Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық



Pdf көрінісі
бет56/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық – табиғаттың 
дайын игіліктері адам еңбегімен жасалған бірқатар «экономикалық 
игіліктермен» толықтырылып отыратын, тұтынудың минималды 
деңгейіне кепілдік беретін және өндіріс терімшілік пен аң 
аулаушылықты біртіндеп ығыстыратын шаруашылық. Мұндай 
шаруашылыққа от жағу, ысқылау, тасты қайрау, аралау, бұрғылау 
сияқты және басқа да әдістерді қолдану, еңбек құралдарының жаңа, 
аса күрделі түрлері тән болды. Ұдайы өндірушілік шаруашылық 
адамның табиғат күшіне деген тәуелділігін төмендетіп, материалдық 
игіліктердің үнемі жаңарып отыруына жағдай жасады.
2) Тауарлы шаруашылық – өнімдердің жеке тұтыну үшін 
емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын 
шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі 
сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы; 
- қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
- тауарлар айырбасының орын алуы;
- еңбектің мамандандырылуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық 
байланыстардың орын алуы;
- еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және 
содан кейін тұтынылады.
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік 
және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық 
құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала 
бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан 
бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі 
артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың 
арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің 
дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі 
және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда 
болуына жол ашты.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай 
әсер етті:


70
1. Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің 
мамандандырылуы.
2. Жеке меншіктің пайда болуы.
3. Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы.
Сондықтан қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін 
бәсекелестік пен жеке меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы 
шаруашылығының негізінде ғана дами түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет