23
1) Абай адамда эстетикалық сезімнің
қалыптасуының жолын қалай
көрсетеді? (Қара сөздерінен мысал келтіріңіздер).
2) Өз шығармаларында Абай адам сұлулығын қалай суреттейді? (Қара
сөздерінен мысал келтіріңіздер).
5 Көркем әдебиеттің образдылығы
Образ және образдылық
Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және
образдылық. Әдебиеттің
объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін
ескеру керек. Чернышевский сөз өнерінің «шын мазмұны – тек адам өмірі»
дейді. М. Горький өзінің «Кәсіп туралы кеңесінде»
көркем әдебиетті
«Адамтану» деп атайды.
Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арақауы ғана емес,
өмірді
танудың өзгеше тәсілі деуге болады. Демек, әдебиеттің предметі – адам
дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөінде емес, қалмгердің сол қаһарманды
жасау үстіндегі барлық творчестволық әрекеті туралы болуға тиіс.
Қаламгерге көркем шығарма туғызу үшін бәрінен бұрын материал керек.
Ал материаланын табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын
қазу, қопару, тірі құжаттарды зертеу.
Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты - ойдан шығару.
Ойдан
шығару - образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша
өңдеудің,
қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде
әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес.
Яғни шығармада
суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау
тәсілі.
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарпайым мағынасында образ –
суретті сөз.
Күлімсіреп аспан тұр
Жерге ойлантып әр нені.
(Абай)
Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп
кетеді. Осының бәрін көзбен көріп, сезінетін секілдіміз.
Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет,
образ. Әдебиетті адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол
сөздегі
суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға
қажет өмірлік материалды
жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Достарыңызбен бөлісу: