73
Аталған алтын стандарт жүйесі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін
әрекет етті. Ал қазіргі кезде елдің алтын резервтері шетелдегі валюта
биржаларындағы ұлттық валютаның құнын сақтау үшін керек.
Кез келген дамыған елде бүгінде
ақша айналымы купюра,
монеталармен ғана емес, банк есебіндегі құралдар арқылы да көрінеді.
Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе олар арқылы қолма-
қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады.
Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты,
ақша бүгінгі күні
тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық
құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын
абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары
деп саналады. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады.
Олай болса, ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын
оның атқаратын қызметтерінен көруге болады.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның
бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады,
нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай
көрінісін бағалар деп
атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар
құнынан ауытқып отыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: