғана селт
еткендей көтеріліп те қалды. Болмаса өз ойындағы үздіксіз мұңға, бүгін тағы
талай
тынышсыз ауыр шерлер, сырларды қайықшы Сейіл қосты. Әбіш
пәтеріндегі жастар ажары мен аз әңгіме жүрек түкпірінде жатқан зіл қара
тастай, салмақты дертті сейілткен жоқ-ты. Абай кеудесінде ол тек аз ғана шаққа
ғана іркіліп тұрғандай болатын... Сол тұнған удай уайымды,
тек жаңағы
Өтегелді күлкісі біраз ғана бүркелей, ұмыттыра тұрғандай боп еді.» (М.Әуезов.
«Абай жолы». 4 – кітап, 50-б.).
5. «Елді жиып: «Уақты шабамын»» деп қол құрап жатыр. Ағама:
«Барымтаға аттанатын ат, сойылы сайлы азаматын әкелсін. Мен барымды
салдым. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», келсін, жиылсын!»
- деп жар
салыпты. Міне, сол Оразбайдың жасағына барамыз!» - деп Әзімбай Әйгерім
ұсынған қымызға жаңа бас қойды.
7) Төмендегі мысалдардан фигура түрлерін тауып, анықтаңыз. Оның
мәтіндегі қызметін түсіндіріңіз.
1. «Осыған қоса, тағы бір үзік арман ойласа,
әке арманы емес, халық
арманына, қараңғыда қамалған ел арманына мегзейді» (М.Әуезов. «Абай
жолы». 4 – кітап, 154-б.).
2. Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай... (Махамбет Өтемісұлы).
8) Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріндегі Исатай бейнесін сомдауда
автор қолданған метафораларды теріп жазыңыз, олардың қызметін түсіндіріңіз.
Мысалы: Исатай – қазанат.
Достарыңызбен бөлісу: