Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет288/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Ынталандырушы фискалдық саясат – мемлекеттік шығын дар-
ды арт-тыру және салықтарды қысқарту есебінен үкіметтің жиынтық 


353
сұранысты көтеруге және экономикалық белсенділікті арттыруға 
бағытталған саналы іс-шаралары.
Экономикадан «жылыстау» - «табыстар-шығындар» ағынынан 
немесе экономикалық айналымнан жинақтар, салықтар және импорт 
түріндегі қаржылардың кетуі.
Экономикаға «қуат беру» – «табыстар-шығындар» ағынына 
немесе экономикалық айналымға инвестициялар, мемлекеттік 
шығындар, экспорт түрінде құйылатын қосымша қаржылар. 
Экономикалық интеграция – елдер арасындағы сауда тосқауыл-
дарын жою, жалпыға ортақ үлкен нарықты құру үшін әлемнің әртүрлі 
елдерінің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі және ынтымақ тас-
тығы.
Экономикалық өсу – нақты жалпы ішкі өнім көлемінің сан 
жағынан көбеюі мен сапалық жетілдірілуі немесе өндірілген нақты 
өнім көлемінің жан басына шаққанда өсуі; экономикада қолданылатын 
өндіріс факторларын ұлғайтудың және техника мен технологияны 
жетілдірудің нәтижесінде өндірістік қуаттылықтың артуы.
Экономикалық пайда – фирманың жалпы табыстары мен 
экономикалық шығындары арасындағы айырма; «таза пайда» және 
«үстеме пайда» ұғымдарының синонимдері.
Экономикалық рента – ұсынысы тұрақты және абсолютті икемсіз 
болып табылатын жерді және басқа да табиғи ресурстарды қолдан-
ғаны үшін төленетін баға.
Экономикалық саясат – экономикада қажетті нәтижелерге қол 
жеткізуді мақсат етіп қоятын және жағымсыз құбылыстардың орын 
алуын болдырмауға қатысты саясатты қалыптастыру.
Экономикалық талдау – экономикалық ақиқаттылықтың нақты 
деректерінен экономикалық заңдылықтарды анықтау.
Экономикалық тиімділік – ресурстардың ең аз шығынымен 
тауарлар мен қызметтер өндірісінің ең үлкен көлеміне қол жеткізу; 
өнім өндіру барысында алынатын нәтижелердің сол өнімді өндіруге 
кететін шығындарға қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет