62
даму тарихында әр дәуірде әр түрлі
нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп
келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мене реализм деуге болады.
Әрине, өмір құбылыстарын осы айтылған екі тұрғыдан қарап түсіну, бейнелеу
бір-біріне түгелдей қарама-қайшы нәрсе, олардың
арасында ешбір байланыс,
жалғастық жоқ деп санау қате болар еді. Оның бірі бар жерде, аз ба көп пе,
екіншісі жалғаса жүреді.
Бірақ қай жағы басым болса, негізгі сипаты соған
сәйкес анықталады. Ал басқа көптеген әдеби ағым-бағыттар қалайда осы екі
негізгі әдістің біреуін тірек етеді немесе
оларды басқа бір қырынан
толықтыруға, кейде, тіпті, солармен жарыса басқа бір жанама тәсілдер табуға
тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: