Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Тапсырмалар
 
1) Фединнің «Сөз – әдебиеттің құрылыс материалы» деген сөздерін 
тақырып етіп алып, эссе жазыңыздар. 
2) Нағыз суреткерге тән ерекшеліктер қатарын бүгінгі заман тұрғысынан 
саралап, өз нұсқаңызды ұсыныңыз. 
3) Әдебиеттің таным, тәрбие, эстетика тарапындағы маңыздарына мысал 
жинаңыздар. 
 
 
3 Әдебиеттану ғылымының туу, даму және қалыптасу кезеңдері 


12 
 
Әдебиет туралы ғылымның, дәлірек айтқанда, оның ғылыми 
жұрнақтарының тұңғыш туу тарихы тым әріде жатқаны мәлім.
Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын әдебиет пен өнер 
зерттеуші ғалымдар біздің эрадан бұрынғы ҮІ ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан 
бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Алайда адам баласының көркемдік 
талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Нил 
мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын 
мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған. 
Байырғы вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны көне 
үнді халқының «Ригведа», «Махабхарата», «Рамаяна» жырлары тәрізді әдеби 
ескерткіштері адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен 
көркемсіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен 
надандық туралы талаптары мен талғамдары б.э.б. 3-2 мыңыншы жылдарда 
туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанының дәлелі. 
«Көрмегені жоқ »кісі туралы» дастан – бірінші вавилон династиясы 
тұсында, яғни б.э.б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. 
Поэмада Урук қаласының патшасы Гильгамеш , оның досы Энкиду, олардың 
ерлік істері жырланады. Дастан адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы, 
асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн: 
Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем – маған сын, 
Жауыңмен өзің айқасып өлсең – Адамсың. 
Осы екі жолдың өзінен бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген 
адамдардың абзал һәм асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат – ерлік, 
өрлік, қайсарлық туралы түсінігін, моральдық-этикалық идеясын, эстетикалық 
идеалын байқау қиын емес. 
Инд пен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты б.э.б. ХХ ғасыр
шамасында 1028 гимн шығарып, оларды «Ригведа» атанған он кітапқа 
топтастырды. Гимндердің классикалық қопарылмалы тіліндегі әсем айшық-
өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үнді 
халқында «Ригведаға» дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері 
болғанға ұқсайды. 
«Ригведа» гимндері арқылы қалыптасқанм әдеби дәстүр, эстетикалық 
талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы 
дастандары «Махабхаратаға», одан кейін «Рамаянаға» ұласады. 
«Махабхарата» - керемет көркем ескерткіш; дастанның он тоғыз 
кітабындағы өлең көлемі – 214 000 жол, «Илиада» мен «Одиссеядан» (екекуін 
қосып есептегенде) сегіз есе артық. 
Эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік 
көзқарасы туып, қалыптасқан; сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, 
ережелері белгіленген. Ол заң, ереже бойынша, үнді жазушылары өздерінің 
көркем шығармаларын әрқашан тек «Ригведа» гимндеріндегі, «Мазабхарата» 
және «Рамаяна» дастандарындағы сюжеттер мен образдар негізінде ғана жазуы 
шарт болған. Үнді әдебиетіндегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына 
дайын ведикалық және эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып 


13 
қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса көрсетті. Бұл 
– көне үнді әдебиетінде белгілі дәрежеде логикалық байыптау, творчестволық 
жинақтау, эстетикалық жүйелеу жасалды деген сөз. Ал байыптау, жинақтау, 
жүйелеу атаулының бәрі – теория.
Эллада эстетикасы да бірден қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік 
туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.э.б. ҮІ ғ.) дүниедегі зат 
атаулының түп мәнін санға сайған аңқау аңғарымдарынан басталады. Мысалы, 
олар музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына байланысты 
(ұзындық екі есе қысқарса, дыбыс – октаваға, екіден үшке қысқарса – квинтаға, 
үштен төртке қысқарса – квараға көтеріледі) деп біледі де, музыканың 
математикалық негізі туралы өзгеше бір ілім туғызады. Бұл – идеалистік 
түсінік.
Гераклит Эфесскийдің (б.э.б. 530-470 жж.) толғамдарында диалектикалық 
түсінік жатыр. Гераклиттің ойынша, әдеміліктің негізі – сапа және әдемілік тек 
нақты, затты нәрсеге тән. Алайда, осының өзі шартты: сүйкімді маймылды 
адаммен салыстырсақ, - ажарсыз, жексұрын, ал ең әдемі адамды құдаймен 
салыстырсақ, - маймыл. Осының негізінде ол жақсы-жаманды, ұнамды-
ұнамсызды нақты өз орнында түсіну керектігін . Оның ұғымынша, теңіз суы әрі 
таза, әрі лас: «балық ішеді, адам ішпейді». Әр нәрсенің әдемілігін тануд дәл 
осындай сапалық өлшем болатынын аңғартады. 
Демокрит (б.э.б. 460-370 жж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп 
біледі: «мөлшерінен артық кету де, кем түсу де» оған ұнамаған. Демокрит 
бірінші болып адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастарға айрықша 
назар аударған. Оның ойынша, адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеумен 
тапқан. 
Сократ (б.э.б. 469-399 жж.) әр нәрсенің ажары оның қажетке 
жарамдығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. 
Платон (б.э.б. 427-347 жж.) өзінің «Үлкен Иппий» диалогында
(әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе – 
пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең – қуанасың; 
қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік... Ал ішу, жеу, 
тағы сондай түйсіктер адамды қанша рақаттандырғанымен әдемі емес, әдемі 
емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды «сұлу нәрсе – 
сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құллаққа естілер бөлігі». Платонның сөз өнері 
жайлы философиясы сын көзбен қарауды қажет етеді. 
Аристотель (б.э.б. 384-322 жж.) «Поэтикасы» - өнер туралы тұңғыш 
философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар айтарарлықтай жүйеге 
түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, 
мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. 
Аристотель еңбегінің құндылығы – тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл 
эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында. 
«Поэтика» деген сөз бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество 
немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол сөз өнерінің 
өзі деп түсінген. Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы: 


14 
өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен 
ісін суреттеу деген даналық қағидасы. 
Рим ақыны Квинт Гораций Флакк (б.э.б. 65-8 жж.) «Поэзия ғылымы» 
(алғашқы нұсқасында «Пизондарға хат» деп аталған) деген теориялық 
поэмасында өзінің бүтін бір эстетикалық жүйесін саралап ұсынады. Гораций 
көркем шығарманың композициясына көп көңіл бөлген. Ол шығарманың 
шынайы, сұлу болуын талап етеді. Ақындар алдына дұрыс эстетикалық
көркемдік сапасы жоғары болуға тиіс. Горацийдің жас қаламгерлерге берер 
ақылы – асықпау, жазып сақтап қою, біраз уақыт өткен соң оған қайта оралу
жөндеу, қайта жазу, тағы жөндеу, оқырман жұртқа әбден қапым жоқ дегенде 
ғана ұсыну. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) «Поэзия өнерінің канондары туралы 
трактаты» мен «Поэзия өнері туралы» еңбегі өлең жайлы, ақындық өнер туралы 
аса бағалы байыптаулар болып табылады. Біріншісінде Аристотельдің 
«Поэтикасын» талдап-түсіндіруді мақсат етсе, екіншісі – өлең өлшемдерін 
талдауға, өлеңдегі ырғақ пен буын мәселелерін тексеруге арналған. Осы 
трактаттарда ұлы ғалым өнер атаулының ақиқат өмірден ғана туатынын терең 
білгірлікпен тап басып, дәл түйген. 
Батыс Еуропада әдеби-эстетикалық ілім Қайта өрлеу дәуірінде айрықша 
дамыған. 
Рене 
Декарт 
(1596-1650) 
өзінің 
дүниетанымы 
жағынан 
философиядағы рационализмнің негізін салушы. Ол әдебиет пен өнер 
туындыларындағы әсемдікті олардың бүкіл мазмұн-пішініндегі бүтіндік пен 
бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді. 
Француз классицизмінің ірі теоретигі Никола Буало (1636-1711) Декарт 
рационализмін өзінің эстетикасы мен поэтикасына философиялық негіз етіп 
алды. Буалоның «Поэтикалық өнер» атты эстетикалық трактатын кезінде 
мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде таныды. Буало 
суреткерлерді алдын ала пішілген үлгіден шықпауға, алдын ала белгіленген 
тәртіпті бұзбауға шақырды. Сөйтсе де, Буалоның «шындықтан асқан сұлу жоқ» 
деп, суреткерден тек шындықты ғана суреттеп көрсетуді талап етуі, өлең 
өнеріне өз тұсының көркемдік талғамын белгілеуі – жалпы эстетиканың даму 
тарихындағы үлкен жетістік. 
Ағарту дәуірінің эстетикасын Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен 
көруге болады. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Ол 
шын суреткерге күрес талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты 
уағыздады; эстетикаға реализм ұғымын енгізді. 
Классицизм эстетикасын қатал сынға алғандардың бірі – немістің ұлы 
ағартушысы Готхольд Лессинг (1729-1781) болды. Оның дүниетанымы дін мен 
теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Ол да Дидро сияқты әдебиет пен 
өнерді қалын бұқара арасына алып шығуға күш салды («Лаокоон», «Гамбург 
драматургиясы»). 
Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субъективті-идеалистік 
эстетика. Кант бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік затқа» бөлген. 
Георг Фридрих Гегель (1770-1831) дүниенің түп діңгегі абсолюттік идея, 
абсолюттік рух деп біліп, эстетика мәселелерін өзі жүйелеген триада (тезис-


15 
антитезис-синтез) тұрғысынан байыптады. Оның «Эстетика» атты трактаты 
мазмұн мен пішіннің ара-қатынасына талдау жасаудан туған. Оның 
эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш 
сатысына, яғни үш түріне (символикалық, классикалық, романтикалық) сай 
келеді. 
Сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін жарқырата ашқан орыс 
революционер-демократтары: 
Виссарион Григорьевич Белинский (1811-1848) – данышпан сыншы, 
даңқты философ, езілген шаруалардың мұң-мүддесі мен ой-арманының 
жалынды жаршысы. Еңбектері: «Әдеби арман», «Александр Пушкин», 
«Гогольге хат». 
Александр Иванович Герцен (1812-1870) эстетикасындағы ең өзекті нәрсе 
– сурткерлерді өз дәуірінің үні, өз заманындағы озат идеялардың жаршысы 
болуға шақыруы. Шың мәніндегі көркем шығарма, Герценнің пікірінше, қилы-
қилы халық тағдырынан ғана тумақ, ал «ақын мен суреткер өздерінің шын 
мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық болып қалмақ». 
Чернышевский Николай Гаврилович (1828-1889) – жазушы-философ, 
ғалым-сыншы, орыс революционер-демократтарының көсемі. «Өнердің 
болмысқа эстетикалық қарым-қатысы» атты диссертациялық еңбегінде көркем 
әдебиеттің өмірдегі орнын, мақсаты мен міндетін белгілеп берді. Оның 
пікірінше, өмірдің өзі қандай жан-жақты болса, өнер де сондай жан-жақты 
болуға тиіс. Өнер «өмірдің оқулығы» болуы шарт. Ол үшін өмірдегі кез келген 
ұсақ-түйекті жіпке тізе бермей, жинақтау тәсілі қолдануға тиіс. 
Чернышевскийдің эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі – реализм. 
Оның әдемілікке берген анықтамасы: «...әдемілік – адам, адамдағы әдемілік – 
өмір; адамның бақыты, адам өмірінің рақаты не болса, соның бәрі – адам үшін 
әдемі. Демек, әдемілікті көктен емес, жерден іздеу керек».
Добролюбов Николай Александровичтің (1836-1861) эстетикалық 
еңбектеріндегі өзекті мәселе – әдебиет пен өнердің халықтығы. Добролюбов 
әдебиет халықтық болу үшін әдеби туындыларда ақын «халық рухына 
бөленуге, халықпен бірге өмір сүруге, халықпен бірге адымдап, бірге 
тыныстауға тиіс» екенін түсіндіреді. 
Писарев Дмитрий Иванович (1840-1868) – талантты сыншы. Еңбектері: 
кертартпаларға қарсы күрескен «ХІХ ғасырдың схоластикасы»; әдебиеттегі 
шыншылдық туралы пікірлерін жүйелеген «Реалистер»; көркем шығарманы 
эстетикалық талдаудың үлгісін көрсеткен «Генрих Гейне». 
Толстой Лев Николаевич (1828-1910) - данышпан суреткер, кемеңгер 
философ, ойшыл, қоғам қайраткері. Өнер туындыларының ең негізгі қасиетін 
оның халықтығында деп білді. Толстой өнерді тілмен салыстырады: «Адам 
баласы бір-біріне сөз арқылы ойын танытса, өнер арқылы сезімін дарытады». 
Толстойдың эстетикалық талғам-талаптарын кез келген көркем шығармасынан 
көріп-білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет