Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет58/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – өндірістің қалыпты 
жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының 
орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт. Бұл 
уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық 
қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің 
әсерінен тұрақты түрде өзгеріп отырады. Уақыт бірлігіне шаққандағы 
өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды және ол
Е
ө
 (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт)
формусыламен анықталады.
Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс 
күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет. 
Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы 
өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді. Еңбек қарқын-
дылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындары-
мен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған 
байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен 
және жеке жұмыс уақытымен анықталмайды, ол қоғамға қажетті 
орташа жұмыс уақытымен анықталады. Осыны құн заңы деп атайды.
Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі 
болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу 
үдерісінде көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің 
мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып алу 
заң ретінде күшіне енеді. 
4.3. Ақшаның мәні, болу тарихы, түрлері, қызметтері және 
әртүрлі теориялары
Тауарлы шаруашылықтың дамуы ақшаның пайда болуына 
мүмкіндік берді. Алайда, оның пайда болуы туралы әлі ортақ шешім 
жоқ. 
Ұзақ жылдар бойы ақша символының қызметін сол кездерде тапшы 
және құнды болып табылатын тауарлар – мал, аң терісі, шай, темекі, 
балық, күріш және т.б. атқарды. Аймақаралық және халықаралық 
байланыстардың біртіндеп кеңеюіне байланысты адам баласы 
ақша ретінде алтын мен күміс сияқты бағалы металлдарды қолдана 
бастады. Өйткені олар тасымалдауға жеңіл және сақтауға қолайлы 
болып табылады. Алтын мен күміс монеталардың параллельді түрде 
айналыста жүруі биметализм, ал жалғыз металлдың айналыста болуы 
монометализм деп аталады. 


72
Әдетте, екі металл арасындағы құндық арақатынас мемлекет 
арқылы реттеліп отырды. ХІХ ғасырға дейін әрекет еткен мұндай 
жүйенің кемшілігі болып алтын мен күмістің нарықтық құны мен 
белгіленген құны арасындағы сәйкессіздіктің орын алуы табылды. 
Бұл салыстырмалы түрде қымбатырақ монетаның айналыстан шығып 
қалуына алып келді. Екі металлдың бірі екіншісінен арзанырақ 
болды және арзан металл екіншісін ығыстырып шығарады. Мысалы, 
алтынмен салыстырғанда күмістің құнсыздануы алтын монетаны 
тауарға айырбастаудың тиімсіздігіне әкелді.
Тауар айналымының өсуі жаңа ақшалардың пайда болуын қажет 
етті. Сөйтіп, тауар өндірісі мен айырбастың дамуы ақшаның да 
дамуына алып келді. Бастапқыда банкнота шығарушы банктер 
банкноталарды алтынға айырбастау міндеттемесін өз мойындарына 
алған. Бұл қағаз ақшаларға деген сенімділікті тудырды және ақша 
айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етті. Қағаз ақшалар алғаш 
рет ХІІ ғасырда Қытайда пайда болды.
Монометаллизм жалғыз ғана металл айналым құралы қызметін 
атқаратын ақша жүйесі болып табылады. Бұл жағдайда сол металлға 
айырбасталатын басқа металлдардан жасалған монеталар да 
айналыста жүреді. Монометаллизм айналыстағы қандай металлдың 
негізгі болып табылуына байланысты күміс монометаллизм («күміс 
стандарт») және алтын монометаллизм («алтын стандарт») болып 
бөлінеді. «Алтын стандарт» алтын монометаллизмнің классикалық 
нышаны болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет