Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет231/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Факторинг – бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат 
арқылы коммерциялық операциялар жүргізу. Бұл жерде банк 
фирманың «дебиторлық есеп-шотын» қолма-қол ақшаға сатып алады, 
кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін нақты 
сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.
Фарфейтинг – қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді 
факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды.
Несиенің, несиелік қатынастардың және несиелік механизмнің 
негізінде несиелік жүйе – банктер пайда болды. «Банк» ұғымы 
итальян сөзінен аударғанда «орындық» деген мағынаны білдіреді.
Банк – уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып, 
оларды үстеме пайыз арқылы орналастырумен айналысатын 
экономикалық институт. Банктің ресурстары ішкі ресурстар, сыртқы 
ресурстар және эмитенттік ресурстар болып бөлінеді. Ішкі қаржылар-
ға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда 
жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігін сырттан тартылған 
салымдар немесе депозиттер құрайды.
Банк жүйесі – бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде 
орын алатын бір-бірімен өзара байланысқан әртүрлі банк түрлерінің 
жиынтығы.
Нарықтық экономикасы дамыған әлемнің барлық елдерінде, 
сондай-ақ Қазақстанда Орталық банк және коммерциялық банктер 
түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан.
Орталық банк. Орталық банк екі жақты жағдайымен сипатта-
лады. Бірінші жағынан, оның қызметі мемлекетпен реттеледі, ал 
екінші жағынан, ақша-несие саясатын жүргізуде дербестілікке және 
тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктің негізгі қызметтеріне
- банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген 
монополиялық құқығы, тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі;
- коммерциялық банктердің минималды резервтерін шоғыр-
ландыруы, оларға несиелік қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің 
қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- экономиканы ақша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу;
- үкіметтің бос ақша ресурстарын депозиттер түрінде сақтау, 
үкіметті несиелеуде және төлемдер жүргізуде делдалдық қызмет 
атқару жатады.
ХVII ғасырда құрылған Англияның банкісін ең алғашқы пайда 
болған орталық банк деп санайды. Осы банктің құрылу тәжірибесін 


287
дамыған елдердің барлық орталық банктері алып отыр, бірақ әрбір 
елде орталық банктің өзіндік ұлттық ерекшеліктері де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет