Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет37/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
1. Қара өлең ұйқасы: ааба 
Жаздым жауап, замандас, - а 
Тілеуі бір балғын жас. - а 
Аманатын жүректе, - б 
Айрылғанша жоғалмас. - а 
 
2. Шұбыртпалы ұйқас: аааа 
Бәрімізге ай ортақ, - а 
Қайырлы болса, бай ортақ, - а 
Жақсы болса, би ортақ, - а 
Көп жасаған көне ортақ. - а 
 
3. Ерікті ұйқас: абвгб 
Бұлттан шыққан айға ұқсап, - а 
Тұр еді Назым нұрланып, - б 
Атлас көйлек үстінде, - в 
Көк арбаға сүйеніп, - г 
Шыбықтай белі бұралып. - б 
4. Кезекті ұйқас: абвб 
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, - а 
Қанатың қатты, мойның бос. - б 
Исатайдан айрылып, - в 
Жалғыздықпен болдым дос. - б 
 
5. Шалыс ұйқас: абаб 
Өсекке салмаңдар, - а 
Ойымды, жарымды. - б
Өлшеуге алмаңдар, - а 
Ойым бек тарылды. - б 
6. Егіз ұйқас: аабб 
Өсіреді күн нұры, көктем сайын жерге гүл. - а 
Мен іздеген сағыныш сарғалдақ боп сенде жүр. - а
Мен бақытсыз әйелмін, жүрегі жас, өңі ескі, - б 
Менің жырым, мұңым да тарихтай көмескі. - б 
 
7. Аралас ұйқас: абвввггдв 
Кебеже қарын кең құрсақ, - а 
Артық туған Абылай, - б 
Көтере көр бұл істі. - в 


61 
Көп Қытайдың жылқысы, - в 
Тұрымтайдай құнысты - в 
Жау жағадан алғанда, - г 
Ит етектен алғанда, - г 
Ер Абылай қорыққан жоқ, - д 
Әншейін еңкейіс бере жылысты. - в 
8. Осы күнгі ерікті ұйқас: абабвгдгжд 
Далама біткен биігім. - а 
Қабіріңді жасырған ба қу жазық? - б 
Мүрдеңе келіп иілдім, - а 
Өр даусыңды іздеп кеудем құлазып. - б 
Сен,в 
Елімнің жапан шөлінде - г 
Ақырай аққан сел едің. - д 
Кегін де, жұрттың шерін де - г
Нажағайлы жырыңмен - ж 
Көк нөсерге бөледің. – д 
?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет