Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет161/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

экономикалық әл-ауқат және ұлттық байлық деген көрсеткіштер 
тұрғындардың өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің 
жағымды жақтарын, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін 
сипаттай алады.
10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі
ЖІӨ және ҰТ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ақшалай 
көрсеткіштер болғандықтан, олардың көлемі елдегі бағалар деңгейіне 
тәуелді болып табылады. Өндіріс көлемінің шамасын анықтау үшін 
индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейінің қандай екендігін білу 
қажет.
Бағалар индексі – бұл осы жылдағы (ағымдық) тауарлар мен 
қызметтердің белгілі бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы 
мен өткен жылғы (базистік) тауарлар мен қызметтердің сондай 
тобының жиынтық бағасы арасындағы арақатынас.
Осы жылғы бағалар индексі = 
осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен 
жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы × 100%.
Мысалы, 2012 жылы тұтыну қоржынының нарықтық құны 64 
долларға тең; ал өткен 2011 жылы 50 долларға тең болса, онда 2012 
жылғы бағалар индексі мынадай болады:


199
2012 жылғы бағалар индексі = 64 / 50×100% = 128%.
ЖІӨ-нің бағалар индексі. ЖІӨ-нің бағалар индексін ЖІӨ 
дефляторы деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің 
бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемлекеттің 
сатып алатын тауарларының бағаларынан және әлемдік нарықта 
сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан 
құралады. ЖІӨ дефляторы ақшалай нысандағы, яғни атаулы ЖІӨ-
ді бағалардың өзгеруіне байланысты түзетуші көрсеткіш болып 
табылады.
ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі жылдар арасындағы өндіріс 
көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын 
бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе 
төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің 
ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз. 
Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі 
де әсер етеді. Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет