Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет162/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

1. Атаулы ЖІӨ – ағымдағы нарықтық бағалармен есептелетін 
ЖІӨ-нің деңгейі.
2. Нақты ЖІӨ – бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және 
дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен 
есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы төмендегі формуламен 
есептеледі:
ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.
Сәйкесінше:
Нақты ЖІӨ = атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы.
Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64 
долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы – 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға 
тең болады.
Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде 
есептей алады.
Тұтынушылық бағалар индексі. ЖІӨ дефляторынан басқа 
бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды 
көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық 
тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық 
тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын «тұтыну себеті» 


200
(потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі 
болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке 
алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 
300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.
ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан 
көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, 
өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің 
құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну 
себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды.
Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы 
көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да, 
ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз 
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет